Альпинарийға күтім жасау . Альпі шоқысын құрып
алғаннан кейін ол өз әдемілігін сақтап қалсын десеңіз оған жақсы
күтім жасаған жөн. Күтім яғни су құю, қосыту және мульчалау
болып табылады.
Су құюды өсіп келе жатқан өсімдіктердің вегетативті даму
кезінде жүргізген жөн. Бұл жұмысқа кіріспес үшін алдымен қай
өсімдік су сүйгіш қайсысы құрғаққа төзімді екенін біліп алған
жөн. Су құюға арнайы график құрып климаттық жағдайға
қараған жөн.
Альпинарий күзде өзіне күтімді көп қажет етеді. Түскен
жапырақтардан тазалап, өсіп кеткен ағаш бұталарды кесіп кейбір
өсімдіктерді жылылау қажет. Көктем кезінде осы жұмыстарға
топырақты қопсыту қосылады және зиянкестерді жоямыз.