Ландшафтық дизайн


Көгалға арналған қоспа шөптер



Pdf көрінісі
бет68/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92
Көгалға арналған қоспа шөптер 
 
Көгалға арналған шөптерді негізгі екі түрлерге бөлуге 
болады: бір түрлі және аралас (әр түрлі). Бір түрлі қоспа шөптер 
шым түзуші бір сұрыпты дақылдардан құралады. Аралас қоспа 
шөптер өсімдіктің екі немесе оданда көп сұрыпты шөптерден 
құралады. Қоспалы көгалды шабындық шөптер қоспа шөптер 
және қоспа сұрыптар болып екіге бөлінеді. Қоспа сұрыптар бір 
ғана сұрып түрінен, ал қоспа шөптер әр түрлі дақылдардан 
тұрады. Негізінен көгалды бір ғана шөп түрінен 
(бозат,суоты,қоңырбас және т.б.) жасау ұсынылмайды,себебі 
белгілі бір климаттық немесе эдафикалық факторлар бұл өсімдік 
түріне кері әсерін тигізсе көгалдың барлығы өспей қалады. 
Қоспаның түрі (партерлік,декоротивтік,спорттық) ең алдымен 
оның қандай мақсатта қажет екенін және жоспарланған салмаққа 
(нагрузка) байланысты болады.Ұзақ мерзімді көгал өсіру үшін 
бірін бірі толықтыоып отыратын 3-6 түрлі және сұрыпты шөптер 
отырғызу қажет. 
Тәжірбиеге сүйенсек кәдімгі көгалдарға қоспа шөптерді сол 
жердің топырақ – климаттық жағдайларына бейімделген 2-3 
дақыл түрлерінен өсірген дұрыс. 
Қоспаның құрамына өсуі және дамуы әр түрлі шөптер 
алынады. Бір ғана шөп түрінен тұратын қоспаға қарағанда 3-5 
түрлі өсімдіктен тұратын қоспа тез бейімделіп және жақсы өседі.
Көгалды құрайтын шөптер көпжылдық және де келесідей 
талаптарға сай болуы тиіс: 
1.
Шабуға төзімді болуы; 
2.
Баяу өсуі; 
3.
Қалың және тығыз шымдауытты түзеуі 
4.
Сол жердегі климаттық жағдайларды жақсы көтеру 
5.
Әрқашан декоротивті болу,яғни әдемі және сәнді болуы 
қажет. 
Мұндай өсімдікті табу қиын, сондықтанда қоспа шөптер 


өсіріліеді онда әр өсімдік бір бірін толықтырып отырады. Таңдап 
алған кезде оларды арналғанына қарай топтарғат жіктейді. 
Қазіргі 
уақытта 
сатылымда 
партерлі 
көгалға,кадімгі 
көгалға,спорттық көгалға,көлеңкеге төзімді көгалға арналған 
қоспа көгалдық шөптер бар. Сонымен қатар мовритпндық 
көгалдарға арналған қоспаларда бар. 
Қоспалар құрамына әдетте келесі шөптер кіреді:қызыл бозат 
(овсяница красная),қой бозаты (овсяница овечья), қамысты бозат 
(овсяница тростниковая), жіңішке суоты (полевица тонкая), 
шалғындық қоңырбас (мятлик луговой),жайылымдық райграс 
(райграс пастбищный). 
Олар өте талғампаз емес, суыққа және құрғақшылыққа 
төзімділігі жоғары,ауру туғызушылармен зиянкестерге белсенді 
қарсы тұрады.
Себу арқылы қоспалы көгал өсіру үшін 30% кем емес 
шалғынық қоңырбас, 30% қызыл бозат және 40% жайылымдық 
райграстан тұруы қажет. 
Көгалдағы өсімдіктердің негізгі бөлігі қышқылдығы аз топырақ 
ортасында (pH 6,0-6,5 максималды ауытқуы 5,5-7,5),ылғалғалмен 
жақсы қамтылған және минералдық элементтері жеткілікті 
болған жағдайда жақсы өсіп жетіледі. Осыған негізделеотырып 
көгал 
шөптеріне 
арналған 
физиологиялық 
қышқыл 
тыңайтқыштар (мысалы,сульфат аммония),олар көгал шөптерінің 
өсуін қамтамассыз ете отырып бір уақытта арам шөптердің 
шығуын тежейді.
Шалғындық қоңырбас,шалғындық бозат, жайылымдық 
райграс секіолді көгал шөптері қышқылдылығы аз,бейтарап және 
аз сілтілі топырақта,ал қышқылды топырақта қой бозоты жақсы 
өседі. 
Көгалды өсіруге арналған шөптерді таңдағанда ең алдымен 
арам шөптермен тиісті дәрежеде бәсекелесе алатын өсімдіктер 
таңдап алынады. Шалғындық қоңырбас және қызыл бозоттың 
арнайы сұрыптары арам шөптерді шеттетеді (вытесняют). 
Қоспадағы әр шөп өзінің өсуіне қолайлы алаңдарда 
басымдырақ болады. Шалғындық шөптерге жайылымдық райграс 
немесе бір жылдық райграсты тек екі жағдайда ғана қолдануға 
болады: біріншіден,тез арада жасыл көгал өсіру үшін; 
екіншіден,эрозонды-қатерлі топырақты бекіту үшін. Бұл түрлер 
жақсы өседі,алайда,көп мөлшерде себілген жағдайда алғашқы 


жылы фитоценитикалық басымдылық көрсетеді. 
Көп жағдайда жайылымдық райграстың орнына шалғындық 
тимофеевті өсірген жөн,себебі, ол алғашқы бірінші және екінші 
жылдары қорғаныштық жасыл көгал түзеді. Сонымен қатар 
фитоценитикалық басымдылық көрсетпейди және топырақтың 
қышқылдығын азайтады,кейннен басқа шөптесін өсімдіктер 
(қызыл бозат,суоты және қоңырбас) оны шеттетеді. 
Қазіргі уақытта көпжылдық райграстың бірнеше сұрпы 
шығарылған,айырмашылығы биіктігі төмендеу және өте жіңішке 
жапырақтарымен ерекшеленеді.
Партерлі газонға арналған қоспа шөп. Егерде партерлі көгал 
қажет 
болса,онда 
қоспаның 
құрамына 
екі 
компонент 
қажет:шалғынық суоттың тұқымы және қызыл бозот,қатынасы 
8:2. 
Партерлі газонға жақсы шымдауыт түзетін және шабқанан 
кейін тез өсетін дақылды шөптерді қолданған жөн. Олар 
таптауға,суыққа және құрғақшылыққа төзімді. шалғындық 
қоңырбас,қызыл бозат,ақ суоты,кәдімгі суоты,жайылымдық 
секілді шөптесіен өсімдіктер осы қасиеттерімен ерекшеленеді. 
Жоғарғы сапалы декоротивті көгалдар үшін әмбебап қоспа 
шөптер жақсы көрсеткіштер көрсетті: шалғындық бозат «ВИК-5» 
- 30% + қызыл бозат «Шилис» - 30% + шалғындық қоңырбас 
«Собра» - 30% + жайылымдық райграс «ВИК-66» - 5% + суоты 
«Кроми» -5% немесе шалғындық бозат «ВИК-5» -50% + қызыл 
бозат «Шилис» -50%. Сонымен қатар келесідей қоспа шөптерді 
қолдануға болады: шалғындық бозат «ВИК-5» -30%. 
Партерлі көгал гүлзардың негізгі бөлігі болып табылды. 
Партерлі көгал жоғарғы сапалы – ол бархатты,бір түсті,жұмсақ 
және тығыз болуы тиіс. 
Бақтарда,сквер,орталық алаңдарда,монументтер жанында 
және т.б. жерлерде шымдауыттардың бір түсті болуы керек. 
Партерлі көгалға бір текті болу үшін бір біріне өсу 
жылдамдығы құрылымы,ұқсас шөптерді қолданады. Алайда 
жоғарыда айтылған талаптарға сай келетін екі дақылды табу 
қиын. 
Партерлі көгалға әр түрлі үйлесімділікте шалғындық 
қоңырбастың сұрыптарын қолданады. Жақсы күтілген жағдайда 
бұл көгал жұмсақ,бірдей әрі қою жасыл түсті болып өседі. 
Көлеңкеге төзімді партерлі көгал өсіру үшін қызыл 


бозаттан,қызыл және шалғындық қоңырбастан тұратын қоспа 
болады. Қышқыл топырақтарда – қызыл бозат,суоты және ақ беде 
(клевер,жоңышқа). 
Жоғарғы сапалы партерлі көгалдарға арналған қоспаның 
құрамына: жіңішке жапырақты қоңырбас – 40% + шалғындық 
қоңырбас - 30% + қызыл бозат – 30%. Партерлі көгалдарда әр 
түрлі топырақтарға арналған қоспа құрамы: жіңішке жапырақты 
қоңырбас - 50% + қызыл бозат - 50%. Құнарлығы төмен 
құмдауық топырақтарға арналған қоспа: қызыл бозат - 60% + 
шалғындық қоңырбас - 30% + жайылымдық райграс - 10%. 
Бақ-саябақка және кәдімгі көгалдарға арналған қоспа 
шөптер. Бақ-саябақка және кәдімгі көгалдар деп біз 
бақтардағы,сквер,саябақтардағы шөп жамылғысын айтамыз. 
Әдетте оларды 3 – 5 түрлі көпжылдық дақылдық 
шөптерден,кейде көпжылыдық бұршақ шөптерді – көбінде
жорғалаушы беде. 
Бақ-саябақ көгалы көпжылдылық,көлеңкеге,құрақшылыққа 
және механикалық жарақаттарға төзімділік қасиеттеріне ие 
болуы қажет. Мұндағы көгал біртегіс болуы қажет,сондықтанда 
кесу көп жүргізіледі. Кеінші классты декоротивті көгалдар: 
кәдімгі қоңырбас,орман қоңырбасы,қой бозаты,жайылымдық 
айграс және т.б.
Кәдімгі көгалға арналған қоспа құрамы: қызыл бозат – 40% 
+ шалғындық қоңырбас - 30% + жайылымдық райграс - 30%
немесе шалғындық бозат - 50% + шалғындық қоңырбас - 25% +ақ 
суоты - 25%. Бұл қоспа шөптер күрделі жер бедеріндеде өседі. 
Күн көзі түсетін ашық алаңқайларда келесідей қоспаны 
қолданған жөн: кәдімгі суоты – 70% + кәдімгі грабенник - 30%. 
Қоршау бойында немесе төменгі жақтарда: шалғындық қоңырбас 
– 70% + қызыл бозот - 30%
Кәдімгі көгалдарға келесідей қоспаны қолдануға болады: 
көпжылдық райграс - 30% + шалғындық тимофеевка - 10% + 
шалғындық қоңырбас - 20% + өзгерген қызыл бозот - 30% + 
жіңішке суоты - 10%. Сапалырақ қоспа: шалғындық қоңырбас – 
40%+ қызыл бозот - 20% + өзгерген қызыл бозот - 30% + жіңішке 
суоты - 10% . 
Спорттық көгалдарға ерекше төзімді,берік шымдауытты 
шөптер қажет. Мұндай көгаалдарға келесідей шөптерді қолдануға 
кеңес беріледі: жайылымдық рейграс және шалғындық қоңырбас. 


Олар күнделікті күтімді қажет етеді. 
Спорттық және балалар алаңдарына арналған қоспалар: 
жайылымдық райграс - 50%+ шалғындық қоңырбас - 25%+ақ 
суоты - 25% немесе жайылымдық райграс - 40%+ қызыл бозот – 
30% + шалғындық қоңырбас - 30%. 
Таптауға төзімді спорттық көгал құнарлы топырақта 
келесідей қоспаны қажет етеді: шалғындық қоңырбас – 66.5% 
+қызыл бозот - 27% +ақ беде - 6.5%. Таптауға төзімді ашық 
алаңқайлардағы көгал,құнарлығы төмен топырақта келесідей 
қоспаны қажет етеді: қой бозоты – 31% +қызыл бозот – 31% + 
шалғындық қоңырбас – 31% + ақ беде – 7%.
Көлеңкелі 
жерлеоге 
арналған 
көгалдар.
Ағаштар,бұталар,ғимараттар көгалдың жарықтануына және жылу 
режиміне әсер етеді. 
Таптауға,көлеңкеге төзімді декоротивті көгалдың қоспасы: 
қызыл бозот – 61.5% + шалғындық қоңырбас – 15.5% + кәдімгі 
суоты – 15.5% +ақ беде – 7.5%. 
Үйдің, ағаштардың, бұтлардың көлеңкелі бөлігіне себуге 
кеңес берілетін қоспа «Тень»: қызыл бозот «Медин» - 33% + 
қызыл бозот «Наполи» - 33% + қой бозоты «Памела» - 10%. 
Ылғалдылығы жоғары батпақты жерлерге арналған қоспа. 
Ылғалдылығы жоғары батпақты топыраққа, көлеңкелі жерлерге 
арналған қоспа: шалғындық бозот – 30% + батпақты қоңырбас – 
30% + орман қоңырбасы – 30% + суоты- - 10% .
Еңістікті 
жолдарда 
немесе 
арнайы 
алаңқайларда 
зақымдалған көгалдарға «Спринтер» қолданған жөн: жайлымдық 
райграс «Тайя» - 50 % + қызыл бозот «Наполи» - 20 % + 
шалғындық қоңырбас «Балин» - 20 %.
Техногендды грунттарды рекультивациялауға арналған қоспа 
шөп. Техногендды грунттарды әсерлі рекультивациялауға 
арналған қоспа шөптер:фестололиум - 37.5 % + қызыл бозот 
«Шилис» - 37.5 % + шалғындық бозот «ВИК-5» - 6 % + 
шалғындық тимофеевка «Ленинградская – 204»- 19 %. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет