-
1,0 х 1,0 х 0,6м немесе Д=1,0м, h=0,6м - 40литр;
-
1,3 х 1,3 х 0,6м - 50литр;
-
1,5 х 1,5 х 0,65м - 70литр;
Стимуляторларды көктемде тамыр жүйесінің регенерация
процесі алдында енгізген жөн. Стимулятор қоспасы ағашты
суарған кейін, тамыр жүйесі орналасқан барлық аумақты
қамтитындай
етіп,
дің
түбіне
құямыз.
Топырағымен
отырғызылған көшеттерге қоспа топырақ шетіндегі кесілген
тамырларға жететіндей етіп құямыз. Бұл үшін топырақ шетін
терең емес қазып, қоспа сол жерге құйылады. Ерітінді топыраққа
сіңген соң, топырақ бетін құрғақ шымтезекпен араластырып
қопсытамыз.
Келесі өңдеуді 5-6 күнен соң жүргіземіз. Бұл өңдеуді әсіресе
әлсіреген өсімдіктерге міндетті түрде жүргізу қажет. Ол көбіне
вегетациялық кезеңнің басында, жапырақтың жағдайына қарай
анықталады.
Вегетацияның бірінші кезеңінде, өсімдікке ең басты
қажеттісі жүйелі түрде суару жұмысы. Бір вегетациялық кезеңде
өсімдікті 7-10 рет суару керек.
Достарыңызбен бөлісу: