Ландшафтық дизайн


Әдемі гүлдейтін өсімдіктердің гүлінің түсімен гүлдеу мерзімі



Pdf көрінісі
бет66/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92
 
Әдемі гүлдейтін өсімдіктердің гүлінің түсімен гүлдеу мерзімі 
 
Өсімдік аты Гүлдердің 
түсі 
Гүлдеу айы 
III 
IV V 
VI 
VII VIII IX X 
Агапантус 
Адонис
Айва
Аквилегия
Аконит
Анемона
Астра
Астрагал
Барбарис
Вереск
Вишня
Гвоздика
Герань
Гипсофила
Горец
Девясил
Дельфиниум
Ирис
Камнеломка
Кизильник
Клематис
Колокольчик
Крокус
Лен
Лилия
Лобелия


Магония
Мак
Мускари
Незабудка
Очиток
Подсежник
Примула
Рододендрон
Тюльпан
Фиалка
Флокс
Хоста
Хризантема
Цикламен
Шалфей
Эдельвейс
Яснотка
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


V тарау 
Көгал шөп өсіру 
 
Көгалдың тарихына кіріспе және оның жіктелуі 
Көгал

газон
(франц. gazon – гүл алаңы) – біркелкі етіп тегіс 
жерге өсірілген, шөбі қысқа, шырпылған көп жылдық өсімдіктер 
алаңы. Көгалдың бірнеше түрі ажыратылады: 
фонтан
 мен 
мүсіндерді көркемдеп, әсемдік үшін отырғызылған, ағаш пен гүл 
айналасында өсірілетін партерлік Көгал, саябақтар мен көше 
жағалауларында өсірілетін саябақтық Көгал, стадиондарда 
өсірілетін спорттық көгал, астық тұқымдасына жататын және 
әдемі гүл жаратын бір жылдық өсімдіктерден (
гүлкекіре

көкнәр

т.б.) өсірілетін 
мавритан
 Көгалы түрлері бар. Көгал жасайтын 
жерді алдын ала тастан, 
арамшөп
 тамырынан тазартып тегістейді 
де, 
терең 
етіп 
(30 
см) 
жыртады. 
Органикалық
 және 
минералдықтыңайтқыштар
 шашыла
ды. Топырағы сазды жерге құм, құмды жерге саз топырақ қосады, 
оның бетіне қалыңдығы 10 – 15 см-дей құнарлы топырақта өседі. 
Көгалға, 
әдетте, 
дәндіжәнебұршақтұқымдасшөптер: 
қоңырбас

бетеге

сиыржоңы
шқа

бидайық

беде

тарғақшөп

суоты

райграс

т.б. 
егіледі. 
Көгалғаарналғаншөптердіңдайынқоспалары да сатылады. Көгал 
(мавритан көгалынан басқасы) шөбін ұдайы шауып, шабылған 
шөпті жинап алады, жақсылап суарып, отап, оған тыңайтқыш 
сеуіп отыру керек, сондай-ақ қыстың басында көгалға ағаш күлі 
мен араластырылған майлы компост (2 – 3 см етіп) жайып тастау 
қажет, бұл көгалды 
мүк
 басып кетуден сақтайды. 
Тарихи жазбаларда көгалдар жайлы көп мәліметтер кездеседі. 
XIV және XVI ғасыр аралығында көгалдың суреті еуропалық 
жазбалардың арасында табылған. Көгал болған жерді арам 
шөптерден тарзартып, ыстық сумен суарған. Содан кейін 
тазартылған жерге қиылған шымды отырғызған. 
Орта ғасырларда Англиядағы өмір аса мейірімді болмаған 
еді, сондықтан бақ өнеріне аса көңіл бөлінбеген. Ал Франция мен 
Италияның көгалдарымен салыстырғанда, көгалдардың бет 
әлпеті аса көркем емес, гүлдердің реңі ашық емес. Ағылшын 
көзалдары қамалдардың қабырғасында пайда болды. Алдында
көгал кішкентай өріс ретінде болған, онда рыцарлармен 


олардың бикештері серуендейтін болған. Содан кейін шыммен 
қамтылған орындықтар мен ойынға арналған төртбұрышты 
шаршы жерлер жоспарланған. Сәнді және спорт көгадарын 
алдын ала айыра білген. Қазіргі көгалдың бастауы
моностырдағы бақтардан алады. 
1924 жылы бұндай зерттеулер Еуропада жүргізіле бастады. 
Британияның патшалық гольф одағы шым түзуші өсімдіктер 
жайлы зерттеу бастасын деген ұсыныс білдірді, содан кейін 1929 
жылы Белгияда зерттеу зертханасы бой көтерді. Ал 1951 жылы 
аталған зертхана Спорт көгалы Институтына айналды.
Көгалдарға күтіп кесу жұмыстары. Тұқымдар дайындау, 
химиялық препараттар қолдану және керекті құрал жабдықтарды 
қолдануды қазіргі таңда ғалымдар зерттеу барысында. Соңғы 
жылдары арамшқптермен күресу үшін, көгал түзуге арналған 
құрылғылар пайда болуда. 
Британды көгалдар басқа көгалдардан 2 себептен 
ерекшеленеді. Климаттың жіңішке жапырақты өсімдіктерді 
өсіруге қолайлы болуына байланысты, оны аралдың барлық 
жерінде өсіруге болады. Қыста бұл өсімдік кеәпән жоғалтпайды. 
Ал 2-ден көгалды қысқа етіп қияды, ол көгалға қысқы түкті кілем 
ретінде қарауға мүмкіндік береді.
Партерді парк, сквер, алаңдардың, қоғамдық ғимараттардың 
алдында орналастырады. Ол көгалдрдан, декоративті-жапырақты 
және гүлді өсімдіктерден, жол жиектерден, кіші архитектуралы 
формалардан 
тұрады. 
Партердің 
көріктілігі 
оның 
композициясымен ғана анықталмайды, сонымен қатар оның 
қоршаған ландшафтпен үйлесімділігімен анықталады.
Партер жүйесінде басты бөлікті көгал алады, бірақ 
партердің көркемділігі көбінесе гүлзарларға байланысты. Әдетте, 
көгалдарда көлемі және құрамы әр түрлі бір немесе бірнеше гүлді 
клумбаларды орналастырады. Партердің орталық бөлігінде 
бассейн немесе фонтан орнатуға болады. Партерлер арқылы 
жолдар, жолжиектер,аллеялар өтуі мүмкін.
Партердің көлемі мен ішіні көгалдандыратын объектінің 
ауданына 
байланысты 
болады.Партерлер 
архитектуралық
бақшалық ансамблде қосымша элемент болып табылады. 
Олардың қоршаған ландшафтпен үйлесілімдігі көбінесе 
ұйымдастырушы адамға байланысты болады.


 Спорт көгалы шағындығы көгалға өте ұқсас келеді. Осындай 
көгалдарды жасаған кезде тегістеуге төзімді шөптесіндерді 
қолданады. Мысалға, үйбидайыктардың көпжылдық, бозот 
қызыл, суот ақ, үйбидайық өріс, жыңғылбас және (5...10 %) 
өрмелегіш калампыр қосады. Мавританды көгалдың түзілуі 
отандық тәжірибеде өте сирек кездеседі, сондықтанда оның 
құрастырылуы жайлы мәлімет аз. 
Мавританды көгалдар – ол барлық жаз мезгілі бойы ісем 
гүлдермен, поғанмен жасық далалармен көзге түседі. Оларды 
сабағы жіңішке көпжылдық шөптерсіндерден және әсем 
гүлдейтін біржылдық гүлді өсімдіктерден түзеді. Негізгі фон 
ретінде – аласа өсімдіктер (үйбидайық , бозот, суот ақ және 
нышанасыз). Ағылшын мамандардың ұсынысы бойынша 
шөптесіндердің арасында суот және бозот басым болу керек . 
Өсімдіктердің құрамына көбінесе 10-15 аласа әсем өсетін 
гүлдерді қолданады, ол - ешкі мия, зығыр қызыл және көгілдір, 1-
жылдық көкнәр, ботакөздер, кларкия, тегеурінгүл, қалампыр 
қытайлық, 
эшшольция, 
гипсофилдың, 
иберис, 
нигелла, 
тырнақгүл, 1 жылдық бақытгүл, линария, беде шалғындық
ботагөздер, шалғындық түймедағы және т.б. әдетте 1-жылдық 
жасқы өсетін гүлдерде көп көңіл бөледі. Көгалдың құрамынды 
сем өсетін шөптесіндер тек 20 % болу керек. 1 м
2
шаршы жерге 
алдын ала дайындылғын 10 г тұқымды себеді. Мавританды 
көгалдарға күтім жұмыстар жасаған кезде ерекше қиюына көңіл 
бөледі. 
Көпжылдық әсем гүлдейтін көгалмен мавриданды көгалды
алмастыруға болады, ол сапасы жағынан кем емес, ал кейбір 
жағдайда одан да асып түседі. Соған қарамастан көпжылдық 
көгал технологиясы жағынан ұтымды. Қарапайым көгалдың 
фонына көпжылдық гүлдейтін, қысқы төзімді өсімдіктер 
қолданады, мысалға: супияз, наурызгүл, мускари, қызғалдақ, 
нәркес, аквилегия, қоңырау, итқызғалдақ күншығыс, маргаритка, 
түймедақ және т.б, 
Көгалдардың ерекше түрі болып топырақ бетін жабатын 
көгал деп айтуға болады, оны кілем ретінде сипаттауға болады. 
Оны түзген кезде көбінесе көпжылдық, төселіп өсетін 
өсімдіктерді қолданылады. Осындай көгалдың түрі аса 
күтімдерді қажет етпейді. Ол бақтың декоративті бөлшегі болып 
саналады. Көгалды түзген кезде қолданылатын негізгі 


өсімдіктердің түрі: жебіршөп, мүк, аршалар, хоста, пахизандра, 
барвинок, шайқурай, вереск, бозкілемдер және т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет