Ландшафтық дизайн


Ағаш және бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстары



Pdf көрінісі
бет63/92
Дата24.02.2022
өлшемі5,33 Mb.
#133080
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92
Ағаш және бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстары 
 
Ағаштар мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмысы – оларды 
көгалдандыру зерзатына отырғызғаннан соң жерсінуі мен 
биологиялық 
тұрақтылығын 
және 
эстетикалық 
қасиетін 
қамтамасыз ету шараларының жүйесінен тұрады. Бұл жұмыс 
көшетті өсіру, қазып алу, сақтау, оларды тасымалдау және 
отырғызу кезеңдерінде де жүргізіледі. Басты мақсат - өсімдіктің 
жерсінуін қамтамасыз ету және эстетикалық, санитарлық-
гигиеналық талаптарға сәйкес келтіру. 
Ағаштар мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстары 
кезінде өсімдіктің биологиясына, шығу тегі мен физиологиялық
жағдайын ескеру керек. Қалалық көгалдандыру зерзатындағы 
ағаштар мен бұталар қолайсыз табиғи жағдайда (ғимараттардың 
көлеңкесінде өскендіктен жарық жетіспейді) өмір сүреді. 
Өсімдіктің өсуі мен дамуы ауаның және топырақтың жоғары 
температурасында, ауа ылғалдылығының төменгі дәрежесіндегі 
қалалық көшелер мен алаңдарда өтеді. Өсімдіктің жапырағы мен 
өркені ыстық күн астында қызып, осының әсерінен топырақ 
нығыздалып, топырақтағы аэрациялық және су режимі 
төмендейді. Бұл жағдайдың бәрі өсімдік тамырының нашар 
өсуіне, өсу процесінің төмендеуіне, сәндік қасиетінің жоғалуына 
және өмір сүруінің қысқаруына әкеп соғады. Сондықтан бұл 
жағдайды жақсарту үшін көгалдандыру зерзатындағы ағаштар 
мен бұталарға жүргізілетін күтім жұмыстарын – 
кешенді түрде 
атқару керек. Ол үшін біріншіден, өсімдіктің 
биологиялық 


қасиетін
жоғары деңгейде білу, ал екіншіден 
қолайсыз табиғи
жағдайларды есепке алу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет