Барлық көгалдардың ішінде ең көркемі партерлі көгал болып
табылады. Жабыны тегіс әрі жұмсақ болып келеді. Бірақта
партерлі көгалды үнемі күту жұмыстарын жүргізу қажет.
Көгал шөптерінің класификациясы. Олар келесідей: бір
жылдық,екі жылдық және көпжылдық шөптер.
Бір жылдық шөптер бірінші жылы дамудың барлық
сатыларынан өтеді. Тұқымдары пісіп жетілгеннен кейін оның жер
асты және жер үсті мүшелері құрысады (отмирают) қалады.
Мұндай
шөптерге біржылдық райграс, біржылдық қоңырбас және
т.б.
Екі жылдық шөптер бірінші вегетациялық кезеңде тек
вегетациялық мүшелері дамиды – тамыры,сабағы,жапырағы.
Ал,жеміс беретін өркендері,жемісі,тұқымы тек екінші жылы ғана
дамиды. Тұқымдары піскеннен кейін екі жылдық өсімдік
толығымен құрысады.
Көп жылдық шөптер тұқымы піскеннен
кейін бір жылдық және
екі жылдық шөптер секілді өлмейді,керісінше көп жылдар бойы
өсіп тұрады.
Көгал шөптердің ең көп түрі – көпжылдық астық дақылдар.
Күрделі қоспа шөптер үш ярустан тұрады. Жоғарғы яруста
жарық сүйгіш шөптер өседі. Оларды жоғарғы деп атайды.
Олардың сабақтары және жапырақтары ірі (биіктігі 100 см және
оданда көп),өрескел болады жіне олар аз бұтақтанады. Бұл топқа:
бидайық, қылтанақсыз оты, түлкіқұйрық шалғынды, жоғары өсіп
тұратын арпа, көк жоңышқа.
Күрделі қоспа шөпте төменгі ярусты төменгі шөптер
өседі.Олардың
сабақтары
биіктігі
50-70
см
жіңішке,
жапырақтары жұмық. Төменгі шөптерге: Шалғындық қоңырбас,
қызыл бозот, кәдімгі және ақ суоты,ақ беде (жоңышқа) және т.б. .
Ортаңғы шөптер жоғарғы және төменгі ярустың арасындағы
бөлікті,яғни екінші яруста өседі. Олардың сабақтары үлкен
генеративті болып келеді. Шапқаннан кейін олардың көбі тез өсіп
жақсы бұтақтайды. Бұл топқа: жайылымдық және көп гүлді
райграс, шалғындық бозот,
шалғындық тимофеевка, сары беде
және т.б.
Барлық шөптер сәнді көгалды жасауда қолданылады.
Шалғындық көгалдарда бұршақ тұқымдасты шөптерді де
қолданады.
Көгалды құрайтын шөптердің маңызды белгісі –
вегетациялық жаңару немесе түптену.
Түптену түріне және тамыр жүйесінің дамуына байланысты
астық дақылды көгал шөптері келесідей топтарға бөлінеді: тамыр
сабақты
шөптер
(корневищение),
болбыр
бұтақты
(рыхлокустовые), плотнокустовые, корневищно-рыхлокусловые.
Көгал жасаудағы ең көп тараған шөп түрлері: шалғындық
қоңырбас,жайылымдық райграс,қызыл бозот,қой бозоты,өркенді
суоты. Сапалы көгал алу үшін
бұл шөптердің өздеріне тән
қасиеттерін пайдална отырып белгілі мөлшерде араластырып
өсіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: