Ә/Б жетекшісі М. И. Хамзин Хасихан Елік



Дата04.07.2018
өлшемі209,5 Kb.
#46589
БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН Ә/Б ОТЫРЫСЫНДА

Директордың м.а. оқу ісінің меңгерушісі ҚАРАЛДЫ:

Хаттама №

Ә/Б жетекшісі

_М.И.Хамзин_____ _Хасихан Елік____­­­ _Калыкова.Б.К____

«_____»___________ «_____»____________ «_____»____________
КҮНТІЗБЕЛІК-ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЛАУ
____Өмір қауіпсіздік негіздері_______
МҰҒАЛІМ____Хасихан Бабек______________________________________
ОБЛЫС, АУДАН, ҚАЛА, АУЫЛ__Ақмола облысы Бұланды ауданы___

Макинск қаласы_____________
МЕКТЕП, ГИМНАЗИЯ, ЛИЦЕЙ_Макин №5 орта мектеп
СЫНЫП__10_______________________

Өмір қауіпсіздік негіздері
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
10 сынып




Тақырыбы

Сағат

Мерзімі

1

Қала мен ауыл – қауіпті жерлер

1




2

Құлағалы жатқан тұрғын үйлердің қатері

1




3

Көліктегі төтенше жағдайлар

1




4

Криминологиялық төтенше жағдайлары

1




5

Табиғаттағы төтенше жағдайлар

1




6

Климат құбылысының төтенше жағдайлары

1




7

Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

2




8

Табиғаттағы алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

2




9

Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

2




10

Уланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

2




11

Салауатты өмір салты туралы түсінік

1





Практикалық сабақтар
Табиғаттағы саяхат: оқушылар емдік және қауіпті шөптерді, жидектерді табады. Олардың қолдану аясын түсіндіреді.
Мекен-жайды тану: қашықтықты қалай білу, құрылғылар мен күннің көзі бойынша горизонт бойынша жақтарды тану.
Жолда жүру ережелері. Белгілермен ойын түрлері.

Өрт сөндіргіш құрылғыларды қалай дұрыс пайдалану керек?

«Назар аударыңдар!» белгісі бойынша оқушыларды жұмыс істеуге баулу.

Алғашқы медициналық көмек көрсету
Жараланған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсете білу ережелерін үйрету: жара алған кезде, күйген кездегі, көзге басқа заттардың түскен кездегі көмек. Басқаларға көмектесуге тәрбиелеу.
Денсаулығына әсер ететін факторлар

Сабақ оқудың мерзімі, күн тәртіптері, спорттық жаттығулар мен дұрыс тамақтану, жеке басының гигиенасы, инфекциялық аурулар мен олардың алдын-алу шаралары.



Темекінің, алкогольдің, есірткі заттарының денсаулыққа кері әсер ететіні туралы мәлімет беру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҰЙЫМДАРЫНДА ҒЫЛЫМ

НЕГІЗДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Әдістемелік нұсқау хат

Астана


2015
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 мамырдағы № 4 хаттама).

2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы. Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 226 б.

Жинаққа жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң мектепалды даярлық және 1-11-сыныптарында оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша материалдар енгiзiлген. Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң басшылары мен пән мұғалiмдерiне, бiлiм саласы қызметкерлерiне арналған.

© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық

білім академиясы, 2015



Кіріспе
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы
20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және мектепалды даярлық сыныптарына арналған оқу бағдарламалары («Біз мектепке барамыз», 2010 ж.) мен ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа кіру жағдайында адамзат ресурстарының қалыптасуындағы білім беру рөлінің өсуі еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өлшемдері ретінде мектептің білім беру жүйесін жаңа талаптар бойынша жоспарлауы үшін маңызды.

Бүгінгі күні білім беру саласы «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басым бағыттарының бірі болып танылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру айтарлықтай рөл атқарады.

Оқыту сапасын арттыруда білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының ең үздік білім ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету; оқушылардың алған білімдері тез өзгеретін әлемде табысқа жеткізетіндігінен қанағаттану; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру қажет.

Білім беру сапасының деңгейі халықаралық PISA, TIMSS және PIRLS салыстырмалы зерттеулері арқылы анықталады. Оқушылардың халықаралық салыстырмалы зерттеулерінің білім және білік сапасының көрсеткіші де функционалдық сауаттылық болып табылады. Қазақстандық оқушылардың осы зерттеулерге қатысу нәтижесі функционалдық сауаттылықтың қажетті деңгейде қалыптаспағанын көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, 2014 жылы Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) жүргізген зерттеулерінің қорытындысына көңіл бөлген жөн. ЭЫДҰ пікірінше, қолданыстағы орта білім берудің оқу бағдарламасын қайта қарап, толық талдау жүргізу қажет, өйткені аталған бағдарлама оқушыларға функционалдық және математикалық сауаттылықтың төменгі деңгейіне де жетуге мүмкіндік бермейді, жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларының дамуына ықпал етпейді. Осы оқу бағдарламасы аясында академиялық пәндердің көп екендігін, теорияға тым басымдық берілгендігін ескеруіміз қажет, осындай басқа да кемшіліктер бағдарламаны неғұрлым күрделірек және үлгермеуші оқушыларға қолжетімсіз етеді.

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарында қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің PISA (15 жасар оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын, сонымен бірге әртүрлі типтегі мәтіндерді түсінуін салыстырмалы бағалау), TIMSS (4-ші және 8-сынып оқушылардың математикалық және ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын салыстырмалы бағалау) және PIRLS (мәтінді оқу және түсіну сапасын зерделеу) халықаралық салыстырмалы зерттеулеріндегі нәтижесін жақсарту қажеттілігі көрсетілген.

Осыған орай, Қазақстандағы мектептегі білім беру жүйесі балалардың дағдыларын дамытуда әртүрлі оқу және өмірлік жағдаяттар, тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастар білімін қолдануға бағытталуы тиіс.



Мұғалімдерге көмек ретінде PISA, TIMSS зерттеулерінің тапсырмалары негізінде оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылықтарын дамыту бойынша әдістемелік құралдар әзірленді және олар Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының (бұдан әрі – Академия) сайтында (www.nao.kz) орналастырылған. Мұнда әдістемелік ұсыныстар мен оқушылардың білім жетістігін анықтау бойынша халықаралық зерттеулерде қолданылған тапсырмалар енгізілген.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасында оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі); математикалық сауаттылық; жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география).

Оқу сауаттылығы – оқушылардың мәтін мазмұнын түсіне білуі және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері.

Жаратылыстану ғылыми сауаттылық – жаратылыстану ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірбиеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оның психологиялық, рухани, физиологиялық, әлеуметтік және шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Өзін-өзі тану» пәні функционалды тұрғыдан маңызды пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәнді оқыту «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқыту білім берудің мектепке дейінгі деңгейінен басталады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде баланың жеке әлеуметтік қалыптасуының маңызды кезеңі болып табылады. 5-6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің аяқтаушы буыны болып табылады, бұл бастауыш білім беруді алу үшін баланың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіреді.

2014-2015 оқу жылынан бастап республиканың 24 білім беру ұйымындағы оқу және тәрбие үдерісіне рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының тереңдетілген кіріктірілген моделін енгізу жүзеге асырылады деп күтілуде.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тәрбие үдерісімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру үдерісін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік құруды керек етеді.

Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының терең кіріктірілген моделінің оқу және тәрбие үдерісіне енгізудің эксперименттік алаңы болған білім беру ұйымдарында (1-қосымша), төменде анықталған педагогикалық шарттар сақталуы керек:

– сенімділік қалыптасуы керек, шабытты шығармашылық, өзіндік зерттеулерге, өзіндік даму мен өзіндік жетілдірулерге мүмкіндік беретін жағдайлар болуы керек;

– рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мектептің біртұтас педагогикалық үдерісіне кірігуін жүзеге асыру;

– өскелең ұрпақтың білім алуы мен тәрбиелену үдерісінде қолданылатын барлық әдістер мен тәсілдердің тек оң және ізгілікті болуын көздеу керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 17 сәуірдегі тапсырмасын жүзеге асыру және ҚР МЖМБС 1.4.002-2012 сәйкес 2015-2016 оқу жылында «Шетел тілі» пәні бастауыш мектептің 1-3-сыныптарында оқытылады.

Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін білім беру ұйымдарында қазақ тілін деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі.

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздерін» оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқу үдерісі кезінде жүргізіледі.

Білім беру салалары бойынша қолданбалы курстардың мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.

Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан,


2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан,
5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан,
8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс.

«Жалпы білім беретін оқу орындарында 2015-2016 оқу жылының басталуы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 364 бұйрығына сәйкес:

1. Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында – 32 оқу аптасын, 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.

2. Оқу жылы барысындағы каникулдар:

1) 1-11-сыныптарда: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2015 жылғы 30 желтоқсан – 2016 жылғы
8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 1 сәуірді қоса алғанда);

2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул – 8 күн (2015 жылғы 4-11 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 14 күн (2015 жылғы 28 желтоқсан – 2016 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 15 күн (2016 жылғы 21 наурыз – 4 сәуірді қоса алғанда);

3) мектепалды даярлық сыныптары мен 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2016 жылғы 1-7 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.

Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген 2, 3, 4, 5, 6, 9, 10 және 11 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының


2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы
10 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен, ал 1, 7 және 8 сыныптарға арналған оқу басылымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 460 бұйрығымен анықталған.

Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде өздігінен әзірлейді.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы
03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Білім беру қызметін ұйымдастыру кезінде жалпы білім беру ұйымдары басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарының тізімі осы әдістемелік-нұсқау хаттың 3-қосымшасында көрсетілген. Құжаттар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сайтындағы (http://www.adilet.gov.kz) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйе» (http://adilet.zan.kz) блогында орналастырылған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет