Математикалық сауаттылық есептері



Дата05.02.2020
өлшемі12.47 Kb.
Математикалық сауаттылық есептері

Функционалдық сауаттылық дегеніміз-адамдардың әлеуметтік,мәдені,саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғны бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы,адамның мамандығына сай үнемі білім жетілдіріп отырауы.Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығарудың ең бір тиімді тәсілі-оқытудағы математикалық сауаттылық Математикалық сауаттылық есептерін шығару барысында кітап беттерінің санын табыңыз,қанша цифр пайдаланылды деген есептердің шығару жолын ұсынып отырмын.Ол үшін есеп шартын толық және түсініп оқып алу қажет.

1-есеп.Дәптердің бетін 1-ден бастап нөмірлеуге 87 цифр кеткен болса,бұл дәптердің беттерінің санын табыңыз.

А.48 В.78 С.36 Д.87 Е.24

Шешуі: (87+9):2=48

Жауабы:48

ЕСКЕРТУ:Егер цифр 2 таңбалы болса, онда сол цифрды 9 ға косып 2-ге бөлесіздер. (87+9):2=48

Егер цифр 3 таңбалы болса, онда сол цифрды 108-ді косып 3-ке бөлесіздер. (501+108):3=203

Егер цифр 4 таңбалы болса, онда сол цифрды 1107 косып 4-ке бөлесіздер. (2013+1107):4=780

2-есеп.Барлық беттерін номірлеуге 35 цифр қолданылатын кітаптың беттерінің санын анықтаңыз

(нөмірлеу 1-ден басталады)

А.22 В.16 С.32 Д.26 Е.24

Шешуі: (35+9):2=22

Жауабы:22

3-есеп. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 501 цифр пайдаланылды.Осы кітапта барлығы

неше бет екенін анықтаңыз.

А.201 В.215 С.324 Д.203 Е.245

Шешуі: (501+108):3=203

Жауабы:203

4-есеп. Абылай 1 ден бастап 1000-ды қоса алғандағы натурал сандарды жазып шықты.

Ол қанша цифр пайдаланды?

А.2017 В.2159 С.3248 Д.2035 Е.2893

Шешуі: 1000*4-1107=2893

Жауабы:2893

Өздеріңізге шешуге ұсынылады.

5-есеп. Кітаптың беттерін нөмірлеу үшін 600цифр пайдаланылды.Осы кітапта барлығы

неше бет бар екенін анықтаңыз.

А.300 В.236 С.235 Д.200 Е.215

6-есеп.Кітаптың бірінші беті 1 цифрымен нөмерленсе,онда 333 цифрмен нөмерленген кітапта барлығы

неше бет екенін анықтаңыз

А.147 В.137 С.145 Д.135 Е.333



7-есеп.Мұқағали Мақатаевтың <Қара саздан ұшқан қарлығаш >атты кітабының беттерін нөмерлеу

барысында 552 цифр қолданылды.Бұл кітап неше беттен тұрады?

(нөмірлеу 1-ден басталады)

А.180 В.779 С.220 Д.552 Е.275

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет