«ландшафттану»


Тәжірбиелік жұмыстардың тақырыбы



бет34/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi
4550672744260 Дәріс 7
Тәжірбиелік жұмыстардың тақырыбы
Тәжірбиелік сабақ 1-2
Мақсаты: – «табиғи компоненттер», «табиғи комплекс», «геосистеманың элементарлы-құрылымдық бөлігі» немесе «геомасса» түсініктерін бекіту. Компоненттердің спецификалық қасиеттерін оқып білу.


Ландшафттану ғылымының даму тарихы
1. Ландшафтаныны зерттеудің әдістемесі
2. Ландшафтардың топографиялық карта бойынша бөліктеріне талдау
1ЛАНДШАФТАНЫНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарында дайындық жасайды. Қандай да болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекеленген компаненттерді қарастыратын география салалары дамымаған болса, онда ландшафтану ғылымының шығуы екі талай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни табиғи географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыстану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Жекеленген жағдайда ландшафтанудың дамуына биология эволюциялық ілім-дарвинизм және биогеография мен топырақтану ғылымындағы өлі мен тірі табиғи ортаның қарым-қатынасын географиялық есептеу тұрғысынан қарау үлкен жаңалық болып енді.
Қандай да болсын ғылымның тарихын оқы үйренуде әлеуметтік- экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым әлеуметтік ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Ғылымның дамуы мен әлеуметтік экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымының алдына шешуге тиіс мәселелерді қояды, 2-ші жағынан алдыңғы қатардағы ғалымдардың творчестволық ойлары практикалық мүмкіншіліктері басып озатын ойлар тастайды. Географияның бай тарихынан біз осы 2 жағдайдың да мысалын табамыз. Ландшафттану ғылымының бүкіл тарихы қоғамдық дамуымен тығыз байланыста. ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл және орман шаруашылығындағы көптеген проблемаларды шешу табиғи компонеттер арасындағы байланысты түсіну арқылы екендігін мойнындады.
Сонымен, ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болған жоқ.Сонау ерте уақыттан –ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктерде жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында әртүрлі территорияларды бөлуді талап етеді, яғни ғылыми ландшафттық идеялардың пайда болғанына дейін әртүрлі мамандарда : аңшыларда, орманшыларды жергілікті жердің табиғи комплекстері туралы өз тәжрибиесінен алған түсініктер болды. Мысалы : Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың әртүрлі ландшафттық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтарында далаларды, шөлдерді, сортаң жерлердің ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдер бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тіліне «уроще» дейді және халық термині ландшафттанудың ғылыми сөздігіне енді.
Локалды географиялық ұғыммен бірге, халық тәжрибиесі күрделі территориялық бірліктердің, яғни регионалдық деңгейдегі бірліктердің пайда болуына әкелді. Мысалы олар, Мещера, Полесье, Бараба даласы. Сонымен қатар ежелден халық арасында қолданылып жүрген түсініктер: тундра, тайга, шөл ғылымға теориялық бөлім болып енді. Сондықтан ландшафттанудың қайнар көзі ретінде халық тәжрибиесіне сүйенеміз. Бұған орыстың ландшафттану классигі В.В.Докучаев пен оның әріптестеріннің көңіл бөлуі кездейсоқ емес.
Екіншіден ландшафттанудың дамуындғы негізігі рөлді оның географияның тығыз байланыстылығы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде география өз теориясы іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ жазу тәртібіне ие болды. Көптеген жағдайда табиғи ортадағы әртүлі географиялық құбылыстарды энциклопедиялық мәлімет ретінде тіркеу орын алды. Қазіргі кезде кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Біздің эрамызға дейінгі 500-ші жылы бұрынғы Грецияда жердің шар тәрізді екендігі және онда бірнеше жылу белдеулерінің бар екендігі (5 белдеу) анықталды. Бірақ бұл идеялар іс жүзінде дәлелденген жоқ. Жердің шар тәрізді екендігі тек қана біздің эрамызға дейін IV ғасырдың 2 жартысында Аристотель айдың тұтылуындағы жердің домалақ формадағы көлеңкесін және солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалысындағы жұлдызды аспанның өзгеруі арқылы дәлелденді. Осы уақытқа жердің көлемін есептеп шығару жолындағы ізденістер де тән. Аристотельдің «Метерологика» деген еңбегін жалпы жертанудың басталуы десек те болады, өйткені мұнда жер қабықшасы,ауа айналымы, теңіз трангрессиясы мен регриясы, өзендердің аккумулятивтік әрекеті туралы мәселелер қаралды.
Осы уақытта жер бетін аудандастыру туралы істелген алғашқы қадамдарды да жатқызыға болады. Мысалы: ежелгі гректердің түсінігі бойынша жер бетін 3 бөлікке Европа, Азия және Африкаға бөлген. Мұндай аудандастыру жер бетінің сыртқы көрінісіне қарай ( өзен, тау ) бөлінді. Осындай жай бөлуді Гредоттың (485-425 б.ғ.д) еңбектерінен таба аламыз.
Біздің эрамызға дейінгі І-ІІ ғасырдағы құл иеленушілік дәуірдегі дүниеге келген көзқарастың тоқырауы географияғада әсерін тигізді. Географияның ғылым ретінде қарқындап дамуы XVғасыр Италия гумаистерінің грек-рим географтарының еңбектерін аударғаннан басталды. XV ғасыр аяғы мен XVI ғасырдың басында атақты географиялық ашылулар адамзаттың география жөніндегі дұрыс бетбұрыстарына әкеп соқты. XV ғасырдың 2 ші жартысынан бастап қазіргі жаратылыстану ғылымының экспериментальды саласы дами бастады. Бұл кезеңдегі жетістік Н.Коперниктің (1453-1534) гелиоцентрлік ілімі, техникалық жетістіктер: термометр, барометр және көрсеткіш трубаның пайда болуы.
Ұлы географиялық жетістіктер нәтижесінде жердің шар тәрізді екендігі талассыз , мұхиттар мен құрылықтардың мөлшері , мұхит ағыстары тағы басқалар анықталды. Бірақ мұның бәрі физикалық географияның өркендеуіне аз болды. Өйткені, біріншіден іс жүзінде құрылықтардың табиғаты зерттелмеді, екіншіден жаратылыстану ғылымы кейбір географиялық құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды түсіндіре алмады.
Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғылымының (Бернгерд Варения – 1622-50) «Жалпы география» деген еңбегінде география жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жекеленген мемлекеттердің табиғаттын зерттеу жұмыстары өріс алды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет