«ландшафттану»


Пән бойынша оқу уақытын шамамен бөлу



бет2/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Пән бойынша оқу уақытын шамамен бөлу


Триместр
апталары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы

Дәрістер

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

30

ЗТС

3

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

3

30

СОӨЖ

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

2,4

24

СӨЖ

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

9,6

96

Барлығы

18

18

18

18

18

18

18

18

18

18

180

3. КУРСТЫҢ ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ
Биология, ботаника, экология, физика, география, химия, топырақтану, жалпы геология пәндері ландшафттану ғылымының негізгі компонеттерін түсіну және жай-күйіне баға беру үшін қажет.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ
Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы, топырақ географиясы, топырақты картографиялау, топырақ-агрохимиялық карталау, топырақ және ландшафттар деградациясы, электронды-сандық топырақ карталарын және агрохимиялық картограммаларды, Қазақстан топырағы және топырақты қорғау пәдерін оқу, түсіну үшін және картаграфиялау үшін қажет


5. КУРСТЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ


5.1 Пәнді оқыту мақсаты: Студенттерге Жердің ландшафттың сферасының барлық табиғи компонентерінің біртұтас бірлігі туралы түсінік беру; айналамыздағы табиғат жағдайының пайда болуын, оның өзгеруін,оған әсер етуші табиғи күштермен, антропогендік күштердің әсер ету мүмкіншеліктерін зерттеу. Ландшафттардың дамуында, қалыптасуында табиғи және антропогенді факторлардың заңдылықтарын меңгеру.
5.2 Пәнді оқыту міндеттері : пәннің оқыту обьектілерін айқындап, әдістемелік тәсілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру.Табиғи және антропогендік ландшафттар жүйесін оқу; ландшафттардың аймақтық және локальді деңгейін оқып білу; табиғи компоненттер арасындағы байланыстарды айқындау; ландшафттардың жіктелуін, олардың динамикасын, кеңістікте таралуын, антропогендік әрекеттерді зерттеу; әртүрлі ландшафттық кешендердің әртүрлілігі мен біртұтастығы туралы ұғымды қалыптастыру
Оқыту нәтижелері (іс-әрекет етістігінде пәндік немесе пәнүсті құзыреттер түрінде тұжырымдау)
Дескриптор А – түсіну және білу керек: Жердің ландшафтық сферасының бүкіл табиғи компоненттерінің біртұтас бірлікте екенін; пәннің даму тарихын білу; басқа пәндермен байланысын анықтап білу және пәннің орнын; ландшафттың жіктелуін азональдылықты; секторлықты; биіктік белдеулікті; ярустылықты және тосқауылдылықты; морфоқұрылымдық жіктелуді; антропогендік факторлардың ландшафттарғаәсерінің мағынасын түсіну, білу.
Дескриптор В – білімді қолдана білу: Табиғи және табиғи-антропогенді геожүйелер мен олардың құрылымының құрылуын, ландшафт біртұтас геосистема екендігі дәлелдей білу, ландшафттардың деңгейлерін көрсету, ландшафтардың шекарасын табу, Жер сферасының ландшафтысы, ландшафттың класссификациясы, жерлердің ландшафттары, антропогендік ландшафттар туралы түсінікті қалыптастыра отырып ландшафттарды тиімді, оңтайлы қолдануға мысал келтіру, жоба жасау, ұсыныс жасау.
Дескриптор С- пікір шығару (құрастыру): Табиғи және антропогенді ландшафттардың жіктелуін, ландшафт морфологиясын; фация және оның ерекшеліктерін; қоныстар және оның түрлерін; жергілікті жерді және оның типологиясын; ландшафт генезисі, ландшафт динамикасын анық тани білу.
Дескриптор Д коммуникативтік дағдылар: Қазақстанның ландшафттық құрылымын; жазық және таулы жерлердің ландшафттарын салыстыру, сипаттама беру; Қазақстанның ландшафтық картасына талдау, баға беру; геоморфологиялық кесінді жасау; далалық ландшафттық зерттеу әдістерін менгеру.
Дескриптор Е – оқу дағдылары: ландшафттарды кеңістіктік дифференциациялаудың табиғи факторларын анықтау; ланшдафттардың жай-күйін және ландшафттарды қорғау, жақсарту жолдарын талқылау; жергілікті ландшафттың негізгі түрлерінің жіктелуі мен экологиясын, халық шаруашылығында пайдалану ерекшеліктері туралы өз көзқарасын білдіру. Қазіргі заманғы ландшафттардың ландшафттық дифференциациясының факторларын және қарапайым құрылымдық бірліктердің (фациялардың) неғұрлым күрделі ұйымдастырылған физика-географиялық кешендерге (геокомплекстер) интеграциясының заңдылықтарын анықтау және динамикалық санаттар (даму, жай – күйі, табиғи режимдер) арқылы олардың уақыт өзгергіштігін көрсету; ландшафтық егіншілікте ГИС-технологияларды қолдану жай-күйін бағалау. ("Блюм таксономиясы" модельі бойынша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет