«ландшафттану»


Фациялардың алмасуына антропогендік фактордың әсері



бет14/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Фациялардың алмасуына антропогендік фактордың әсері. Әсіресе тау-кен жұмыстары, құрғату мелиорациясы, гидроэнергетикалық құрылыстарды салу ( су қоймалары, плотина т.б.), мал бағу кезінде байқалады. Осы жағдайлардағы фациялардың алмасуы фацияның, фациялар тобының, ландшафттағы қоныс тобының су және жылу режимінің өзгеруімен байланысты. Тау-кен өндіру жұмыстары нәтижесінде пайда болған карьерлер ондаған есе көп ауданды қамтитын территорияда жер асты суларының деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты табиғи зонаға тән емес фациялардың қалыптасуы байқалады: тайга және орман зонасындағы карьерлер маңында далалық өсімдік түрлерінің, дамбалардың маңында, сәйкес дренажсыз болған жағдайда гидротехникалық құрылыстардың орнында ауданы бойынша бірнеше фацияларды қамтитын батпақтану үрдісі. Фациядағы фитоценоз түрлерінің күрт өзгеруіне малды шектен тыс жаю да ықпал етеді. Түрлі фациялардың сыртқы көрінісін орман кесу жұмыстары, ауыл шаруашылықтық шаралар нашарлатады.
Фация жер бедерінің бүкіл мезоформасын сирек қамтиды. Бұл үшін сәйкес жағдайлар қажет: біртекті литологиялық жыныс, бірдей дренаж, жарық пен ылғалданудың айырмашылығы елеулі емес болуы тиіс. Фация мезоформаның бір элементінің шегінде жиі қалыптасады. Микрорельеф формасы немесе оның бөлігінде де бір фация орналасуы мүмкін. Фациялардың ауданы көбінесе аз жерді қамтиды, вертикальдық бағыттағы тереңдігі дренаж зонасымен шектеледі: жер асты суларының деңгейімен, яғни су көздерімен гидравликалық байланыста болатын қабатқа дейін төмендейді. Бірақ, әртүрлі тау жыныстары қатпарланып келген жағдайда фацияның тереңдігі алғашқы су өткізбейтін қабатпен шектеледі. Жоғарғы шекарасы туралы бірыңғай ортақ түсінік жоқ. М.А.Глазовская бұл шекараны өсімдіктер жамылғысының жоғарғы ярусымен сәйкес болады деп тұжырымдады, ал көптеген ғалымдар бұл шекті ондаған метр биіктік деп анықтайды.
Қарапайым геожүйе ретінде фациялардың негізгі ерекшеліктері: қозғалмалығы, салыстырмалы тұрақсыздығы және аз уақыттығы. Бұл қасиеттер оның тұйық еместігінен, көршілес фациялардан келетін зат пен энергия ағынына бағыныштылығынан көрінеді. Олардың уақыт пен кеңістік бойынша тұрақсыздығы ең активті компонент биотаның даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Фация шеңберінде биотаның абиотикалық ортаға әсері бүкіл ландшафт көлемімен салыстырғанда едәуір елеулі. Өсімдік топтарының бәсеке таластық қарым-қатынасы да елеулі рөл атқарады. Олардың сукцессиялық және зат алмасу ерекшеліктері микроклиматты өзгертеді, бірақ ландшафт климатына елеулі әсерін тигізбейді.
Ландшафттардың әрбір күрделі морфологиялық бірлігіне генетикалық ұқсас фациялар тобы тән. Олар литологиялық құрамы, жылу мен ылғалмен қамтамасыз етілуі сәйкес территорияларда пайда болады.


Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ландшафттарды құрайтын морфологиялық территриялық табиғат кешендері, құрылымдық бөліктерінің сатыларына қарай жіктелуі.
2. Жергілікті жер. Қоныс. Фация.
3. Олардың ландшафтты қалыптастырудағы рөлі. Маңызы. Биіктікке байланысты өзгеруі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет