«ландшафттану»



бет44/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi
4550672744260 Дәріс 7

Бақылау сұрақтары:


1. Ландшафтты түзетін факторларға мысал келтіріңіз
2. Ландшафттың дамуына қолайлы әсер ететін факторлар
3. Ландшафттың дамуын тежейтін факторлар қандай?
4. Биіктік белдеулілік дегеніміз не?
5. Ендік зоналдылық дегеніміз не?
6. Геологиялық – геоморфологиялық факторлардың әсері қандай?
7. Биіктік белдеулілік факторлардың әсері қандай?
8. Ендік зоналдылық факторлар
9. Гидроклиматтық факторлар
10. Биотикалық факторлар
11. Антропогендік факторлардың әсері қандай?


Тәжірбиелік сабақ 5


Ландшафт геохимиясы 5
1 Ландшафтының негізгі геохимиялық парометрлері.
А. И. Перельман мен Б.Б. Полынов бойынша ландшафтар ұғымы
2.Ландшафтының типоморфтық элементтері
1.Ландшафтының негізгі геохимиялық парометрлері
2. Ландшафтының химиялық элементтері белсенділігі
3. Биологиялық зат айналымы
Мақсаты:
Ландшафтының негізгі геохимиялық парометрлерін, ландшафтар ұғымдарын, ландшафтының типоморфтық элементтерін қарастыру.
1.Геохимиялық ғылымның дамуына байланысты Ландшафт геохимиясына қатысты мәселелер таныла бастады. Ландшафт географиялық қабықты құрайтын заттардаң түзілетін болғандықтан, олардың құрамындағы химиялық элементтер литосферадан, атмосферадан, гидросферадан және биосферадан жиналады. Осы геосфералардағыдай, ландшафтының химиялық элементтері негізгі және қосалқы элементтер топтары болып бөлінеді. Негізгі элементтер тобына жататындар: О, Si, AІ, Fе, Ca, Na, K, Mg, С, Н, N, S, Р, С1.Бұл аталған элементтер ландшафт құрамыңдағы тау жыныстарының, топырақ қабатының, судың, ауаның және тірі ағзалар массасын құрайды, ландшафтының геохимиялық ерекшеліктерін анықтайды. Менделеев кестесіндегі жоғарыдағы аталғандардан басқалары қосалқы элементтер тобына жатады. Бұлардың да ландшафтының түзілуіне қосатын үлесі зор. Мысалы, йод жетіспеген жерде адам тамақ ісігі (зоб) ауруына шалдығады. Кобальт жетіспеген жерде мал ет ала алмайды. Мұндай құбылыстар ертеден-ақ қазақ арасында "жеры-суы жақпаған" деген түсінік қалыптастырған.
2.Ландшафтының химиялық элементтері белсенділігіне қарай екі топқа жіктеледі. Біріншісі, бір ландшафттың екіншісіне тез өтетіндері, яғни орын ауыстыру жағынан белсенді элементтер тобын құрайды. Бұларға кальций, натрий, магний, алюминий, кремний, фосфор, күкірт, хлор, калий, марганец, темір, цинк, кобальт, никель, ванадий, стронций, оттегі, көміртегі, азот, сутегі элементтері жатады. Бұл аталғандардың әрекетіне байланысты ландшафт өзгеріп, түлеп, бірінен-бірі туындап отырады. Ландшафт геохимиясынын, мұндай қасиетін табиғат процестерін басқару барысында (мониторингте) орынды пайдалануға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары цинк реагенттерін пайдаланып, Ақ-дала өңірінде топырақ құрамындағы тұз түзуші процесінің қарқынын кемітіп, ландшафтының құнарын арттырды.Ериші топқа орын ауыстыру әрекетінің белсенділігі шамалы элементтер жатады. Олардан цирконийді, гафиийді, ниобийді, танталды, торийді, рутеийді, радийді, палладийді, осмийді, иридийді, платинаны, гелийді, неон-s ды, криптонды, аргонды, ксеионды атауға болады. Бұлар басқа элементтермен химиялық қосылыс құрамайды, сондықтан ландшафтының түзілуі мен дамуында айтарлықтай рөл атқармайды.
Ландшафтыдағы химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекеттері көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде негізгі фактор — нақты элементтің өзіне тән химиялық қасиеті, әсіресе оның химиялық реакцияға түсіп, тұз, қышқыл, оксид, т.б. түзуі. Оған қоса химиялық элементтің қандай зат құрамында болатыны және географиялық таралуы маңызды факторлар қатарына жатады. Мысалы, шақпақ тасты жыныстар мен өсімдіктер құрамында натрий бар. Ол шақпақ тасты жыныстарды құрайтын минералдардың кристалдық торында берік орналасқандықтан, шамалы орын ауыстырады, ал өсімдік қалдықтарынан тез суға шайылып кетеді. Осы сияқты химиялық элементтердің орын ауыстыру әрекетінің географиялық ортаға байланыстылығы таудағы тундра мен шөл зоналарындағы Ландшафтының ерекшеліктерінен көрінеді. Таудағы тундра ландшафтысында темір белсенді түрде орын ауыстырады,ал шөл ландшафтысында бұл құбылыстың белсенділігі шамалы. Бұл келтірілген мысалдардан химиялық элементтердің орын ауыстыруы бір жерде көп мөлшерде, екінші бір жерде жетімсіз болып қалатынын көруге болады. Ландшафтының химиялық элементтерінің орын ауыстыруы, негізінен, механикалық, биологиялық жолмен және су, ауа арқылы жүреді. Осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Химиялық элементтердің механикалық орын ауыстыруы құрлық бетіндегі ағын су, жел, мұздық, т.б. сыртқы күштер мен жанартаулардың, гейзерлердің атқылаулары сияқты ішкі күштердің әрекетіне байланысты болады. Жалпы жер беті ландшафтысын түзетін химиялық элементтер, жоғарыда аталған күштердің әрекетіне байланысты, үздіксіз механикалық орын ауыстыруға ұшырайды. Алайда олардың қарқыны жыныстардың литологиялық, минералдық құрамына, үгілгіштігіне, шайылғыштығына, т.б. байланысты болады. Көптеген зерттеу нәтижесіие қарағанда груптық жыныстар мен топырақтың саз балшықты құрамында: Fe, Al, Mn, Mg, K, V, Сг, Ni, Co, Cu көп, Si02 аз болады. Құмдарда Si көп те, Ғе, Al, Mg аз. Осылай механикалық орын ауыстыру жолмен химиялық элементтердің топтасуына байланысты жер беті ландшафтысы түрленін, олардың құрылымы күрделене түседі.
Химиялық элементтердің биогендік орын ауыстыруы екі түрлі процестің нәтижесінде жүреді. Біріншіден, фотосинтез бен хемосинтездің нәтижесінде қоршаған ортадағы элементтерден органикалық қосылыстар түзіледі. Екіншіден тірі заттар тіршілігін тоқтатқан соң, олардың қалдықтары шіріп, органикалық қосылыстары ыдырап, минералдық заттарға айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет