Қоршаған ортаның мониторингі – қоршаған ортаның күйін бақылау үшін жүйі, мүмкін болатын өзгерістерді бақылау, бағалау және болжау үшін арналған
Литосфера – тас (қатты) жер шарының қабатшасы
Ландшафтың критикалық күйі – ландшафтың тұрақсыз күйі, кейінгі әсер оның радикалды өзгерісіне тигізеді, немесе денсаулық және әлеуметтік-экономикалық даму үшін қолайлы функциялардың жойылуы
Ландшафтқа түсетін ауыртпашылық- табиғи немесе антропогендік ландшафтарға тікелей немесе жанама түрде түсетін шаруашылықтың әсері
Мекендеу орта - тірі ағзаны қоршайтын және онымен тікелей әрекеттесуде болатын табиғаттың бөлімі
Мәдени ландшафт – қоғам мүдделерінде ғылыми негізінде тиімді өзгертілген географиялық ландшафт
Неоген дәуірі – жердің геологиялық тарихындағы кайназой эрасының жаңа дәуірі, қазіргі өтіп жатқан антропоген дәуірінің алдвнда өткен.
Ноосфера – (грек. noos – сана сезім, ақыл парасат және sphaira –шар) – тікелей аударғанда «ақыл парасатты қабатша», сана сезім сферасы, В.И.Вернадский бойынша биосфераның дамуының ең жоғарғы сатысы, ақыл парасатты адамзат түзілуі және қалыптасуы мен байланысты; ақыл парасатты адамның іс әрекетшілдігі Жер шарындағы дамудың басты анықтаушы факторы болатын период