«ландшафттану»


Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар



бет17/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ландшафт генезисі.
2. Генетикалық және кешендік топтары.
3. Ландшафт динамикасы.
4. Оның өзгеру себебі, әсер етуші процесстер.
5. Динамиканың құрылымы, табиғат зоналырының бірігуі. Уақытша өзгеруі

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5

7 дәріс. Ландшафттардың таксономиялық бірлік жүйесі



  1. Жер бетінің зоналық факторларға байланысты бөлшектенуі

  2. Жер бетінің азоналық факторларға байланысты бөлшектенуі



Ландшафтының таксономиялық бірлігі жер бетіндегі территориялық табиғат кешендерін физикалық-географиялық аудандарға топтастыру немесе бөлшектеу нәтижесінде жүйеленеді.
Әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және оларды бөліктерге бөлуді физикалық-географиялық аудандастыру деп атайды.
Физикалық – географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірлігі жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйеленеді. Жоғарыдан төмен қарай физикалық-географиялық аудандастыруда ландшафтының ірі бөліктері төменгі сатыдағысы жоғары сатыдағы бірлікке топтастырылады. Басқаша айтқанда, ландшафтының әрбір ірі бөлігіне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді, сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты дамитын физикалық-географиялық бөлшектелу заңдылығы физикалық-географиялық аудандастырудың теориялық негізі болып саналады. Бұлармен бірге географиялық қабатта жер бетінің әр түрлі бөліктерін, күрделі территориялық жүйеге біріктіретін процестерде (ауа массасының циркуляциясы, өсімдіктер мен жануарлардың орын ауыстыру т.б. арқылы) әрекет етеді. Бөлшектеу мен топтастарушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірлігінде қарқынды дамиды да, іріленген сайын баяулай түседі. Сондықтан физикалық географиялық аудандардың көп сатылы жүйесі қолданылады, яғни физикалық –географиялық аймақтар жеке шағын бөліктерге бөлінеді. Зоналы бөліктерге байланысты жер беті физикалық – географиялық белдеулерге, зоналарға, зона бөліктеріне; азоналық белгілері бойынша физикалық-географиялық аймақтарға, облыстарға, аудандарға бөлінеді. Жергілікті жер жағдайларына байланысты бұлардың арасынан аралық бірлік бөлінуі мүмкін.
Зоналық қатардағы ең ірі ландшафт бірлігі – географиялық белдеу.
Белгілі бір территорияға күннен келетін жылу мөлшерінің ортақ тарауына байланысты бөлінетін ландшафтының жүйесін географиялық белдеу деп атайды. Әрбір географиялық белдеуде өзіне тән ауа массасының циркуляциясының, алмасуының, биохимиялық және экзогенді геоморфологиялық процестердің, теңіздік ағыстардың, жер беті суының ағындық режимі, өсімдіктердің өніп - өсуі сипаты қалыптасады.
Жылу режиміне қарай солтүстік жарты шардан арктикалық, субарктикалық суық, солтүстік қоңыржай, солтүстік субтроптиктік, тропиктік және экваторлық жылы белдеулер бөлінеді.
Жылу, ылғал режимінің бірдей болуына байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процесінің сипаты бірдей болып келетін ландшафт жүйесін географиялық зона деп атайды.
Қазақстан жерінде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан.
Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі- физикалық-географиялық аймақ. Физикалық-географиялық аймақ геологиялық негізі (тектоникалық құрылымы) тұтас, макрожер бедері мен микроклиматы бірдей зоналық
және биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады.
Жер қатынасының тектоникалық қозғалысы мен теңіз трансгрессиясы, құрлықтың мұздануы мен олардың еріген суы әрекетінен бөлшектеніп жер бедері мен климаттың жеке – дара типтері арқылы межеленетін жасы ортақ, зоналы немесе биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар физикалық-географиялық аймақ бөліктерін облыс деп атайды. Облыстардың зоналық немесе биіктік белдеулі бөліктері провинцияға, зонааралық немесе биіктік белдеу аралық бөліктері өлкеге, ал топырақ пен өсімдіктер жамылғыларының топтары бойынша жіктелген бөліктері ауданға бөлшектенеді.
Азоналық ландшафтының қатарына таулы аймақ ландшафтысын жатқызуға болады. Кез келген нақтылы таулы аймақ географиялық орналасуына, түзіліс жолына және биіктік айырмасына қарай өзіне ғана тән ландшафтының биіктік белдеулерімен сипатталады.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Ландшафттың таксономиялық бірлігі дегеніміз не?
2. Ландшафттық аудандастыру дегеніміз не?
3. Зоналық және азоналық ландшафтқа мысал келтіріңіз
4. Жер бетінің зоналық факторларға байланысты бөлшектенуі?
5. Жер бетінің азоналық факторларға байланысты бөлшектенуі?

8 дәріс Ландшафттың физикалық-географиялық аудандастырылуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет