Мақсаты: Ауылшаруашылық ландшафттарға сипаттама беру.
Жоспар:
1. 1. Агроландшафтардың типтері
2. Агроландшафтарды геоэкологиялық бағалау
3. Агроландшафтарды картаға түсірудің ерекшеліктері
Алғашқы агроландшафтық кешендердің қалыптасуы осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезеңнен — адам баласының табиғи ресурстарды қажеттілігіне жарата бастағанынан өріс алған. Осы кезеңнен бастап азық-түліктік мөдени өсімдіктердін дамуы егістікті жерлерде, яғни ірі өзен аңғарлары мен суарылмайтын, климаты қолайлы тау етектерінде жүргізілді.
Дүние жүзі бойынша ауылшаруашылықтық мақсатта игерілген агроландшафтар дала зоналарын қамтиды. Барлық құрлық шегінде ауылшаруашылығында игерілген жердің көлемі 11% болса, далалы аудандарда 80-90%.
«Агроландшафт» термині қазір географиялық жөне ауылшаруашылықтық ғылыми өдебиеттерде кеңінен қолданылады. Күнделікті ғылыми термин ретінде «Агроландшафт» уғымының қолданылуы агрономдық жөне экологиялық-географиялық ортада егістік ландшафтарының принциптері мен әдістері жете зерттелумен байланысты болды.
Егістікті аймақтарда түрлі дақылдарды егу зоналык және азональдық факторларға байланысты қалыптасқан табиғи кешендердің құрылымына, жекелеген компоненттердің динамикалық ерекшелігіне тәуелді. Сондықтан антропогенез әсерінен өзгеріске ұшыраған табиғи кешендердің деңгейі, сандық және сапалық көрсеткіштері тіпті бір зона шеңберіндс әр алуан. Бұл корсеткіштерге егін шаруашылығында қолданылатын агротехникалық шаралар мен тыңайтқыш түрлерінің, егістікті өңдеу әдістерінің де елеулі әсер ететіні белгілі. Осылайша табиғи кешендер шеңберінде ауыл шаруашылыктық жөне табиғи жүйелердің себеп-салды тығыз байланысынан құрылымы мен функциональдық қасиеті ерекше табиғи-антропогендік комплекстер — агроландшафтар қалыптасады.
Агроландшафтық, яғни егістікті комплекстерде өр түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды пайдаланғанда қалыптасатын табиғи-антропогендік құрылымдар, ізденістердің методикалық негізі мен теориялық мөселелері көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. ТМД елдерінде агроландшафтық ізденістердің негізін қалап, осы ғылыми бағыттың дамуына көп үлес қосқан ғалымдар: В.А.Николаев, К.В.Зворыкин, И.В.Иванов, А.Г.Исаченко г.б. болса, агроландшафтық ізденістердің ғылыми жүйе ретінде қалыптасуына зор үлес қосып, оның методогологиялық негізін жете тұжырымдағандықтан, В.А.Николаев ТМД агроландшафт мектебінің негізін қалаған ғалым деп есептеледі.
"Агроландшафт" термині география мен ауыл шаруашылықтық ғылыми оқулықтарда кеңінен қодданылады. Жерді егістік мақсатында пайдалануда жеке топырақ қабатында ғана емес, бүкіл комплекс шеңберінде өзгеріс болатыны белгілі. Өйткені егістікті айналымға геологиялық құрылым, жер бедері, жер асты мен жер беті сулары, климат пен өсімдік жамылғысы да қатысады. Сөйтіп, бір жағынан территорияның табиғи жағдайы мен табиғи ресурстары, екіншіден ауыл шаруашылықтык өндірістік комплекс бір-бірімен тығыз байланыста біртұтас агроландшафтық жүйе құрайды. Осы агроландшафтық жүйенің экологиялық ортасы (ядросы) — агроценоз немесе егілетін ауыл шаруашылықтық дақыл. (Николаев, 1999).
В.А.Николаев бойынша бүкіл антропогендік ландшафтар модификациясынан агроландшафтар ұзақ уақыт бойы ауыл шаруашылығында агротехникалық жөне мелиоративтік шараларды пайдалана қолданылса да, олардың табиғи құрылымы қайтымсыз өзгеріске ұшырайды. Сондықтан, агроландшафтарды табиғи механизмі, яғни өздігінен қалпына келуі нашар табиғи-ауыл шаруашылықтық геоэкожүйе деп қарастыруға болады. Өйткені: 1) ұзақ тарихи уақытта дамыған табиғи тұрақты фитоценоздарды бір жылдық агроценоздармен ауыстыру; 2) бір жылдық агроценоздарда арам шөптер мен ауыл шаруашылығына қауіпті зиянкестердің иайда болуы; 3) топырақ қабатының механикалық құрамының өзгеруіне байланысты оның эрозия мен дефляция сияқты процестерге тұрақтылығы нашарлайды; 4) жасанды химиялық тьңайтқыштарды енгізу салдарынан топырақ фаунасы жойылады, жер асты суларының минералдық құрамына әсер етсді; 5) табиғи биогеохимиялық айналым өзгереді;
6)ландшафтардың түрлік құрылымы нашарлайды, морфологиялық бірліктерде аграрлық кешендер нығая түседі;
7) осылардың салдарынан территорияның шөлденуі, эрозияіа жөне дефляцияға ұшырауы үдемелі дамиды.
Дегенмен, егістікті аймақтарды және ауыл шаруашылықтық дақылдарды жүйелі ұйымдастыру территориялық ландшафтық қүрылымына сәйкес келу керек. Сондықтан егістікті және шабындықты жерлерден жоғары өнім алу территорияның ландшафтық құрылымына, қосылатын органикалық және минералды тыңайтқыштардын. сапасына, топырақтьң физикалық, химиялық қасиетіне тәуелді.
Алғашқы агроландшафтық комплекстер өзен аралықтарында және оған жақын орналасқаи территорияларда осыдан 10 мьң жыл бұрын пайда болған. Егін шаруашылығының алгашқы ошағы деп есептелетін Азияның егіс далаларында арпа, бидай, сұлы, бау-бақшаларында жүзім, алма, алмүрт, алша өсірілген. Сонымен қатар Жерортатеңіздік, Индонезиялық, Батыс Судан, Қытай, Үнді, Мексика мен Неруан сияқты көне егін шаруашылығы ошақтары да белгілі болған. Әрбір егін шаруашылығы ошақтарында литогендік негізге, гидроклиматогендік жагдайға, мөдени есімдіктер түріне, агротехникалық шараларға, мелиорация және тыңайтқыш түрлеріне байланысты табиғи комплекстердің мәдени агроландшафт түріне ауысуы бірдей болмаған.
Қазақстан территориясында егін шаруашылығына көшудің бастамасы мезолит дәуірін - осыдан 14 мың жыл бұрынғы кезенді қамтиды. Мартыновтың тұжыръшы бойынша, осы кезде Орта Азияда дәкейтун мәдениеті кеңінен тараған.
Агроландшафтардың пайда болуы мен дамуы егістік жерлерден жоғары өнім алу үшін ауыл шаруашылықтық және мелиоративтік шараларды кеңінен пайдалануды талап етеді. Антропогендік комплекстердің ең, көп тараған түрі — ауыл шаруашылықтық бірліктер. Жыртылған жерлердің, бау-бақшалардың және екпе шабындыктардың ауданы 19 млн км\ жайылымдар мен антропогендік шабындықтардың ауданы -28,5 млн км2 - құрлық ауданының 32 пайызы. Қазақстанда жыртылған жердің мөлшері бүкіл жер қорының 16 %-ына тен. Егін шаруашылығы мақсатында жыртылған жердің ауданы бойынша Қазақстан дүние жүзінде Индия, Ресей, АҚШ. Қытай, Канададан соң 6 орыы алады. Дегенмен, егін шаруашылығынын, жекелеген салалары үшін қолданылатын жердің сандық үлес салмағы бірдей емес.
Ежелден ауыл шаруашылықтык. егістік жерлердің орталығы ірі өзен бассейндері мен соған жақын орналасқан территориялар болған: Ніл, Инд, Ганг, Амудария, Сырдария сияқты көне өзен атырауларын айтуға болады.
Агроландшафтардың жіктелуі
Табиғи ландшафтармен салыстырғанда агроландшафтардың құрылымы динамикалық тұрақсыз және тез өзгермелі. Осыдан 50-60 жыл бұрын Қазақстанның солтүстік аймағында тың және тыңайған жерді игеру дала зонасына тән комплекстердің жасанды егістікпен алмасуы осының айғағы.
Агроландшафтық кешендер жалпы антропогендік ландшафтар модификациясы проблемасының бір бөлігі ретінде қаралып келді. Агроландшафтарды көптеген көрсеткіштері бойынша жіктеуге болады:
1) шаруашылықтағы құндылығы бойынша;
2) пайда болу мақсатына қарай;
3) шығу тегі бойынша;
4) өмір сүру ұзақтығы мен қайтып орнына келу деңгейіне қарай;
5) адамныц әсер ету деңгейіне қарай агроландшафтар төмендегідей топтарға жіктеледі:
1.Фитогендік ауылшаруашылықтык ландшафтар: табиғи өсімдік топтарьның түпкілікті өзгеруімен ерекшеленеді.Мысалы, егістіктер, жасанды жайылымдар мен қолдап отырғызған орман ағаштары.
2.Гидрогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар: топырақ қабатының су режимінің өзгеруі. Олар: егістікті, шалғынды-жайылымды және бау-бақшалы ландшафтар — бірде жасанды суару, бірде құрғату жұмыстарының алмасып отыруы. Екі жағдайдағы да гидрогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар жоғарғы биологиялық өнімділікпен сипатталады.
3.Педогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар — топырақ қабаты түбегейлі өзгеріске ұшыраған табиғи кешендер. Олар: көне суармалы егістікті аймақтағы оазистер, бұрынғы батпақты құрғатудан босаған топырақ қабаты т.б Педогенді ландшафтардың топырағының құрамы, қара шіріндінің сандық және сапалық құрамы өзгеше, өзіндік макро, микрофлора тән.
4.Литогендік ауылшаруашылықтық ландшафтар — аналық жыныс пен топырақ қабаты түпкілікті өзгеріске ұшыраған кешендер. Ұзақ уақыт бойы жер жырту салдарынан топырақ түзуші жыныстардың өзгеруі, рельефті жасанды түзету, беткейлердс терраса жасау т.б.
5.Польдерлі неодандшафтар — бір ландшафтын, екіншісімен түбегейлі ауысуы — таяз өзен, теңіздердің түбіне жасанды жолмен егістік пен бау-бақша егу. Дегенмен, агроландшафтардың көптеген түрлерінен кеңінен тарағандары: суарылмайтын жоне суарылатын агроландшафтар.
Достарыңызбен бөлісу: |