«ландшафттану»


Туңдра мен орманды тундраны



бет33/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Туңдра мен орманды тундраны мекендеген халықтардың шаруашылығының негізгі түрі - бұғы шаруашылығы. Мал шаруашылығының бұл түрі негізінде ТМД территориясьнда жақсы дамыған. Мұнда дүние жүзіндегі бұғының 70 пайызы өсіріледі. Солтүстік Америка құрылығында да бұғы өсіріледі, бірақ Еуразия құрлығымен салыстырғанда онда нашар дамы-ған.
Мал шаруашылығының басқа саласы сияқты бұғы шаруашылығының да табиғи комплекстердің дамуына тигізер әсері көп. Солтүстіктің қатал климаттық жағдайына байланысты ауа мен топырақ қабатының төменгі температурасы, қоректі элементтердің жетіспеушілігі табиғи ландшафтардың қайтып орнына келу қасиетін төмендетеді. Мысалы, қынаның жылдық өсуі 1-2 мм болса, онда нормадан артық мал жайылған жайылымның қайта қалпына келуі үшін 15-20 жыл қажет . Бұғыны отырықты жаю бір жерге өте көп бұғы отарларының жиналуына, яғни экожүйелердің тұрақтылығының нашарлауына себеп болады. Осының себебінен топырақтың беткі горизонты мен өсімдік жамылғысы нашарлайды, төсеніш беттің термикалық балансы бұзылады, мұзды қабат ериді. Субстраттың өзгеріске ұшырауынан эрозия, термокарст және солифлюкция процестері қарқындайды.
Тундра мен орманды тундра белдеулерінде жайылымның бірнеше түрін: қыналы, бұталы және қияқты шалғынды жайылымдарды пайдаланады. Оларды жыл мезгілдері бойынша: қыналы жайылымдар қыста, қияқты шалғындар жаз мезгілдерінде кезекпен қолданылады. Сонымен қатар, жайы-лымдарды мезгілдік пайдалануға әсер етуші болып келесі факторлар саналады: жел жылдамдығы мен малды шағатын әр түрлі жәндіктердің дамуы. Таулы өлкелер мен теңіз жағалауында малдың қыс мезгілінде жайылуына кедергі болатын фактор — жел, сондықтан олар жазғы жайылымға қолайлы
Жайылымдық аймақтардың өнімділігінің азаюына, тіпті жойылып кетуіне тау-кен онеркөсібі жақсы дамыған аймақтарда техника түрлерінің пайда болуы әсер етеді. Мысалы, қары еріген тундрадан 3 км жүріп өткен автомашина 1 гектар жайылымды жояды.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Агроландшафтардың типтері қандай?
2. агроландшафтардың жіктелу ерекшеліктері?
3. Агроландшафтарды геоэкологиялық бағалау қалай жүргізіледі?
4.Агроландшафтарды картаға түсірудің ерекшеліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет