Тақырыбы: Өсімдік жамылғысының вегетациялық кезеңідері
Жоспары:
1. Өсімдіктерінің ерекшелігі
2. Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану
Шөлейт зонасы өсімдіктерінің келесі ерекшелігі — вегетация кезеңінің ұзақтығы — көптеген өсімдіктер вегетация кезінде, ал кейбіреулері вегетациялық кезең аяқталған соң жеуге тиімді. Сондықтан мал жаю уақытын жоспарлау мен ауыспалы жайылым құрудың маңызы зор. Ауыспалы жайыйылымды жоспарлағанда жайылымда ұандай өсімдік топтары өседі, алып жатқан ауданы қанша екендігін де есепке алу керек. Өйткені өсімдік жамылғысының вегетациялық кезеңіне, малдың оны пайдалану жағдайына байланысты жайылымдар күздік, жаздық, қыс пен көктем айлары жайылымдары деп бөлінеді. Бірақ бүкіл Қазақстан территориясы бойынша біртекті ауыспалы жайылым сұлбасын құру әлі мүмкін емес. Өйткені, алдымен әрбір жекелеген шаруашылықтар мен облыстар көлемінде осындай сұлбалар болуы тиіс.
Әрбір жекелегел жайылымдар үшін мейлі ол жусанды, құмды жайылым болсын демалыс беріп түру керек, онын ұзақтылығы жайылым түріне байланысты. Құмды жайылымдарда үнемі, ал жусанды жайылым үшін өнімділігі орташа жылдарда, өйткені өсімдігі мүлдем жойылыл кеткен жусанды жайылымдардың қайтып өздігінен орнына келуі үшін 10-15 жыл қажет.
Жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану жұмыстары жайылымға дұрыс бағалау, онын, ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау, өнімділікті болжау мәліметтерін дұрыс пайдалану, керек кезде оған өзгерістер енгізу сияқты мағлұматтарға негізделеді. Ауыспалы жайылым сұлбасын өнімділікті болжау мәліметтерін есепке алмай пайдалану жағымсыз нәтиже беру мүмкін. Мысалы, жайылымда биыл 1 -2 рет мал жаю жоспарланып отыр дейік (сұлба бойынша) ал болжау бойынша өнімділік нашар, сондықтан екі рет жаю қой, 1-еу де жеткілікті. Өйткелі эрозиялық және эолдық процестер үдеуі мүмкін. Сондықтан ауыспалы егістік сұлбасына болжау мәлімсттсрін пайдалана отырып өзгеріс енгізіп отырса, жайылымның экономикалық тиімділігі артады Соңғы уақытқа дейін ғылыми мәліметтерге негізделген ауыспалы жайылым сұлбаларына көп көңіл аударылмай келді.
Жайылымды жерлерді жақсартуда екі әдіс кеңінен қолдалылуда: 1) жайылым мен шабындықты түбірімен жақсарту — ол үшін территория толығымен жыртылады да қолдан басқа өсімдік егіледі; 2) табиғи өсімдік жамылғысы сақталады, су режимі реттеледі, суарылады, химиялық тыңайтқыштар жібереді т.б.
Соңғы жылдары табиғи шөлді жайылымдарда жайылымда құрғақтануды болдырмау үшін кулис әдісімен (ұзын сабақты өсімдіктерді егу) бұталы өсімдіктер егеді (ақ және қара сексеуіл, жыңғыл т.б.)-
Жасанды шабындықтар мен жайылымдар ұйымдастыру үшін жабайы, бірақ нәрлі сапасы жоғары өсімдіктер егу жақсы жолға қойылған. Әр түрлі агротехникалық шараларды пайдалана отырып кейреук, изен сияқты жабайы өсімдіктер егіле бастады. Бұл өсімдіктер АҚШ пен Канада елдерінің шөлді аймақтарының жайылымдарында да пайдалалылып жақсы нәтиже беріп отыр.
Көп жылдық өсімдік — кейреук сұрғылт және тақырлы толырақ жамылғысында суармалы жағдайда жақсы өнім береді және түйе мен қой малдары үшін жақсы азық болып табылады. Мал шаруашылығында азық өнімін арттыруда тұзданған жерлерді игерудің болашағы зор. Оның негізіне әр түрлі мелиоративтік шараларды пайдалана отырып, сортаңды жерлерді суармалы шабындыққа айналдырады. Сонымен жоғарыда аталып өткен шаралар іске асып жатса, онда шөлді аймақтарда қаракөл қойы мен түйе шаруашылығының дамуына жақсы жағдай тумақ.
Достарыңызбен бөлісу: |