«ландшафттану»


Интенсивті ауылшаруашылықтар



бет29/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Интенсивті ауылшаруашылықтар

Жоспары:
1. Интенсивті ауылшаруашылығы дамыған елдер
2. Жасанды суарулар

Интенсивті ауылшаруашылығы дамыған Батыс Еуропа, АҚШ және басқа елдерде фосфор тыңайтқыштарымен, ағын сумен, атмосфера арқылы жиналатын ауыр металдардың ішінде кадмий (Сd) негізгі ластандырушы элемент болып есептеледі, әсіресе фосфор тыңайтқышы арқылы кадмийдің шоғырлануы күрт артады. Негізгі аудандары: Нидерланды, Белгия, Солтүстік-Батыс Германия, Оцтүстік Англия, Польшаның оңтүстігі, Италияның солтүстігі, Донбасс, Москва маңы. Ауыр металдардың сапалық және сандық құрамының, фондық шамадан ауытқуы өнеркәсіпті аймақтарға жақын орналасқан агроландшафтарда дамиды. Әсіресе, өнеркәсіптік ағын судағы химиялықық элементтердің спектрі басым. Шоғырлану коэффициенті жоғары химиялық элементтер: Сd, Аg, (ШК - 200 және одан да көп), Нg, Ві, Zn, Сг, Сu,Ү, Sn. (ШК — 100-200). Өсімдіктерге химиялық элементтерді сұрыптап сіңіру қасиеті тән. Сондықтан агроландшафтарға экологиялық баға беруде ауылшаруашылықтық дақылдардың түрлік биогеохимиялық қасиетін есепке алу керек. Мысалы, кофе басқа мәдени дақылдармен салыс-тырғанда кадмийді ондаған есе, саңырауқұлақтар — Аs,Y және Аg, томат — Со және Ве, капуста - Со және В, қызылша — Lі, үрме бұршақ — Мо мен В, жоңышқа — Sr, Ва мен В көп сіңіреді екен.


Жер бетінде пестицидтердің 100 мыңнан астам түрі белгілі. Оларға насекомдарға қарсы күресте қолданылаған (инсектицидтер), арам шөптерге (гербицидтер), өсімдік ауруына қарсы (фунгицидтер, бактерицидтер), өсімдіктің өсуін реттеп отыратын (дефолианттар) т.б. жасанды органикалық қоспалар жатады. Батыс Еуропа, АҚШ және Жапонияда ауылшаруашылығында қолданылатын пестицидтердің мөлшері 70-80% -ға тең. Олардың көпшілігі, әсіресе, ДДТ ондаған жылдар бойы ыдырамай топырақта, су түбіндегі жыныстарда, организмде, азық-түлік тізбегінде жиналып қалады. Пестицидтерді өндіру мен оны ауылшаруашылығнда пайдалану биосфера қабатын жасанды қоспалармен ластау қаупін арттырады. Кейбір пестицидтердің құрамында хлор мен фосфор сияқты органикалық қоспалармен қатар улы мышьяк тәрізді микроэлементтер кездеседі. Жер беті ағын суларымен миграция арқылы пестицидтер өзен, көл аңғарларынын түпкі жыныстарында жиналады: Мысалы, Волганың атырауында 20 нг/ғ болса, Ніл өзенінде 30-80 нг/г.
Жасанды суару нәтижесінде Азия, Африка, Америка мен Австралияның басым бөлігі оазиске айналған, % яғни химиялық элементтердің биологиялық айналымы, топырағы мен климаты өзгерген антрогендік ландшафт модификациялары қальштасқан. Бұл территориялардағы жасанды суарудың геохимиялық салдары — жер асты суларының көтерілуі мен қайта тұздануы. Осының салдарынан табиғи ландшафтардын жер асты суларынын кальцийлі, кальцийлі-натрийлі құрамы сульфатты магнийлі-кальцийлі және сульфатты магнийлі-кальцийлі типке ауысады. Тұзданған топырақ қабатында булану салдарынан геохимиялық тосқауылдар дамып, онда тез еритін натрий, хлор, күкірт тұздарымен қатар Sr, Мо, В, Ғ, Se, Вг, Ү микроэлементтер де шоғырланады. Суармалы егіс-тіктен пайда болатын келесі жағымсыз процесс - жер асты суларының егістіктің тұзды суымен ластануы. Бұл ірі өзен бассейні суларының химиялық құрамының трансформациясына әсер етеді. Н.Ф.Глазовскийдің мөліметтері бойынша, Сырдария өзені суының минералдығы төменгі ағысында 1960 жылы әрбір литріне 0,8 грамм болса 1985 жылы 2,8 грамға артты.
Егістікті жердің ауданын арттыру мақсатында жыл сайын Бразилия, Колумбия, Индонезия т.б. елдердің ылғалды тропиктерінде 12 млн гектарға жуық орман ағаштары кесіледі. Бұл процесс су эрозиясы қалыптасуының алғы шарты болса, орман өртінің әсерінен атмосфераға қосылатын СО2 мөлшері артады. Топырақ эрозиясының себебінен өзен, көлдерге азот, фосфор, ауыр метаддар, пестицидтермен қатар сазды жыныс жиналып, су көздерінің деңгейінің төмендеуіне, ластануына әсер етеді. АҚШ-та топырақ эрозиясының әсерінен су көздеріне сазды жыныстың 90 %, фосфордың 53 % қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет