«ландшафттану»


Тақырыбы: Жайылымдық антропогендік ландшафтар



бет30/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Тақырыбы: Жайылымдық антропогендік ландшафтар

Жоспары:
1. Табиғи жайылымдық жерлердің экономикалық тиімділігін арттыру
2.Шалғынды, шабындықты жерлерді жақсарту

Кез келген территорияның ауыл шаруашылық саласында жайылымдық жерлердің үлес салмағы аз болғанымен, басқа табиғи комплекстермен салыстырғанда антропогендік әсерге тұрақсыз болады.


Табиғи жайылымдық жерлердің экономикалық тиімділігін арттыру тек оларға дұрыс шараларды пайдалана білуде ғана емес, сонымен қатар жердегі ірі массивті құмдарға, ауылшаруашылығына жарамсыз жыртылған жерлерге, жасанды өнеркәсіп үйінділеріне көп жыддық өсімдіктер отырғызу. Бүкіл вегетациялық кезенде жануарлар нәрлі өсімдіктермен қоректенеді. Бірақ мұндай көрсеткіштер жыл сайын бола бермейді. Ылғалы мол жылдар мен жайылымды алқаптарды дұрыс пайдаланғанда ғана нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізуге болады. Ал қуаңшылық жылдары өсімдік жаздың ортасында күйіп кетеді. Сонымен қатар малды шамадан тыс жаю, өсімдіктердің өнімділігі мен биологиялық ерекшеліктерін есепке алмау жайылымдық жерлердің нашарлауының бірден-бір себебі болып табылады. Сол себепті шабындық өсімдіктерінің нәрлік құны төмендейді, мал жемейтін өсімдіктер өсіп, механикалық құрамы жеңіл топырақта эрозиялык, процесс дамиды.
Көп жылдық ауа райы көрсеткіштері мен мезгілдік ерекшеліктерге сүйене отырып, жем-жөптің қорын, тиімді пайдалану жолдарын шешуге мүмкіндік туады.
Ғылыми мақалаларға назар аударар болсақ, қүрғақ жылдары өсімдіктердің азықтық құнының 1,5-2 есе төмендеп кететін байқауға болады. Сондықтан жайылымдық жерлерді пайдалану өсімдік түрлерінің биоэкологиялық ерекшелігің, өнімділігін, мезгілдік даму ритмін есепке алуды талап етеді. Осыған байланысты табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану мен жақсарту шаралары ғылыми тұрғыда көп жылдық биоэкологиялык, мәліметтерді пайдалануды талап етеді.
Елімізде шалғынды, шабындықты жерлерді жақсартуда елеулі жеңістерге қол жетіп отырғанымен, әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселелер жеткілікті. Сондықтан да жоғарғы экономикалық көрсеткіштерге жету жолында жүзеге асырылатын жұмыстар баршылық. Табиғи жайылымды жақсарту жолында жасанды азық-түлік базасын құру, суландыру жұмыстарын жүргізген жөн.
Метеорологиялық жағдайдың аномальды көрссткіштері вегетациялық кезеңнің ғана емес жалпы өсімдік жамылғысының өзгерісіне, өнімділігіне әсер етеді. Сондықтан стационарлық ізденістер жүргізу арқылы азық-түлік картасын түсірген жөн. Өйткені өсімдік өнімділігі кең аумақта өзгеріп отырады яғни кеңістікте әрқалай. Мысалы, Арал тсңізінің солтүстік бөлігіндегі жусанды жайылымдарда 10 жылдың 4-5-інде өнімділік төмен, ал 3-уінде орташа, 2-уінде жоғарғы, яғни өнімділігі нашар кезең — 50-60%, орташа өнімділік — 30%, ал ең жоғарғы көрсеткіш — 15-20% қана.
Шабындықты жерлерді тиімді пайдалану көптеген көрсеткіштерге: өсімдік түрлеріне, биологиялық ерекшелігіне, тамырының таралуы және жер беті мен жер асты органдарының, қарым-қатынасына негізделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет