«ландшафттану»


Суармалы егістіктің агроландшафтары



бет28/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

Суармалы егістіктің агроландшафтары
Мелиоративтік шара ретіпде суармалы егістік ылғалды және құрғақ климаттық аймақтарда кеңінен қолданынады. Ылғалды климатта суды көп қажет ететін дақылды еккенде немесе ылғалдың түсуі біркелкі болмаған жағдайда суару жұмыстары жүргізіледі. Аридті территориялармен салыстыр-ғанда ылғалды климатта суару әсерінен ландшафттардың түпкілікті өзгсруі әлсіз. Муссонды тропиктің күріш егістіктерінде ғана табиғи ландшафтың өзгеруі айқын байқалады. Суармалы егістікті тиімді пайдалану нәтижесінде егін алқаптарынан жылына 2-3, субтропик пен троиик зоналарында 6-8 рет өнім жинауға болады.
Соңғы 50-70 жылдың ішінде суармалы егістіктің ауданы қарқынды артуда. XX ғасырдың басында суармалы егістіктің ауданы 40 млн гектар болса, қазір 200 млн гектардан астам.
В.А.Ковданың мәліметтері бойынша, 2000 жылдың соңында суармалы егістік ауданы 300 млн гектарға жетеді. Оның 65% Азия елдерінің үлесіне тиеді. Суармалы егістік дүние жүзі елдерінің 60 мемлекетінде қолданылады. Әсіресе, дамып келе жатқан елдерде қарқынды артып отыр, өйткені бұл елдер халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің тиімді жолы -ирригацияны пайдалану екеніне көздері жетті.
Суармалы егісітіктің аудандары Үндістанда, Пәкістанда, Египетте, Иранда, Иракта, Мексикада тез артып отыр. Бірақ, ирригацияның ауданын арттыру ескі техникалық суару жүйелерін түбірімен ауыстыруды, теңіз суын тұщыландырудың тиімді жолдарын іздестіруді, батпақтану және тұздану сияқты процестермен күресті жақсартуды талап етеді.
Суармалы егістіктің ауданы АҚШ пен Австралияда үнемі артып отыратыны анықталды. Соңғы ширек ғасырда АҚШ-та екі есе артты, қазір оның көлемі 20-23 млн гектардан астам.
Суармалы егістік ландшафтары термикалық ресурстар жеткілікті аймақтарда қалыптасады. Бірақ, богарлы егістікпен салыстырғанда ирригациялық эрозия қаупі болғандықтан, рельеф ерекшелігіне қойылатын талап жоғары. Территорияның геоморфологиялық жағдайы, рельефтің тілімденуі егістіктің дренаждалу ерекшелігін анықтайды. Мысалы, күріш дақылы механикалық құрамы ауыр, күрделі дренажды қажет ететін топырақ қабатында дамиды. Қазақстан территориясы бойынша суармалы егістік ірі өзен аңғарларында (Іле, Шу, Ертіс, Сырдария т.б.), көне өзен атырауларында, аллювиальды жазықтарда жақсы дамыған. Сонымен қатар Жоңғар, Іле Алатаулары сияқты жер асты сулары жақын орналасқан тау алды жазықтарында кеңінен тараған. Мұндай жерлерде бет-кейлік шайылу жоғары және ирригациялық жүйелерді салу күрделі құрылыстық жұмыстарды қажет етеді.
Әсер ету түрі мен оның қарқындылығына байланысты агротехногенездің (агротехногенез, Перельмен мен Касимов бойынша) геохимиялық екі типі мен бірнеше подтиптерін жіктейді. Бірінші тип табиғи ландшафтарға агротехногенездің тура геохимиялық әсері — жерді агротехногендік өндеу, ауылшаруашылығы егістігінде химиялық тыңайтқыштарды қолдану; екінші тип — геохимиялық әсердің жанамалы түрі гидромелиорация, топырақ эрозиясы, орман ағаштарын кесу кезінде қалыптасатын өзгерістер.
Агроландшафтардың өнімділігін арттыру, жиналған астықпен шығынға түсетін химиялық элеметтердің орнын толтыру үшін,зиянды насекомдар мен микроорганизмдермен, арам шөппен күресу үшін әр түрлі минералдық және органикалық тыңайтқыштар, пестицидтер, агрохимилық шаралар қолданылады. В.А.Ковда мен В.Г.Минеев т.б. ғалымдардың зерттеулері бойынша, химияландырудың жағымды жақтарымен қатар жағымсыз жақтары, яғни химиялық элементтердің балансы мен айналымында өзгеріс байқалады. Химияландырудың жағымсыз әсері: топырақ, өсімдік, су жамылғысының, жануарлар мен адам баласының азот, фосфор, ауыр металдар мен пестицидтермен ластануы. Бірақ әр түрлі аудандарда ластану деңгейі мен элементтердің құрамы әр алуан. Жалпы, минералдық тыңайтқыштер мен химияландырудың басқа да шаралары агроландшафтарды ластандырушы негізгі фактор болып есептеледі. Сондықтан агро-ландшафтардың геохимиялық құрылымы мен ондағы биологиялық айналымның трансформациясын, ластандыруіпы элементтердің радиальды және латеральды миграциясын зертеудің маңызы зор. Сонымен қатар агроландшафтардың химияландыруға тұрақтылығы мен жауап қайтару қасиетін зерттеп, олардың геохимиялық классификациясын құрастыру қажет.
Жоғарғы өнім алу мақсатында қолданылатын тыңайтқыштар ландшафтардың барлық компонеттеріне әсер ететін болғандықтан, ластандырушы химиялық элементтердің миграциясы мен шоғырлану ерекшеліктерін жергілікті деңгейде ғана емес, одан да ірі территориялық жүйелерде — катеналарда, ландшафт шеңберінде, ірі өзен бассейндерінде өткізген дұрыс. Агротехногенез нәтижссінде өсімдіктерде, жануарлар мен адамдарда пайда болатын аурулардың таралу себебін де анықтау қажет.
Агроландшафтарда кеңінен қолданылатын тыңайтқыштардың бірі — азот тыңайтқышы. Ауылшаруашылыктық өніммен шығын балансына кететін азоттың мөлшері әр территорияда әр түрлі. Батыс және Орталық Еуропада жиналған өніммен кететін азоттың мөлшері шамамен 50-60%, ал Орыс Жазығында небәрі 15-25%. В.Н.Башкиннің мәліметтері бойынша агроландшафтарда жылына минералдық тыңайтқыштармен, жауын-шашынмен жиналатын азоттың мөлшері 120 млн тонна болса, оның шығыны жылына 140-170 млн т. Дегенмен, интенсивті егін шаруашылығы дамыған аймақтарда азот айналымындағы кіріс пен шығын шамасы бір-біріне сәйкес келмейді; кіріс мөлшері шығыннан 20-30% артық, сондықтан мұндай агроландшафтар шекарасындағы компоненттерде (топырақта, ауылшаруашылық өнімінде, жер беті мен жер асты суларында) азот нормадан артық. Әсіресе, азотпен қатты ластану ірі өзен аңғарлары мен жайылмаларында (Вогіа, Амудария, Сырдария т.б.) жақсы бағыт алған жемістердің құрамында байқалады. Осы территорияларда өсетін жемістің құрамындағы нитрит пен нитраттың мөлшері ПДК шамасынан бірнеше есе артық. Мысалы, бір килограмм шикі өнімде нитраттың мөлшері 200-250 мг, әсіресе азық-түлікте мугагенді қасиеті жоғары (организмде жаңа өзгерістің пайда болуы) нитрозоаминдердің (СН) жиналуы өте қауіпті. Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша ішуге жарамды суда нитраттың мөлшері (ПДК) литріне 45 мг-нан аспау керек.
Агроландшафтардың ластануы фосфор тыңайтқыштарымен де тығыз байланысты. Басқа тыңайтқыштармен салыстырғанда фосфордың құрамында химиялық элементтер басым кездеседі. Мысалы, суперфосфатта Р-дан басқа 1,5%-ға дейін Ғ, 0,005% - Cg, 0,005-0,03% Аs, 5-10% - ККҮ және сирек кездесетін элементтер Sг, Си, РЬ кездеседі. А.И.Ачкасовтың есептеуі бойынша, Ү, Аs, Сd элементтерінің фосфордан айырмашылығы олар өсімдіктің сіңіру мүмкіншілігінен 1000 ссс, ал Ғ жүздеген есс артық енгізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет