Байланысты: kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi
Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы. Мақсаты: Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафттарын қарастыру.
Жоспар:
1. Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшелігі.
2. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі.
3. Орташа таулардың, аласа таулардың, аласа таулардың, тау аралық жазықтардың, шатқалдардың ландшафттары.
Ландшафттық дифференциацияға зоналық және секторлық жылу, ылғалданудың өзгеруінен кейінгі негізгі фактор болып - құрлықтың теңіз деңгейінен қаншалықты биікте жатқаны кіреді. Осы фактордың әсерінен ландшафттық сфера сатылы құрылымға ие болады: әртүрлі биіктік белдеулерде өзіне сәйкес ландшафттар класы қалыптасады. Жазық территориядағы қалыптасқан ландшафттардан-ақ абсолюттік биіктіктің алғашқы 100 м-ге дейінгі ауытқуларынан гипсометрлік орынның әсерін байқауға болады. Белгілі бір биіктік шегіне дейін рельефтің өсуі ландшафттардың сол зонаға сәйкес қасиеттерін жоймайды. Осы шектен жоғарылағанда ландшафттарда көршілес солтүстікте (солтүстік жарты шар үшін) жатқан ландшафтар қасиеті басым болады да, биіктік өскен сайын басқа ландшафттық белдеуге ауысады. Бұл заңдылықты биіктік белдеулігі деп атайды. Биіктік белдеулік шартты түрде зоналық ендіктің аналогы ретінде қаралады.
Биіктік белдеудің қалыптасуының негізгі себебі жылу балансының жоғарылаған сайын өзгеруі. Дегенмен, биіктік пен ендік бойынша температура өзгеру қасиеттері әрқалай. Күн радиациясының мөлшері биіктеген сайын азаймайды, керісінше, әрбір 1000 м биіктікке 10 артып отырады. Оның негізгі себебі атмосфера қабатының қалыңдығы мен тығыздығының азаюынан, құрамындағы су буларымен шаң-тозаңдардың мөлшерінің кемуінен. Дегенмен, Күн радиациясы жыл бойы жоғарғы биіктікте тепе-теңдікте, біркелкі болады, ал оның құрамының өзгеруі ультракүлгін сәулелердің көбеюінен. Бірақ, жер бетінің сәуле шашу қасиеті инсоляцияға қарағанда биіктеген сайын тез өседі. Осының нәтижесінде радиациялық баланс азаяды, ауа температурасы төмендейді. Биіктік бойынша температуралық градиент горизонтальдықтан 100 есе көп, сондықтан биіктік бойынша бірнеше км аралығында экватордан мұз зонасына дейінгі созылған көптеген физгеографиялық өзгерістерді бақылауға болады.
Жоғары көтерілген сайын ылғалдану процесі де өзгереді, бірақ бұл өзгеріс өзінің қарқындылығы мен бағыты бойынша зоналық ендік өзгерісімен сәйкес келмейді. Ауаның ылғалдығы биіктеген сайын азаяды, таулардағы жауын-шашын мөлшері көбейеді, бірақ белгілі бір биіктікке дейін ылғалдану қоры азайған сайын жауын-шашын мөлшері де азаяды. Максимальды жауын-шашын деңгейі құбылмалы да, ылғалды облыстарға қарағанда құрғақ жерлерде жоғары. Мысалы, Альпі тауларында ол 2000 м, Кавказда 2400-3000 м, Тянь-Шаньда 3000-4000 м биіктікте орналасқан. Тауларда жел жақ беткейлердегі жауын-шашын мөлшері ық беткейлерге қарағанда бірнеше есе көп. Дегенмен, орографиялық ерекшеліктеріне қарай таулардағы жауын шашын мөлшері бірдей емес (беткей экспозициясы, тілімдену, т.б.). Сонымен абсолюттік биіктік жауын-шашын мөлшерінің көбеюіне қосымша рөл атқарады.
Шындығында, биіктік белдеулер мен зоналық ендік арасында тек сыртқы ұқсастық байқалады. Көбінесе өсімдік жамылғысында ғана, онда да әрқашан емес. Көптеген биіктік белдеулерге биіктік-зоналық аналогтарды табу мүмкін емес (мысалы, Тибет пен Шығыс Памир тауларындағы Альпі жайылымдарына). Екіншіден зоналық болып келетін пассат белдеулеріндегі шөлдердің аналогын таулардан табуға болмайды. Биіктік белдеулер құрылымы, функциональдық ерекшеліктері жағынан зоналық ендіктерден айырмашылығы бар (тау құлауы, тасты лайлы тасқындар, қар көшкіндері).
Сонымен биіктік белдеулер қатары жазықтықтағы ландшафттық зоналардың тура көшірмесі емес. Егерде дәл осындай қатынас болған жағдайда тайга зонасынан оңтүстіккі орналасқан таулы аймақтарда, мысалы, Орта Азиялық шөл зонасындағы тауларда белгілі бір биіктікте таулы тайгалық белдеулерді кездестірген болар едік. Шындығынды бұлай болуы мүмкін емес, көптеген таулы өңірлерде орманды белдеу тіпті кездеспейді. Жер бетіндегі тау сілемдерінің биіктік системаларының әрқалай екендігі анықталды. Биіктік белдеулер саны зоналық ендіктен біршама екендігі айқындалды. Биіктік белдеулердің әртүрлілігі таулардың қандай ландшафттық зонада орналасқанына және олардың орографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен әрбір ландшафттық зонаға өзіне тән биіктік белдеу типі немесе белдеу қатары тән, осыған байланысты белдеулер саны, орналасу ерекшеліктері, биіктік шекаралары әрқалай. Экваторға жақындаған сайын белдеулер саны көбейеді, белдеулер қатарының құрамы өзгереді. Белдеулердің вертикальдық бағытта әртүрлі ландшафттық зонаны кесіп өтетінін тау қыраттарынан байқауға болады. Мысалы, Орал таулы қыраты.
Орографиялық құрылымы жағынан күрделі және әртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысқан орталығында орналасқан таулы системалардың биіктік белдеулері күрделі, дегенмен мұндай жағдайда да бір ландшафттық зонаға сәйкес келетін биіктік белдеулер спектрін анықтауға болады. Мысалы, Кавказ тауларында 6-7 негізгі биіктік белдеулерді бөлуге болады.
Климаттың континентальдығына, ылғалдың режимі мен қарқындылығына байланысты әрбір физгеографиялық сектордағы биіктік белдеулердің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, мұхит маңына жақын орналасқан секторларға альпі шалғынды белдеуі тән, ал континенталды аймақтарда оның орнына таулы тундра белдеуі қалыптасады. Керісінше таулы далалық белдеу тек континентальдық секторларда қалыптасады. Әсіресе төменгі ендіктерде орналасқан секторларда биіктік белдеулердің толық жиынтығы қалыптасып, біртіндеп жоғарғы ендіктерге жылжыған сайын төменгі белдеулер жоғалып, белдеулердің шекаралары төмендейді, мысалы, Қиыр Шығыстың жалпақ жапырақты зонасында орналасқан Сихоте-Алинь тауының оңтүстік бөлігінде 500 м дейін жалпақ жапырақты орман, аралас орман 800—900 м , таулы қылқан жапырақты тайга 1300-1500 м, ал ең жоғарғы биіктіктерінде таулы тундра мен тас қайыңнан тұратын сирек орман белдеулері орын алған. Ал таулы қыраттың орталық бөлігінде (470 с.е. шығыс беткей) төменгі белдеу жоғалып, биіктік белдеу қатары аралас орман белдеуінен басталады. Сихотэ-Алиннің солтүстігінде белдеулер – таулы қылқан жапырақты тайгадан басталады. Ал Камчаткада жоғарыда аталған белдеулердің үшеуі де жоғалып, биіктік белдеудің “1-қабаты” тас қайыңды белдеуден басталса, оның солтүстік бөлігінде биіктік белдеу негізі – төсеніш бұтадан басталады, жалпақ жапырақты орман зонасында бұл белдеу таудың ең жоғарғы ярустарына сәйкес.
Егер биіктік белдеулердің құрамының ауысуын белгілі бір зона бойынша қарастыратын болсақ, онда белдеулердің зоналық типінің бір-бірінен белдеулердің саны емес сапасы жағынан айырмашылығы бар, әртүрлі секторлар вариантынан тұратынын көреміз. Мысалы, тайга типті белдеудегі барлық таулы ландшафттардың биіктік қатарының схемасы бірдей, бірақ әрбір белдеуге өзіне тән секторлық ерекшеліктер бар.Евразия тайгасының төменгі таулы тайгалық белдеуі батыс, шығыс бөлігінде бірдей қалың қарағайлы ормандардан, ал Шығыс Сібірде сирек қарағайлы ормандардан тұрады. Сонымен зоналық, секторлық заңдылыққа бағынған биіктік белдеулер қатары орографиялық жағдайға байланысты күрделене түседі. Әрине жекелеген зоналарға немесе секторларға тән биіктік белдеу “спектрінің” толықтылығы таулардың биіктіктеріне байланысты: орта немесе кіші биіктіктегі тауларда жоғарғы биіктік белдеу қатарлары болмайды.
Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы болып табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты: орта немесе кіші биіктіктегі тауларда жоғарғы биіктік белдеу қатарлары болмайды.
Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Экспозицияның 2 типі болады: солярлық немесе инсоляциялық, желдік немесе циркуляциялық.
Соляллық экспозицияға беткейлердің жылу, сонымен қатар су режимі байланысты. Солтүстік беткейлерге қарағанда оңтүстік беткейлер тез қызады, булану процесі интенсивті болады, яғни біркелкі жағдайдың өзінде құрғақтау. Сондықтан оңтүстік беткейлердегі биіктік белдеулер шекарасы солтүстікке қарағанда біршама жоғары. Бір-біріне қарама-қарсы орналасқан солярлық беткейлердің айырмашылығы әсіресе әртүрлі ландшафттық зоналардың қиылысында орналасқан таулы системаларда айқын байқалады. Мысалы, Оңтүстік Забайкалье тауының солтүстік беткейі орманнды, ал оңтүстік беткейінде далалы өсімдіктер кездеседі. Полярлық және тропиктік ендіктерге қарағанда қоңыржай ендікте солярлық экспозицияның әсері қатты байқалады. Жоғарғы ендікте полярлық күн қалыптасқан кезде барлық экспозиция беткейлері бірдей жылумен қамтамасыз етіледі, ал төменгі ендікте күн горизонттан жоғары тұрғандықтан беткейлердің инсоляция айырмашылығы бірдей емес.
Желдік экспозиция 2 түрлі рөл атқарады. Біріншіден, ол бір-біріне қарама-қарсы орналасқан беткейлердің термикалық режиміндегі айырмашылықты арттырады, сөйтіп солярлық экспозицияның эффектін күшейтеді. Мұндай ерекшелік батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау қыраттарына тән (Альпі, Қырым таулары, Үлкен Кавказ). Бұл таулы аймақтардың солтүстік беткейлері суық ауа массаларының әсерінде болса, оңтүстігінде суық ағыстардың әсері аз болады. Сондықтан осындай таулы қыраттар көбінесе ландшафттық зоналардың шекарасы ретінде қаралады.
Екіншіден, желдік экспозицияның климатпен беткейлердің ландшафтына әсері соңғысының ылғал орталықтарына қалай бағытталғанына байланысты, яғни ылғалды ауа массаларына, бағытына, циклондар траекториясына. Батыс ағындар басым аймақтарда жауын-шашынның көп мөлшерін батыс беткейлер, ал муссондық секторда шығыс беткейлер алады. Алай таулы системасында жауын-шашынның басым бөлігі оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлерге жауады, өйткені көктем айларында оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан иран циклонының әсерінде болады.
Таулардың ық жақ беткейлері тосқауылда немесе жауын-шашын “көлеңкесінде” орналасып, фендардың әсерінде болса, онда жел жақ беткейлерге қарағанда құрғақ болады. Құрғақ климатты территорияларда экспозиция әсері ең көп жауын-шашын түсетін белдеуде жақсы байқалады. Солтүстік Тянь-Шань тауларында бұл белдеу теңіз деңгейінен 1500-3000 м биіктікте орналасқан, осы деңгейде солтүстік және батыс беткейлерде қалың қарағайлы орман қалыптасқан, ал қарама-қарсы беткейлерде кездеспейді.
Сонымен, биіктік белдеулердің зоналық типтері мен секторлық варианттарының бөлінуі материктердің орографиялық құрырымының жалпы жоспарына бағынышты болады. Биіктік белдеулердің дифференциациясының әртүрлілігі мен ала-құласының қосымша факторы – тау системасының басқа да орографиялық элементтері. Бірнеше параллельді қыраттардан тұратын күрделі таулы системаларда шеткі қыраттарда ортасындағылармен салыстырғанда ылғалдану жағдайы жақсы. Жан-жағынан таулармен қоршалған депрессиялар тау беткейлеріне қарағанда құрғақ, континентальдық климатпен және аридті биіктік белдеу спектрімен сипатталады. Континентальдық климат басым, температуралық инверсия және атмосфераның антициклональдық жағдайы оқтын-оқтын қайталанып отыратын аймақтарды тауаралық қазаншұңқырларда белдеу инверсиясы болуы мүмкін, яғни биіктік бойынша белдеулердің керісінше орналасуы. Сонымен, биіктік белдеулердің таулардың ландшафттарының дифференциациясына әсері басқа да факторлармен тығыз байланыста екен. Айта келетін бір жай биіктік белдеулер өзінің табиғаты жағынан азональды болса да, пішінін зоналық ендік пен секторлықтың әсерінен қалыптастырады.
Республика территориясындағы аласа таулы аймақтарға онша биік емес тау сілемдері мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларыныц 1900—2000 м-ге дейнгі бөліктері жатады. Аласа тау сілеміне Маңқыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қызылтас, Баяпауыл, Ерейментау, Шыңгыстау, Қаратау,Шу-Іле, Қалба тау жоталары да кіреді. Бұлардың Маңқыстаудан басқасы палеозой эрасында өткен каледон және герңин қатиарлану кезеңцеріпде түзілген. Мезозой мен кайиазой эраларыида сыртқы күш әрекетінен үгіліп, і мужіліп тегістелгең қазіргі Сарыарқа тау жоталарынық жүйесі қалыптасқан. Маңқыстау тауы мезозой эрасындағы киммериялық қатпарлануда түзілген. Ол да бор, палеоген дәуірлерінде тегістелу процесіне ұшыраған. Неогенде басталған альпілік орогенез Қазақстандагы барлық тау- лардың жаңарып қайта көтсрілуіне себепші болады. Бірақ неотектоникалық қозғалыстардың қарқыны аласа тау- ларда өте баяу өтуде. Қазақстамдагы аласа таулардың гео- логиялық құрылысы бір-біріне өте ұқсас, көбіне мета- морфтанган иалеозойдық тақтатастан, құмтастан, кварциттен, мәрмәрленген әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядағы, жанартаулы эффузивтерден тұрады. Тек Маңқыстау тауы ғана пермь, триас дәуірлерінің метаморфтанган құмайтты,тақтатасты және
конгломератгы жыныстарынан түзілген. Бұлардың қазіргі жер бедсрі аридті денудациялық жолдармен түзілгем, ұсақ шоқылы тау бастарымың, текшеленген бет-кейлердің және тау алды еңісті жазықтардың тізбегінен тұрады. Климаттық, гидрологиялық жағдайлары, соларға орай қалыптасқан топырақ жамылғысы және өсімдіктер мен жапуарлар дүниесі әр түрлі болып келеді. Демек, ландшафт типтері жәнс олардың негізгі құрылымы бірдей болып келмейді. Қазақстаиныц аласа тауларында шөл, шөлейт, дала, орманды дала және орман типтес ландшафтылар тараған.
Аласа таулардың шөл типтес ландшафтылары Маңқыстау таулары мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500—700. м-ге дейінгі тау жоталарында, тау алды, тау иіні жазықтарында тараган. Бұл жерлердс табиғи ландшафтылар өте құргақ континентті климат жағдайында қалыпгасқан. Қысы қатты, қара суықты болып кследі, тұрақты қар жамылгысы болмайды. Көктемі жылы, қысқа, тез өте шығады, эфемерлер мен эфемероидтардың ғана көктеп, өсіп жетілуіне қолайлы. Жазы ыстық, құрғақ, ұзаққа созылады.