«ландшафттану»


аудандастырудың мазмұны мен мақсаты. Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен әдістер



бет19/66
Дата14.04.2022
өлшемі0,95 Mb.
#139365
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
kazakstan respublikas au lsharuash l g ministrligi

аудандастырудың мазмұны мен мақсаты. Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын принциптер мен әдістер.
Алғаш рет география ғылымына физгеографиялық аудандастыру терминін енгізген Г.И.Танфильев болатын. «Физико-географические области Европейской России, 1897ж. Ол физгеографиялық аудандарды шаруашылықтық аудандарды жіктеудің негізі деп түсінді. Осы кезеңнен бастап аудандастырудың теориялық және қолданбалы мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар кеңінен өріс алды.
Қазіргі кезде бір-біріне ұқсас, ортақ ерекшеліктері көп болса да физгеографиялық аудандастыруға берілген анықтамалар көп-ақ. Мәселен, аудандастыру кезінде табиғи ортада объективті түрде өмір сүретін табиғи кешендерді тани білу, анықтау және олардың жиынтығынан біртекті географиялық қабаттың қалыптасатыны, яғни кешендердің ұқсастық және айырмашылық деңгейіне байланысты жекелеген табиғи аймақтарды жіктеу. Сонымен қатар кейбір ғалымдар топтастыруды, картографиялық бейнелеуді, табиғи ресурстарды және аймақтың жіктелуіндегі айырмашылықтың да себептерін есепке алады. /Н.А.Гвоздецкий, А.А.Григорьев, Ф.Н.Мильков, В.Б.Сочава т.б. Ал енді кейбіреулері физгеографиялық аудандастыруды табиғи ортаның әр алуандығын танып білудегі әдіс деп түсінеді. А.Д.Арманд., Т.П. Куприянова/.
Дегенмен, физгеографиялық аудандастыру күрделі теориялық және әдістемелік мәселелерді қамтитыны анық. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру дегеніміз объективті түрде өмір сүретін табиғи және өзгерген кешендерді анықтау, картаға түсіру, жіктеу, олардың заттық құрамымен, құрылымымен, байланысымен және олардың қалыптасуына әсер етуші процестермен танысу. Нақтылы айтқанда аудандастырудың негізгі объектісі – алып жатқан территориясы мен күрделілігі әртүрлі деңгейдегі жекелеген кешендер: планетарлық, региональдық және топологиялық (В.Б.Сочава бойынша).
Кейбір ғылыми әдебиеттерде «табиғи аудандастыруң терминін «физгеографиялық аудандастыруң терминінің синонимі ретінде қолданады, бірақ бұл екі түсініктің ортасына теңдік белгісін қоюға болмайды. /А.Е.Федина/. «Табиғи аудандастыруң ұғымы кең мағынада қолданылады. Өйткені, ол аудандастырудың барлық түрін: жекелеген компоненттерді де, кешендерді де қамтиды. Ал физгегографиялық аудандастыру, шын мәнісінде, табиғи аудандастырудың бір бөлігі болса да жеке ғылыми бағыт деп есептеледі. Себебі ол табиғи ортаның жеке компоненттерімен емес кешендерді зерттеумен айналысады.
Салалық табиғи аудандастырудың бірнеше ьүрлері бар: геоморфологиялық, климаттық, геоботаникалық, зоогеографиялық т.б. Ал ландшафттару ғылымының негізгіі танып білу объектісі комплекстік немесе ландшафттық аудандастыру, яғни региональдық деңгейдегі нақтылы геожүйелер немесе физгеографиялыық аймақтар. Сонымен, физгеографиялық аудандастыру төмендегідей мәселелерді қамтиды:
Объективті түрде өмір сүретін физгеографиялыық кешендерді анықтау;
Оларды картаға түсіріп, физгеографиялық аудандастырудың картасын құрастыру;
Кешендердің заттық құрамымен танысу;
4). Кешендердің пайда болуы мен жіктелуіндегі физгеографиялық үрдістер мен факторларды анықтау;
Оларды белгілі бір жүйеге келтіру;
Компоненттер мен кешендердің арасындағы жүйе құрушыы байланыстармен танысып, оларды ажырата білу;
Кешендердің құрылымымен танысып, олардың моделін құрастыру;
Табиғи және антропогендік үрдістердің әсерінен қалыптасқан кешендердің өзгеру деңгейін көрсете білу;
Физгеографиялыық аудандастыруда пайдаланылатын әдістерді өңдеу.
Сонымен аудандастыруды ландшафттарды жүйелеудің біір түрі деп қарастыруға болады, өйткені жіктеумен ұқсас. Олай дейтініміз, әңгіме бірінші және екінші жағдайда да топтастыру туралы болып отыр. Бірақ, ландшафттарды типологиялық топтастыруда біз олардың бір-бірінен алыс, жақын орналасқанына, араларында аймақтық байланыс бар ма, жоқ па қарамастан, ең алдымен олардың сапалық ұқсастығына көңіл бөлеміз. Ал региональдық топтастыруда керісінше сапалық ұқсастығы емес, олардың территориясының ортақтығына, генетикалық біртектілігіне назар аударамыз. Сондықтан физгеографиялық аймақтар картада бір контурмен беріліп, тұтас аймақты қамтиды да өзіне сәйкес атау алады. Ал жіктеуде бір топқа (тип, класс, түр) аймақ бойынша бытырап орналасқан ландшафттар енеді де олардың контурлары үзіліп беріледі. Сонымен, ландшафттарды жіктеуде олардың әрқайсысының жекелеген ерекшеліктеріне емес ортақ белгілеріне көңіл бөлінеді, ал аудандастыруда керісінше.
Дегенмен, региональдық және типологиялық ландшафттық топтастырудың арасында байланыс бар. Ол мынадай «жұпң түсініктердің қолданылатынынан көрінеді, мысалы, «дала зонасың және «далалық ландшафт типің. Әрине бұл түсініктердің арасына теңдік белгісін қоюға болмайды. Ертеректе Л.С.Берг атап кеткендей әрбір зона өзіне ғана тән ландшафттар типімен сипатталады. Бірақ, бұлай дегенде біз бір типті ландшафттардың бүкіл зона аймағын қамтымайтынын естен шығармағанымыз жөн. Өйткені кез – келген зона аймағында жергілікті жердің региональдық ерекшелігіне байланысты немесе ескіден қалған жұрнақтар, яғни «аралң тәріздес басқа да ландшафттар кездесуі мүмкін. Мысалы, Шығыс Сібірдің тайга зонасындағы «аралң тәріздіі орманды дала ландшафт типтері. Кейде кез-келген ландшафт типі тосқауылдық фактордың әсерінен өзі пайда болған аймақтан тыс жерде де кездеседі. Мысалы, Үлкен Кавказдың солтүстік беткейіндегі дала зонасыында Еуропаның орталық бөлігіне тән жалпақ жапырақты ландшафт типтерінің қоспасынан тұратын ландшафттық зоналар да белгілі. Мысалы, орманды дала. Кейбір ландшафт типтері өздігінен жеке зона құра алмайды, өйткені олардың қалыптасуына жергілікті жердің региональдық ерекшеліктерінің тигізер әсері мол. Мысалы, Кавказдағы ылғалды субтропик ландшафт типтері.
Географиялық қабықта дифференциация және интеграция үрдістері қатар жүріп отыратыны белгілі. Алуан түрлі зат пен энергия ағыны нәтижесінде қарапайым геожүйелерден күрделі жүйелер қалыптасады. Сонымен, аудандастыру – геожүйелерді бір уақытта бөлу және топтастыру. Өйткені, біріншіден, аудандастыру кезінде зоналық және азоналдық факторлардың нәтижесінде қалыптасқан географиялық қабықтың регионалдық құрылымы ашыып көрсетіледі. Екіншіден, интеграцияны негізге ала отырып Жер лаандшафттарын белгілі бір жүйелілікпен күрделі аймақтық бірліктерге топтастыру. Лсы екі әдісті қатар қолдану аудандастыру жұмыстарының мазмұнын, нәтижесін арттырады және бір-бірін толықтырып отырады. Жоғарғы деңгейдегі бірліктер кеңістік пен уақыт арасында пайда болатын ірі географиялық құбылыстардың, үрдістердің орталыығы болып табылады (ауа массаларының тасымалдануы, организмдер миграциясы т.б.). Ал жекелеген ландшафттар шеңберінде мұндай үрдістерді айқыындау қиынға соғады. Екіншіден, геожүйелерге тән кейбір қасиеттер мен үрдіістерді ірі региональдық бірліктер арқылы анықтау әрқашан мүмкін емес. Мысалы, физгеографиялық елдердің даму ерекшеліктерін немесе физгеографиялық провинциялардың өзгешілігін білудің ешбір қолданбалы маңызы жоқ. Осыдан даму мен өзгергіштік физгеографиялық елдер мен провинцияларға тән емес деген түсінік тумау керек, өйткені бұл ерекшелііктер олардың құрамына кіретін ландшафттар қатары арқылы танылады. Сонымен, ландшафт барлық жоғарғы деңгейдегі регионалдық бірлііктердің негізгіі құрылымдық «ұясың болып табылады. Сондықтан да регионалдық деңгейдегі табиғи кешендердің құрылымына ерекше көңіл бөлінетіні анық. Жоғарғы деңгейдегі біірлііктердің құрылымымен танысуды, оларды ландшафт арқылы анықтауды В.А.Николаев регионалдық ландшафттанудың негізгі мақсаты дееп түсінді. Шындығында, регионалдық ландшафттану мен аудандастырудың арасында айқын шекара немесе айырмашылық жоқ; физгеографиялық аудандастыру өз маңызы бойынша регионалдық ландшафттану немесе ландшафттанудың регионалдық бөлігі болып табылады.
Физгеографиялық аудандастырудың тек теориялық қана емес, сонымен қатар, әдістемелік те, қолданбалы мақсатта да маңызы зор. Сондықтан жұмыстың ғылыми және қолданбалы мәселелері бір-бірімен қатар жүріп, шешімін бірге табуы қажет. Бірақ мақсаттары бөлек болуы мүмкін. Ғылыми мәселе аймақпен, оның құрылымымен, кеңістіктегі байланысымен танысу; ал қолданбалы мәселе – кез-келген аймақтың регионалдық ерекшеліктерін тиімді пайдалана білу. Осы тұрғыдан қарастырғанда ғылыми аудандастырудың негізінде қолданбалы аудаандастырудың үлгісін құруға болады. Жұмыстың соңғыы нәтижесі қолданбалы ландшафттануда пайдаланылады, негізгі бағыттары мыналар:
1). Аудандастырудың үйлесімді ең төменгі бірілгін анықтау, яғни аймақтардың иерархияялық деңгейінің арасыынан жекелеген қолданбалы жұмысқа сәйкес келетін ең кіші деңгейін таңдаап алу. Мысалы, кез-келген руспубликаның, админисстративтік облыстың шеңберінде табиғатты қорғау схемасын дамытуда еңң төменгі табиғи аймақтардың (ландшафттардың) үлгісіне сүйену керек, ал жалпы мемлекеттік масштабта алынған жұмыстарға ландшафттық провинция жеткілікті. 2). Аймақтарға белгілі біір бағытта сипаттама беру, яғни табиғи жағдайы мен ресурстарының қажетті көрсеткіштерін іріктеу. Өйткені физгеографиялық аймақ компоненттерінің құрамы, құрылымы, динамикалық ерекшеліктері және басқа да көрсеткіштері бойынша әр алуан күрделі табиғи жүйе болып табылады. Сондықтан да белгілі бір мақсатта жүргізілетін аудандастыру жұмыстары үшін осы көп көрсеткіштерден іріктеп аламыз. Ауыл шаруашылығын жоспарлауда, құрылыс жұмыстарында климатты, топырақ жамылғысын, жер асты, жер беті және басқаа да компоненттерді есепке алуға тура келеді, бірақ әрбір нақтылы жағдайдаа кез-келген компоненттің әртүрлі ерекшелііктерін ескереміз. 3). Аймақтарды қолданбалы мақсатта топтастыру. Әралуан мақсаттағы мәселелерді шешу үшін ландшафттық аймақтар белгілі бір бағыт бойынша топтастырылады. Жалпы (универсальды) аудандастырудың бұл сатысына талдау жасау геожүйелердің қай мақсатта жарамды екеніне баға берумен тығыз байланысты (ауыл шаруашылығына, жайылымға, рекреациялық т.б.). Осындай жолмен топтастырудың нәтижесі аудандастырудың қолданбалы варианты немесе аймақтарға типологиялық сипаттама ретінде үлгімен беріледі.
Регионалдық физгеографиялық бірліктер жалпы табиғи заңдылықтардың нәтижесінде пайда болады және дамиды. Сондықтан да аудандастырумен айналыысатын ғалымдар осы негізгіі заңдылққа сүйенетіні анық. Сонымен қатар әртүрлі принциптерді де ескеретінін айта кеткен жөн. Олардың негізгідері:
1 Зоналық прнцип. Бұл принциптің негізін қалайтын географиялық қабықтағыы ең негізгі заңдылық - зоналық құрылым. Осы принципке жүгіне отырып зерттеушілер картада физгеографиялық аудаандаардың зоналық кешендерін – зоналарды, ал тауларда – биіктік белдеулерді ажыратады.
2 Азоналдық принцип географиялық қабықтың дамууы мен жіктелуіндегі басқа ерекшеліктерді, яғни физгеографиялық кешендердің Жер бетінің, әсіресе кез-келген аймақтың геологиялық - геоморфологиялық құрылымның салдарынан өзгеруін ескереді. Физгеографиялық аудандастыру карталарында регионалдық бірліктер – елдеер, провинциялар, аудандар көрсетіледі, ал зоналық бірліктер берілмейді.
3 Генетикалық принцип. Генетикалық пинципті алғаш рет бүкіл аймақтың және оның жекелеген физгеографиялық біірлііктерінің даму тарихын танып білуде қолдануды Н.А.Солнцев пен И.В.Васильева ұсынған. Ғалымдаардың тұжырымы бойынша аудандастыруда келесідей ерекшеліктерді ескерген дұрыс:
1 кез-келген физгеографиялық біірліктің алғашқы қалыптасу және кейіннен оқшаулану себептерін анықтау;
2 аймақтың жалпы палеогеографиялық қалыптасуын, даму тарихындағы негізгі кезеңдерді белгілеу;
3 қазіргі даму ерекшеліктерімен таныса отырып, болашақтағыы дамуына баға беру.
Н.А.Солнцевтің түсінігі бойынша литогендік негізі бірыңғай болмағандықтан зона аудаандастырудың бірлігі бола алмайды (1958). Сондықтан литогендік негізі, жалпы дамуындағы ортақ ереккшеліктеріне сүйене отырып Каспий маңы ойпатын жеке физгеограяиылқ ел деп біледі, бірақ климатттық жағдайының, топырақ пен өсімдік жамылғысының әралуандығы ескерілмейді. Ал ойпат болса бірнеше ландшафттық бірліктерді: құрғақ дала, шөл және шөлейт зоналарын кесіп өтеді. Осындай бірыңғайлық болмағандықтан генетикалыық біртекті физгеографиялық біірліктерді жіктеу екіталай.
Ф.Н.Мильков генетикалық қатарды кешендердің шығу тегіне байланфысты жіктеуді ұсынды; мысалы, климаттық. Тектоикалық, жанартаулық, биогендік т.б. Физгеографиялық елдер табиғаты бойынша тектоникалық, ал физгеографиялық зоналар – климаттық процестердің тікелей әсерінің нәтижесі болып табылады. Ал провинциялар мен аудандар шығу тегі әралуан полигенетикалық бірлііктер. Сондықтан Ф.Н.Мильков генетикалық принциптің қолданылуы шектеулі болғандықтан физгеографияялық аудандастырудағы негізгі деп - тарихи принципті ұсынды. (1977).
Кейбір ғалымдар регионалдық физгеографиялық бірдіктерді жіктеуде сол аймақтың пайда болуы мен жасын есепке алуды ұсынды. Бірақ осы уақытқа дейін физгеографиялық кешендердің генезисі дер нені түсінеміз, даму тарихы мен жасын қай кезеңнен бастап есептеуге болады? Міне осы сұрақтар әлі де болса бірыңғай шешімін таппады. Өйткені геологиялық және геоморфологиялық негіздің пайда болуы мен жасы бүкіл кешеннің не жасыын, не пайда болуын анықтай алмайды. Себебі кешендердің құрамдас бөліктері – компоненттердің пайда болуы мен жасы әртүрлі. Мысалы, топырақ жамылғысы, өсімдік түрлері мен топтарының пайда болуы мен рельеф формаларының пайда болуында үлкен айыпмашылық бар.
4. Зоналық - азоналдық принцип нақтылы аймақтардағы аудандастыру жұмыстарында кеңінен қолданылады (Н.А.Гвоздецкий, А.Г.Исаченко, Н.И.Михайлов, А.В.Чигаркин т.б.) Бұл принциптің негізі – регионалдық деңгейдегі физгеографиялық бірліктердің дамуы мен жіктелуінде бірдей уақытта зоналыық және азоналдық заңдылықтар әсерін тигізеді.
А.А.Григорьв географиялық қабықтың жіктелуіндегі ең негізгі заңдылық - зоналық деп есептей отырып, аудандастыруды жергілікті жерге түсетін күн энергиясы мен ауа массаларының сандық және сапалық көрсеткіштеріне сүйене жүргізуді ұсынды. Бұл көрсеткіштер арқылы жылу мен ылғал балансын анықтауға болады.. Кейіннен А.А.Григорьев пен М.И.Будыко зоналық бірліктердің пайда болуындағы негізгі фактор – жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни жер бетіне келіп түсетін жылдық радиациялық баланстың жауын-шашын мөлшеріне қатынасы арқылы көрсетуге болатынын ұсынды (құрғақтық индексі). Олар әртүрлі зоналар бойынша өзгеріп отыратын осы көрсеткіштің сандық шамасыын анықтады, мысалы, жалпақ жапырақты орман зонасы үшін бұл көрсеткіш 1-ден кем, даала зонасында – 1-2, шөлейт зонасында – 2-3 т.с.с., яғни шөл жәәне шөлейт зоналарында радиациялық жылудың әсерінен жылдық буланатын ылғалдыың сандық шамасы түсетін ылғаол мөлшерінен 2-3 есе көп. Дегенмен, құрғақтық индексі барлық жағдайда зоналық ерекшеліктерді анықтай алмайды. Е.Н:Лукашеваның зерттеулеріне назаар аударсақ, онда құрғақтық индексі әртүрлі белдеулердің зоналарында бірдей көрсеткіштерге ие болуы да мүмкін екенін байқаймыз. Мысалы, 0,3-0,8 көрсеткіштері шығыс тынық мұхиттық орман зонасы мен мұхит маңы тайга, тундра зоналарына да тән. Көрсеткіштердің сандық шамасы бірдей болғанымен зоналар шеңберіндегі компоненттерінің айырмашылықтары, зоналық процестер мен құбылыстар едәуір.
Географиялық зоналық тек жазық жеерлерде ғана емес, сонымен бірге тауларда да байқалады. Таулы аймақтардағы биіктік белдеулердің құрылымы қандай зоналық ендікте орналасқанына, мұхиттардан ара қашықтығына, мұхит деңгейінен биіктігіне, орографиялық құрылымы мен беткей экспозициясына байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Тянь-Шань тау тізбегінің мұхиттардан қашық орналасқан оңтүстің беткейінде климат құрғақ және контитнентті. Сондықтан тау бөктерінде таулы – орманды зонаның орнына таулы шөлейтті немесе дала зонасы қалыптасқан. Неғұрлым таудың биіктігі жоғары болса, соғұрлым белдеулер күрделі.
Физгеографиялық кешендердің дамуындағыы келесі негізгі заңдылықтардың бірі – азоналдық. Жердің ішкі қойнауынан келетін энергияның әсерінен Жер беті, оның тектоникалық, геологиялық құрылымы, геоморфологиялық элементтердің гипсометрлік шамасы бірдей емес, яғни космостық факторлардың нәтижесінде қалыптасқан жалпы заңдылыққа едәуір өзгеріс енгізеді. Географиялық зоналар бойлық бағытта бірталай қашықтыққа созылып жатқаандықтан олардың геологиялық және геоморфологиялық құрылымы бііртекті емес. Сонымен қатар, құрылықтың жекелеген бөліктерінің мұхит пен теңіздерден алыс - жақын орналасуы да оның табиғи жағдайына әсерін тигізеді, яғни тек климтатың ғана емес бүкіл кешендерінің континенттік деңгейін анықтайды. Сонымен құрылықтар мен мұхиттардың орналасу ерекшелігі, жеердің беткі қабаты арқыылы күн радиацияясының трансформациялануы (бірдей таралмауы), рельеф пішіндері зоналыққа біршама өзгерістер енгізеді. Мысалы, Кордильер тау тізбеегінің орографиялық орналасуы, осыған байланысты жауын-шашынның таралуына Солтүстік Америкада зоналар меридиан бағыты бойынша созылып жатыр. Ал Орыс жазығында зоналар біір-бірін солтүстік-батыыстан оңтүстік – шыығысқа қарай ауыстырып отырады, өйткені осы бағытта климаттың континеттік деңгейі өседі.
Сонымен зоналық пен азоналдық процестер бірдей ескерілген жағдайдаа ғана физгеографиялық кешендерді аудандастыру жұмыстары аяқталдыы дееп есептеуге болады, өйткені аймақтық бірлііктердің дамуы мен жіктелуін толығымен қамтиды. Әртүрлі экзогендік рельеф формаларының пайда болуы, геохимиялық ерекшелііктер, үгілу-мүжілу үрдістері т.б. зоналық заңдылыққа бағынады. Мысалы, тундра зонасына мәңгі тоң, ал шөл зонасына желдің тікелей әсерінен пайда болған рельеф формалары тән екені мәлім.
5 Комплекстік принцип. Бұл принципті алғаш рет Н.А.Гвоздецкий тұжырымдады да соңғы уақыттарда физгеографиялық аудандастыруда кеңінен қолданылады. Принциптің маңызы: физгеографиялық аудандастыруда аймақтың шығу тегі, физгеографиялық бірліктердің бөліну себептері, жағдайы (генетикалық әдіс) есепке алынады.
Аймақтың шығу тегі (генезис) тек жекелеген компоненттер бойынша емес бүкіл кешеннің генезисі (ландшафттық - генетикалық әдіс); аймақтың қазіргі құрылымы; зоналыық ендікке, климаттық бойлыққа, биіктік белдеуге, гелогия мен жаңа тектоникалық процестердің азоналдығына байланысты физгеографиялық процестердің даму бағыыты, геоморфологиялық ерекшеліктері мен аймақтың игерілу жағдайы есепке алынады.
Сонымен физгеографиялық аудандастыруда географиялыық қабықтың тек зоналық және азоналдық ерекшеліктері ғана емес, сонымен қатар пайда болуы мен даму тарихы, физгеографиялық кешеннің көршілес кешендерден даралану тарихы да ескерілген жөн. Осыған байланысты біз георафиялық қабықтың даму тарихында зоналық, азоналдық ерекшеліктердің үнемі өзгеріп отыратынын және уақыт өткен сайын күрделене түсетінін естен шығармағанымыз жөн.
Жоғарыда айтылып кеткен тұжырымдар нақтылы болу үшін Колхида ойпатына сипаттама беру арқылы дәлелдей түсейік. Зоналық және азоналдық ерекшеліктерді және аудандастыруда аймақтың шығу тегін ескеру. Климаты мен қазіргі физгеографиялық процестердің даму ерекшеліктеріне орай аймақ субтропик зонасының құрамына енеді. Бұл оның Үлкен Кавказдан бөлек, жеке қарастырудың бір дәлелі. Шығысындаа орналасқаан тау сілемдері континенттік климаттың енуін әлсіретеді, жауын-шашын көп, ылғалдылық жоғары, сондықтан нағыз тосқауылдық фактордың нәтижесінде қалыптасқан ландшафттар тән. Керісінше атлант, жерорта және қара теңіздің ауа массалары үшін таулардың тосқауылдық рөлі артады. Ылғалды субтропиктік ландшафт типтері дамиды. Колхида ойпатының өзіндік ерекшелігін, көршілес аймақтардан айырмашылығын жете түсіну үші оның даму тарихындағы негізгі ерекшеліктеріне сүйенуіміз қажет. Бұл – соңғы кезде пайда болған өте жас, төрттік дәуірдің аллювилі-аккумулятивті жазығы. Бірақ өсімдік жамылғысының негізін палеоген-неоген жасындағы өсімдік топтары құрайды.
Қорыта келгенде физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында жаалпы табиғи заңдылықтарға, соның ішінде, зоналық пен азоналдыққа жете көңіл бөлінеді. ТМД аймағындағы аудандастыру жұмыстары, көбінесе, осы екі факторды бірдей есепке ала құрастырылған.
Физгеографиялық аудандастыру үлгісінде екі жолды пайдаланады:
1 Жоғарыы таксономиялық деңгейдегі регионалдық бірліктердіі аныыықтау жәәне оларды картаға түсіріу.
2 Төменгі деңгейдегі регионалдық бірліктерді анықтап, картаға түсіріп, оның нәтижесінде жоғары бірліктерді топтастыру. Біріншісі ұсақ масштабты, ал соңғысы ірі масштабты аудандастыруда қолданылады. Аудандастыру жұмыстарында компоненттер мен кешендердің арасындағы күрделі байланыстарды шешуге тура келеді, сондықтан да осы проблеманың нақтылы шешімін табу үшін бір ғана әдіс жеткіліксіз. Көптеген жағдайда ауудандастырудың масштабына, алға қойылған мақсатқа қарамастан бірнеше әдіс қолданады. Олардың негізгілері:
1 Физгеографиялық әдіс. Ландшафттық (типологиялық) карта негізінде физгеографиялық аудандастыру картасын құрастыру. Жекелеген аймақтық бірліктерге ландшафттық біірліктер сәйкес келеді. Жазық жерлердегі физгеографиялық елдергее ландшафт типтері, аудандарға ландшафт түрлері сәйкестенеді. Ал таулардағы аймақтық бірліктер биіктік белдеу спектріне байланысты бөлінеді. Мұндый жағдайда әртүрлі ландшафттардың аууданының қары-қатынасын епеске алған дұрыс. Осындай жолмен жүргізілген аудандастыру жұмыстары Қазақстанның солтүстік бөлігінде өткізідген. (В.А.Николаев).
Физгеографиялық аудандастыруда қолданылатын екінші бір маңызды тәсіл – кешендерге талдау жасау. Ол ландшафттарды картаға түсіруге, соның нәтижесіндее ландшафттық карта құрастыруға, физгеографиялық кешендердің заттық құрамы, олардың сандық және сапалық ерекшелігі туралы мәліметтер алуға мүмкіндік туғызады.
Жоғарыда көрсетілген аймақтық бірліктердің дамуына әрбір компонент әсерін тигізеді және оның өзіндік ерекшелігін бейнелейді. Кешендердің дамуы мен жіктелуінде негізгі рөлді рельеф атқарады, өйткені үнемі дамудаа болады, эндогендік және экзогендік үрдістердің нәтижесінде өзгеріп отырады. Кешендерге жергілікті жердің теңіз деңгейінен биіктігі, рельефтің тілімденуі, беткейлер экспозициясы, ылдилығы әсер етеді. Сонымен қатар климаттық жағдайға, сол арқылы үгілу үрдісіне, жер беті ағынына, топырақ пен өсімдік жамылғысының қалыптасуына да тигізер ықпалы мол. Неғұрлым рельефтің жасыы көне болса соғұрлыым горизонтальдық және вертикальдық құрылым ккүрделі, яғни рельефтің жасы даа үлкен рөл атқарады.
Физгеографиялық кешендердің дамуына климаттың да әсері елеулі. Аймақтың теңіз бен мұхиттардан алыс-жақын орналасқанына, ендігіне, рельеф ерекшелігінее байланысты климатт та өзгеріп отфырады. Сондықтан бір климаттық жағдайда әртүрлі факторлардың әсерінен әралуан кешендер мен ландшафттар қалыптасады.
Кешендердің минералдық және органикалық бөлігінде негізгі рөл атқарушы – су көздері. Оның мөлшері артыық болса гидроморфты ландшафттар, керісінше болғанда – аридті лаандшафттар дамиды. Су жамылғысы арқыылы органикалық және минералдыы элементтер бір кешендерден екіншісіне ауысып отырадыы. Су ағыны борпыылдақ үйінділердің пайда болуын анықтайды – аллювийлі, делювийлі т.б.
Таужыныстарының литологиялық құрылымымен, рельефпен, климатпен және ағын сулармен тығыз байланысты топырақ, өсімдік жамылғысыныың да ерекшеліктерін ескерген жөн. Табиғи жағдайда топырақ пен өсімдік жамылғысы климат үшін негізгі – индикатор болып саналады. Климаттық бақылаулардың мәліметтері жоқ болса да өсімдік жамылғысы арқылы климаттық ерекшеліктерге сипаттаама беруге болады. Кейбір өсімдіктер немесе «көміліпң қалған топырақ жамылғысы арқылы кез келген аймақтың бұрынғыы кезеңдегі даму ерекшелігі, динамикасы туралы да мінездеме жинауға болады. Өсімдік жамылғысы кешендердің дамуына, пайда болуына, ал В.Б.Сочава бойынша тіпті ландшафттардың жіктеруіне де әсер тигізеді екен. Мысалы, биік таулардың нивальды белдеуінде өсімдік жамылғысы жоққаа тән, сондықтан физикалық мүжілу, таужыныстарының бұзылу процестері қарқынды; жаартасты рельеф фформалары басым. Ал өсімдіік жамылғысы жақсы қалыптасқан аймақтарда топырақ жамылғысының қалыңдығы едәуір, өйткені химиялық мүжілу басым, жер беті суларының ағыны реттеледі.
2 Картографиялық әдіс – нақтылы аймақтарда аудандастыру жұмыстары жүргізілгенде масштабы әртүрлі компоненттік карталар жасау, оларға талдау жасау (топографиялық, жекелеген компоненттер картасы, ландшафттық карта). Физгеографиялық аудандастырудың алуан түрлі мәселелерін шешуде, физгеографиялық кешендерді анықтап картаға түсіруде аэрофотосуреттер мен космостық суреттердің де маңызы зор. Суреттерден ең алдымен жекелеген кешендеер мен ландашфтардың жоспарын, олардың шаруашылықтың қай бағытында қолданылатынын, тіпті антропогендік өзгерістерді де анықтауға мүмкіндік туады. Аэрофотосуреттер арқылы кешендердің сапалық және сандфық ерекшеліктерін, тектоникалық құрылымды, рельефті, су объектілерінің шекараларын, кейбір үрдістердің, мысалы, гравитициялық, сеелдердің, қар көшкіндерінің де бағытын анықтауға, болжауға мүмкіндік жекілікті. Бірнеше жылдар аралығындағыы суреттерді салыстыра отырып кешендердің даму бағыты, динамикалық өзгерістері туралы да мәлімет аламыз. Ал регионалдық және планетарлық деңгейдегі физгеографиялық кешендерді таныып білуде космостық суреттер үлкен рөл атқарады. Космостық суреттер үлкен аймақты қамтитын болғандықтан, олар арқылы әртүрлі масштабтағы кешендерді ( 1: 100 000 –нан 1: 50 000 000-ға) олардың биіктік белдеу мен ендік бойынша өзгеруін, құрылымын айқыындауға болады. Әр уақыт аралығында түсірілген космостық суреттерді салыстыра отырып ритмикалық (жылдық, тәуліктік) табиғи құбылыстардың, апатты геологиялық өзгерістердің қарқындылығы мен қайталанып отыруын, ірі аймақтардағы табиғи құбылыстардың себеп-салды байланысын да анықтаймыз.
3 Салыстырмалы әдіс – география ғылымындағы ең көне әдістердің бірі. Кез келген физгеографиялық ізденістер әрқашан осы әдіс арқылы іске асады. Кешендердің кеңістік пен уақыт аралығындағыы өзгерістерін, бір немесе әртүрлі деңгейдегі кешендердің ұқсастығы мен айырмашылығын көрсете білудегі ең негізгі әдіс болып табылады. Кешендер арасындағы ортақ белгілер мен айырмашылықтарды көре білсек, онда неліктен біреуі екіншісінен өзгеше, олардың ортақ қасиеттері қайсы, оның себебі неде деген сұрақ тууы мүмкін. Ал салыстырмалы әдіс болса кешендердің дамуы мен пайда болу заңдылықтарын, жііктелу ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бұл әдіс кешендерге шаруашылық тұрғыда баға берудегі бірден-бі әдіс болып табылады. Мысалы, Кавказдың ылғалды субтропикті климаты басым аймағына субтропиктік дақылдарды, әсіресе шайды енгізу оның табиғи жағдайының Оңтүстік-Шығыс Азияның табиғатымен бірдей екенін анықтаған соң мүмкін болды.
4 Геофизикалық әдіс. Ертеректерден келе жатқан әдістердің бірі, бірақ физгеографиялық кешендерге соңғы уақытта ғана қоданылады, өйткені физикалық географияда жаңа бағыт – ландшафттар геофизикасы пайда болды. Көптеген ғалымдар жер бетінің жылуу мен су режимінің сандық шамасына, биомассасының өнімділігіне әсерін анықтауға көп көңіл бөледі. Геофизикалыық әдіс арқылы кшендердің заттық құрамын, энергия ауысуын, энергия әсерінен кшеннің құрамындағы заттардың орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады. Сонымен қатар әртүрлі бақылау аспаптарын пайдалана отырып радиациялық, жылу және су балансы, атмосфера қабатындағы газдардың айырбасы, өсімдік жамылғысының өнімділігі, өсу қарқындылығы, желдің турбуленттік ағыны, жылдамдығы, жел мен су ағындары арқыдлы іске асатын үйінділердің, топырақ қабатындағыы судың миграциясы т.б. туралы сандық көрсеткіштер жинауға да мүмкіншілік зор.
Дегенмен қазіргі кезде ірі физгеографиялық кешендер, әсіресе белдемдер үшін жылу меен радиациялық балансты, су мен ылғал байланысын есептеу әдістемесі жақсы жолға қойылған. Ал мынадай кіші бірліктер – провинциялар, аудандар үшін сандық көрсеткіштер алу әдісі әлі де болса нақтылы шешімін таппады.
Шын мәнісінде, геофизикалық әдіс көбінесе климаттық процестерді танып білуге бағытталған. Әйтсе де Жердің ішкіі және сыртқы бөлігіндегі мысалы, әрбір жекелеген кешендерге келіп түсетін ішкі энергияның сандық шамасы, жер қыртысының қозғалысы, магниттік және гравитациялық процестердің өзгерісі, яғни жер қыртысының физикалық қасиеттері т.б. процестерді анықтаудың да маңызы зор. Бірақ, әәртүрлі деңгейдегі кшендерді танып білу әдістемесі жоқ болғандықтан физгеографиялық аудандастыруда қолданылмайды десек те болады.
5 Геохимиялық әдіс – геофизикалық әдіспен салыстырғанда кешендік ізденістерде кеңінен қолданылады. Геохимилыық әдісті енгізу физикалық географияда ландшафттар геохимиясы бағытының пайда болуына себеп болды. Ландшафттық ізденістерде таужыныстарының, су, топырақ және өсімдік жамылғысының химиялық құрамы есепке алынады. Бұл бағыттыы дамытып, оның өзындік ерекшеліктерін анықтаған М.А.Глазовская мен А.И.Перельман.
Кез келген физгеографиялық кешен химиялық элементтерден тұрады және бір элемент тірі және өлі денелерде бірдей кездесуі мүмкін. Барлық 90 химиялық элементтің негізгілері 14 – сутек, көміртек, азот, оттегі, фосфор, натрий, калий, магний, алюмирий, күкірт, хлор, кальций, темір, крмений. Химиялық элементтердің қарым-қатынасы мен сандық мөлшері тек компоненттердің өлі және тірі бөлігінде ғана емес әртүрлі кшендерде де біршаама шекте түрленіп отырады. Кешендерде бірдей уақыыт аралыығында элементтер шоғырланады және белгілі кешен шеңдерінен сыртқа шығып отырады, яғни химияялық элементтер үнемі бірінен екіншісіне ауысып, миграцияға ұшырайды. Геохимиляқ әдіс әртүрлі таксономиялық деңгейдегі кшендердің шеңьеріндегі процестердің даму заңдылықтарын, заттық құрамын, олардың тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы әдіс арқылы өнеркәсіп қалдықтарын, олардың жағымсыз әсерінің радиусын да анықтайды.
Геохимиялық және геофизткаылқ әдістерді пайдалана отырып зат пен энергия ауысу процестерін, кшендердің заттық құрамын, компоненттер мен кешендер арасындағы байланысты, олартуарлы тек сапалық қана емес сандыық көрсеткіштерді де анықтаймыз.
6 Паалеогеографиялық әдіс. Бұл әдіс физгеографиялық кешендердің құрфылымына, өзгеру ерекшеліктеріне талдау жасай отфырып болашақтағы дамуына баға беруде өте қажет. Әсіресе өсімдік тозаңдарына талдау жасау кеңінен тараған. Борпылдаақ таужыныстарындағы өсімдік тозаңдары рақыылы өсімдік түрлеріін, климтаты, рельефтің пайда болу жағдайын, өткен кезеңдердің шөгінді жыныстарының қалыптасу ерекшеліктерін анықтауда ррөлі ереккше. Радиоактивті – кқөміртек әдісі арқыылы топырақ жамылғысы мен борпылдақ жыныстардың абссолюттік жасын анықтаймыз. Жыныстардың абсолюттік жасына қарап бүкіл кешеннің жасыын аныықтауға болмайды, бірақ қазіргі кшендердің қай уақыттан бастап пайда болғанын айтуға болады.
Топырақ жамылғысының абсолюттік жасын аныққтаудың маңызы зор, өйткені кшендердің жаңадан даму кезеңінің уақыты, табиғи процестердің бағыыты туралы мәлімет аламыз. Ал топырақ қабатының пайда болуы тірі организмдердің - микроорганизмдердің, өсімдік пен жануарлардың қалыптасқан кезінен басталады.
Палеогеографиялық әдістің табиғи ортаның уақыыт бойынша өзгерістерін көрсетуде маңызы зор. Дегенмен физгеографиялық аудандаастыру жұмыстарында әлі де болса қолданылуы шектеулі. Өйткені палеогеографиялық мәліметтер шектеулі аймақтар үшін, соның ішінде жазық жерлерде басым, ал таулы аймақтарда жоқпен тең.
География ғылымының қазіргі даму сатысында осы әдістердің нәтижесінде алынған мәліметтердің аудандастырудың теориялық та, практикалық жұмысқа да қосатын үлесі зор. Сондықтан соңғы кездерде компоненттік ізденістерде бірнеше әдісті қолданады. Мысалы, топырақ жамылғысын геохимиялық, геофизикалық, картографиялық және салыстырмалы әдістерді пайдалана зерттеуге болады. Қолдану ерекшелігіне байланысты үш кезеңге бөледі: далалық, лабораториялық және камералды. Далалық ізденістерде бір уақытта ірі және орта масштабта ізденіс жүргізе отырып әртүрліі мәліметтер жинақтауға, картаға түсіруге, химиялық, палеогеографиялық талдаулар үшін компоненттер үлгісін алуға болады. Кейіннен бұл үлгілер арнайы лабораториялық талдауға жіберіледі. Камералдық жұмыс кезеңінде әртүрлі әдістер нәтижесінде алынған мәліметтер бір-бірімен салыстырылады. Осыған сүйене отырып ғылыми және практикалық тұжырымдар жасалады.
7 Математикалық әдіс. Физгеографиялық кешен тұйық емес, күрделі компоненттер жиынтығынан тұратындықтан бұл әдіс физгеографиялық аудандастыруда аз қолданыылады. Компоненттер мен кешеннің элементтерінің сапалық және сандық қасиеттері әралуан: физикалық, химиялық, биологияялық т.б. және бір ғана өлшем бірлігімен берілмейді (метр, сантиметр, пайыз, градус т.с.с.).
Қазіргі күні физгеографиялық аудандастырудың кейбір мәсеклелері математикалық статистика арқылы іске асады. Мысалы, кшенедердің заттық құрамының көрсеткіштері көбінесе сандық әдістер арқылы анықталады. Мәліметтер алғашқы өңдеуден өткеннен кейін орташа шамасы, вариация коэффициенті есептеледі. Әртүрлі таксономиялық деңгейдегі кешендер құрамындағы компоненттердің байланысын, бағфытын, олардың тығыздығын, корреляция коэффициентінің шамасын есептей отырып табуға болады. Осы коэффициент арқылы кешендердің құрамындағы жетекші компоненттерді де анықтайды.
Әртүрлі математикалық аппараттардың нәтижесінде бір компоненттің екіншісіне әсерін және олардың пайда болуы мен жіктелуіндегі негізі факторларға баға бере аламыз. Бұл мәселені шешуде ақпараттық талдау қолданылады, яғни кешеннің дамуындағы кез келген компоненттің немесе фактордың рөліне дұрыс баға беру. Энтропия деңгейіне (информацияның бір компоненттен екіншісіне ауысуы) байланысты әрбір компоненттің салыстырмалы түрде маңызын, рөлін, оның кеңістікте таралуын, екі, үш немесе бірнеше фактордың әсер ету күшіне баға беруге, олардың маңыздыларын анықтауға мүмкіндік туады. Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді далалық және лабораториялық ізденістердің мәліметтеріне немесе бір масштабтағы компоненттік карталарға сүйене шешуге болады.
Физгеографиялық аудандастыру жұмыстары үшін математикалық әдіс не үшін керек? Біртұтас физгеографиялық кешендердің даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіну үшін. Қазіргі кезде осы әдістің көмегімен мына мәселелер шешілуде:
Кешендердің құрылымын, күрделілік және әр алуандық деңгейін анықтау;
Әртүрлі аймақтағы кешендердің жіктелу шамасын анықтау; Бұл көрсеткіштерді ақпарат теориясының өкмегімен анықтаймыз, өйткені энтропия шамасы негізгі рөл атқарады. Кешендер құрылымының күрделілік немесе әралуандық деңгейін анықтауда мынадай көрсеткіштер қажет:
аймақтың жалпы ауданы;
аймақтың құрамына енетін регионалдық кешендердің саны;
әрбір кешен ауданының абсолюттік және салыстырмалы шамасы (бүкіл аймақтың ауданымен салыстырғанда). Нақтылы, дұрыс мәліметтер алып, энтропия шамасын есептеу үшін міндетті түрде ақпараттық талдау қандай деңгейдегі бірліктер үшін жүргізіліп отырғанын көрсеткен жөн. Өйткені энтропияның сандық шамасы аудандар үшін, провинциялар немесе басқа бірліктер үшін бірдей емес.
Таксономиялық бірліктер жүйесіФизгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесі дегеніміз – регионалдық кешендерді топтастыру. Ол мынадай талаптарға сәйкес келу керек: 1) кешендердің кеңістіктегі жіктелу заңдылықтары мен олардың дамуындағы процестерді көрсете білу; 2) жүйедегі кез келген кешенді тез тауып, оның орнын анықтауға мүмкіндік туғызу керек. Әртүрлі ғалымдар ұсынған таксономиялық бірдіктер жүйесіне ортақ ерекшеліктері көп екенін айта кеткен дұрыс, өйткені жіктеуде бірдей бірліктер қолданылады: зоналар, провинциялар мен аудандар.
Соңғы жылдары физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Николаев ұсынған таксономиялық бірліктер кеңінен қолданылады. Бұл жүйеде аймақтық бірліктердің пайда болуы мен жіктелуінде зоналық және азоналдық ерекшеліктер ескерілген. Табиғатыжағынан осы екі бөліктердің генетикалық бірлігі мен функционалдық біртұтастығы әрқалай. Азоналдықпен салыстырғанда зоналық бірліктер өзгермелі. Екіншіден, азоналдық бірліктердің кеңістіктегі шекарасы аныық және тұрақты. Қатарлардың бір-біріне тәуелсіздігі олардың арасында ешқандай байланыс жоқ дегенмен бірдей емес. Аудандастырудың зоналық және азоналдық бірліктерінің кеңістіктегі қарым-қатынасы туындылы регионалдық бірліктердің қатарынан көрінеді. Осының нәтижесінде екі қатардың бірліктерін бір жүйеге топтастыруға болады.
А.А.Григорьев, В.Б.Сочава т.б. ғалымдардың пікіроеріне сүйенсек, онда зоналық қатардағы ең жоғарғы деңгей – физгеографиялық белдеу. Географиялық белдеулерге жіктеу жылулық белдеулерге немесе ландшафттық белдеулерді циркуляциялық белдеуллермен бірдей деп қарастыратын тұжырымға негізделеді. Бірінші немесе екніші жағдайда да әрбір жекелеген белдеу шеңберінде ылғалдану әрқалай. Сонымен бірге ландшафттық зоналардың бір-бірін біртіндеп ауыстыруы, тіпті кейде зоналар шекарасының айқын еместігі зоналар мен подзоналарды белдеууге топтастыруға қиындық туғызады. Мысалы, орманды тундра зонасын бірде субарктикалық, бірде қоңыржай белдеуге жатқызады.
Сондықтан да әртүрлі авторлардың белдеулік үлгілерінде айырмашылық жеткілікті. Мысалы, И.П.Герасимов әрбір жарты шарда 4 белдеук: полярлық, қоңыржай (бореалды), субтропиктік және тропиктік беледулерді ажыратады. А.А.Герасимов бойынша әрбір жарты шарда алты белдеуден: субарктикалық және экваторлық белдеуді қосқанда т.б. Ал В.Б.Сочава жер бетінде небәрі үш белдеуді жіктеу жеткілікті деп есептейді: тропиктік және тропиктен тыс екі (солтүстік және оңтүстік). Өйткені неғұрлым белдеулердің шеңберін үлкейтсек, онда оның ландшафттық мазмұнын аныықтау қиын, ал кішірейтсек, онда ландшафттық зоналармен бірдей.
Зоналық қатардағы ең негізгі таксономиялық біірлік – ландшафттық зона. Зоналардыы бөлудің негізгіі критерийі жылу мен ылғалдың қарым-қатынасы, яғни радиациялық баланстың, ылғалдаану коэффициентінің, температура жиынтығы көрсеткіштері. Мұндаа тек жылдың орташа көрсеткіштері ғана емес жылуу мен ылғалдың жыл мезгілдері бойынша да шамасының маңызы зор.
Зоналық аудандастыру жұмыстары екі кезеңнен тұрады:
Ландшафттық зоналардың пайда болуы мен даму тарихына палеогеографиялық талдау жасау. Гидротермикалық көрсеткіштерге талдау жасай отырып зоналардың жыылу мен ылғалдық көрсеткіштеріне байланысты критерийлері айқындалады. Бірақ, бұл көрсеткіштердің нақтылы белгі ретіде қажеттігі шамалы. Сондықтан да жылу мен ылғалдың кеңістіктегі нақтылы үлгісі бола алатын белгі керек – ол өсімдік топтары мен топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері.
Екінші кезеңде алғашқы үлгі «төменненң жоғары нақтылы дәлелденеді. Мұндай жағдайдағы негізгі көрсеткіш – ландшафттық зоналардың құрамында бір немесе бір-біріне ұқсас ландшафт типтерінің басым болуы.
Зоналық қатардағы төменгі бірлік – ландшафттық подзона. Зоналар мен подзоналарды жіктеуде бірдей принциптер қолданылады және бір-бірімен тығыз байланыста, бір уақытта өткізіледі.
Азоналдық физгеографиялыық бірліктер пайда болуына қарай екі қатардан тұрады: 1) Морфоструктуралық факторлардың әсерінен қалыптасқан нағыз азоналды; 2) құрылықтар мен мұхиттардың байланысынан пайда болған секторлық.
Физгеографиялық сектор - құрылықтың ірі бөлігі, ауа массаларының құрылықтық - мұхиттық цирукляциясында өзіне ғана тән орнымен, ылғалдану, контитеннттік көрсеткіштерімен, табиғи процестердің мезгілдік ырғағымен ерекшеленеді. Секторлардың жіктелу негізінде атмосфералық ерекшеліктер жатса да, құрылықтардың морфоструктуралыық құрылымына бағынышты. өйткені аныық климаттық шекаралар биік тау сілемдерімен, олардың орналасуымен, тосқауылдық фактормен байланысты. Сондықтан көптеген секторлардың шекаралары меридиан бағыты бойынша созылған таулардың шекараларымен бірдей. Мысалы, Кордильер, Орал таулары.
(Азоналдық аудандастырудың келесі бірлігі – физгеографиялық елдер. Жіктелу критерийлері:
Геоструртураның біртектілігі (ескі тақтастастар, қалқандар, әртүрлі жастағы орогендік аймақтар) және қазіргі тектоникалық қозғалыстардағы басым өзгерістер;
Макрорельефтің ортақ белгілері (ірі жазыықтар, қыраттар, ірі тау сілемдері);
Макрроклимат пен атмосфералық процестердің регионалдық ерекшеліктері (құрылықтық және теңіздік ауа массаларының қарым-қатынасы, трансформациясы, климтатың континенттік деңгейі);
Зоналық ендік құрылымы (ландшафттық зоналардың саны, таралу ерекшелігі);
Биіктік белдеулердің бары немесе жоғы.
Азоналдық белгілері бойынша физгеографиялық елдер физгеографиялық облыстарға бөлінеді. Жаралуы, жасы, рельефі мен жер беті жыныстары ұқсас ландшафттар облыстарға топтастырылады.
Таулы аймақтардағы физгеографиялық аудандастыру жұмыстарында шешімін таппаған қарам-қайшы түсініктер көп. Өйткені жекелеген тау сілемдері, біріншіден, жеке біртұтас құрылым, екіншіден таулардың суайрықтық биік жондары физгеографиялыық шекара болып табылады да бір-біріне қарама-қарса орналасқан беткейлерді әртүрлі табиғи бірліктерге жатқызуға тура келеді. Көп уақытқа дейін таулар зоналық бірліктер жүйесіне қосылмады, тек азоналдық белгілері бойынша аудандастырылды; таулар мен жазықтар арасындағыы генетикалық және функционалдық байланыстар, аудандастыруда биіктік белдеулерді есепке алу шешімін таппады.
Кейін физгеографиялық аудандастыруда көп қатарлы жүйені пайдаланғанда оларды тек азоналдық әдіспен шеешуге болмайтыны дәлелденді. Кез келген тау құрылымы аудандастыруда өзіндік, жеке азоналдық бірлік. Таулардың көлеміне, күрделігіне байланысты бірліктердің таксономиялық құндылығы әралуан. Орографиялық және тектоникалық құрылымы күрделі және әртүрлі зоналар мен секторлардың қиылысқан аймағында орналасқан тау сілемдері биіктік белдеудің секторлық варианттарымен сипатталады да жеке физгеографиялық елдер ретінде қарастырылады. (Орал, Алтай, Саян, Іле Алатауы).
Орографиялық және тектоникалық жекелеген таудың бөліктері, мысалы, Алтай, Саян тауларындағы Тува ойпаты, Кузнецк Алатауы және Шығыс Алтай және жазық жерлердеегі тау жоталары (Енисей бұйраты, Жоңғар тауы) физгеографиялық оюлыс болпы табылады. Жазықтардағы жеке «аралң тәрізді көтеріңкі таулар (жанартаулық конустар, көне аласатаулар, антиклиналды қыраттар).
Алып жатқан аумағы бойынша жазықтағы ландшафттық облыстармен сәйкес келетін ірі тау аралыық ойпаттар облыс қатарныыа енеді. (Ыстық көл, Минусин ойпаттары). Ал ландшафттық құрамы қарапайым ойпаттарды жеке ландшафт терінде қарастырамыз.
Таулы елдер меен облыстардың қатардағыы және сектордағы орны биіктік белдеу қатарының ерекшелігімен аныықталадыы. Биіктіік белдеулері ортақ елдер мен оюлыстардың бөліктері біір ландшафттық зона құрамына енеді. Егер бір зона немесе облыс шеңберінде орналасқа тау сілемдерінің макро беткейлерінің биіктік айыпмашылықтары болса, онда провинцияларды жіктейді.
Сонымен физгеографиялық аудандастырудың таксономиялық бірліктер жүйесінде зоналық және азоналдық факторлардың ерекшеліктерін есепке алуды аудандастырудағы негізгі принцип деп айта аламыз. Бірақ оның практикалық мақсатта іске асу жолдары әрқалай. Регионалдық физгеографиялық аудандастыруды тек зоналық немесе азоналдық факторларға сүйене жүргізген үлгілер де бар. Әсіресе «жетекшің фактор немесе зоналық және азоналдық белгілерді бір қатарға «алмастырып топтастырған үлгі жиі кездеседі. Әртүрлі деңгейдегі бірліктерді жіктеуде осы белгілер ауысып отырады: бірде зоналық, бірде азоналдық.
Бүгінгі таңда белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы принцип бойынша құрастырылған: зоналық және азоналдық. Жер бетіндегі кез келген нүктенің географиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты аймақтың табиғи ерекшелігі зоналық және азоналдық белгілерді қамту керек.
1945 жылы а.А.Григорьев иөмендегідей таксономиялық қатарлар үлгісін ұсынды: белдеу – сектор - зона (подзона) – провинция – ландшафт.
Бұл үлгіде әрбір келесі деңгейді жіктеуде бірде зоналық. Бірде азоналдық белгілер қолданылып отырған. Белдеу (ендік бойынша қоңыржай, субтропиктік т.б.), азоналдық ерекшелік бойынша белдеу шеңберінде – сектор, оның шеңберінде зоналық белгілер бойынша – зона мен подзона, ендік азоналдық белгі бойынша – провинция бөлінді. Ал ландшафт не зоналық, не азоналдық белгісі бойынша бөлінбейтін бірлік ретінде осы үлгіні аяқтайды.
Дегенмен, бір қатарлы бірліктер жүйесінің кемшіліктері көп. Мысалы, таксономиялық бірліктер жүйесінде зонаның сектордан кейінгі қатарда тұруы. Яғни зона сектордың бір бөлігі, соған бағынышты, таксономиялық деңгейі төмен деген сөз. Бірақ, табиғи зоналардың ірі географиялық заңдылықтардың нәтижесінде пайда болатынын, секторға бағынышты екенін білеміз. Ал секторды белдеудің бір бөлігі деп қарасақ, онда секторлар тек бір ғана белдеу шеңберінде орналасу керек; ал біз көптеген секторлардың бір емес, бірнеше белдеу шекарасын қамтитынын да білеміз. Міне, осындай, тағы да басқа кемшіліктері үшін аудандастырудың бір қатарлы жүйесі – зоналық және азоналдық факторларды бірге есепке алал алмайды. Өйткені табиғи отрада бір- бірін «ауыстыруң деген болмайды, олар қатар жүріп отырады, бір – бірін толықтырады.
Қазіргі күні белгілі көптеген физгеографиялық аудандастыру үлгілері екі қатарлы қағида бойынша құрастарылған: зоналық және азоналдық. Жер бетіндегі кез – келген нүктенің георафиялық координаты: ендік пен бойлық бойынша берілетіні сияқты территорияның табиғи ерекшелігі зоналық және азоналдық белгілерді қамту керек. Мысалы, біз территория шөл зонасының эфемерлі – жусанды солтүстік подзонасында орналасқан дейік, бірақ бұл сипаттама жеткіліксіз, өйткені территорияның регионалдық физгеографиялық ерекшелігін көрсете алмайды. Ал егер оның қандай физгеографиялық ел мен облыста орналасқанын қоса көрсетсек онда түсінікті болады.
Қорыта айтқанда физгеографиялық аудандастырудың негізгі мақсаты – жер бетіндегі жекелеген бірліктерді ажырату. Осы жұмыстың ғылыми нәтижесі – аудандастыру картасын түсіру. Аудандастыру картасында регионалдық физгеографиялық кешендер мен олардың шекаралары көрсетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет