Лапароскопиялық технология



бет2/5
Дата04.02.2023
өлшемі6,04 Mb.
#167417
1   2   3   4   5

.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қай Жолдауында болмасын, отандық медицина саласының алға жылжуына, халық денсаулығының жақсаруы үшін барынша жағдайлардың жасалуына айрықша назар аударып келеді. Әсіресе, «Қазақстан -2050» Стратегиясында қашықтан емдеу, смарт- медицина, санитарлық медицина, ғылыми медицина сынды озық үлгілі медициналық қызмет көрсету жүйелерін енгізіп қана қоймай, мүмкіндігінше оларды жетілдіре түсуді нықтап тапсырған еді. Осы бағытта министрлік тарапынан қажетті шаралар қолға алына бастады. Соның бірі – телемедицина жүйесі.Телемедицина – байланыс құралдарын пайдалану арқылы диагностикалауға, аурулар мен жарақаттарды емдеуге және де алдын алуға, зерттеуге, бағалауға, мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін, қашықтан дәрігер-мамандардың көмегімен көрсетілетін денсаулық сақтау саласындағы қызмет және жекелеген тұлғалардың денсаулығын жақсарту мақсатында медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттырып отыру үшін де таптырмас тәсіл бұл.Телемедицина соңғы жылдары денсаулық сақтау жүйесінде тез дамып келе жатқан саланың бірі.

.

Ол денсаулық сақтау мен клиникалық медицинаның көптеген аспектілерін түбірімен өзгертуге көмектесе алады және болашақта медициналық қызметтің халыққа қолжетімділігін жоғарлатуымен қоса, оның бағасын төмендетуге де мүмкіндік беретін, ауылды жерлердегі денсаулық сақтау саласы интегралды жүйесінің өзегі бола алады. Қордай аудандық орталық ауруханасында 2009 жылдан бастап, қазіргі заманға сай жабдықталған, кәдімгі телефон арқылы немесе компьютердің көмегімен ғаламтор арқылы үлкен қашықтық арасында науқас туралы клиникалық мәліметтерді жеткізуге мүмкіндік беретін телемедицина кабинеті жұмыс атқарады. Телемедициналық модульдің жабдықталуына мына құрал- жабдықтар кіреді. 12 каналдық телемедициналық электрокардиограф, телемедициналық стетоскоп, телемедициналық отоскоп, ультрадыбыстық диагностикалау аппараты, телемедициналық офтольмоскоп, телемедициналық дермаскоп, рентген суреттерін сканерлеуге арналған құрал. Телемедициналық кеңестер өткізу арқылы науқасқа жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге, ресурстармызды тиімді пайдалануға, консультативтік шығындарға жаратылатын қаражаттарды үнемдеуге, шалғай аумақтарға көмекті жақындатуға мүмкіншілік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет