Өзіңізге деген сенім, өзін-өзі бағалауды
жоғарылату немесе шығармашыл жəне
табысты болу туралы
Бірде ірі баспаның директоры шығармашыл болудың құпиясын білуге
шешім қабылдайды. Ол жоғары ақы төленетін білікті психологтарға
шығармашыл адам мен шығармашылықтан алыс адамның арасындағы
айырмашылықты зерттеп анықтауға тапсырма беріп,
қаржыландырады.
Психологтар бір жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар
жүздеген сауалнама алып, көптеген оқиғаларды талдап, ең
үздіктерімен сөйлесіп, ақыры жауабын табады.
Нəтижесінде, бір ғана айырмашылық бар екені белгілі болады.
Шығармашыл адам өзінің шығармашыл екеніне толық сенімді болған.
Ал жасампаз адам өзін мүлдем шығармашыл адам қатарына қоспаған,
креативті емес екендігіне кəміл сенген. Осымен бұл құпияның жауабы
қарапайым ғана көрініс тапқан.
Өзіне деген сенімділікпен əркім Есенин, да Винчи немесе Ломоносов
бола алады (əрине, егер ол өте көп жұмыс істесе). Майкл Микалко бұл
зерттеу туралы өзінің «Рисовый Штурм» кітабында
31
айтады.
31
Микалко М.
Рисовый штурм и еще 21 способ мыслить нестандартно. М.: Манн, Иванов
жəне Фербер, 2015
Өзімізге деген сенім біздің ішкі дүниемізді қалай өзгертетіні туралы
сөйлесейік.
Ішкі құндылықтар жəне екі супермодель туралы
Мен Ресейдің ең əдемі модельдері Катя, Таня дейтін қыздармен біраз
уақыт жұмыс атқардым. Олар секілді құрбыларды жиі
кездестіретінмін. Олар екеуі бір-бірінен айнымайтын. Бойлары мен
дене тұрқысы халықаралық моделдік стандартқа сай келеді. Жас
болғанына қарамастан ақылды, талантты тəрбиелі сұлулар. Алайда
өмірлік жолдарында аздаған айырмашылық болатын.
Катя «Upper Pipke Expo» секілді сазды стендтерде жұмыс істейді. Ал
Таняны Миланның ең жақсы подиумдарында өнер көрсетуге
шақыратын. Катяға «Ф», «Т», К», «Ы» əріптерінен «Бақыт» сөзін
құрауға бағытталған шоудың жарнамасына түсіруге ұсыныс білдіреді.
Ал Таняны федералды арнаның жүргізушісі болуға шақырады. Катя
жұмыссыз альфонстармен кездеседі. Таня жас перспективті топ-
менеджермен қарым-қатынаста əрі бір-бірін ессіз сүйетін бақытты
жұп.
Бірде менің көз алдымда Катя шыдай алмай жыларман болып Таняны
сұрақтың астына алды: «Таня, неге өмірі бұлай болады, сен екеуміз
əдемі, кəсіби модельдерміз. Екеуміз де өзімізді дамыту жолында
еңбектенеміз əрі көп жұмыс істейміз. Соған қарамастан, əрқашан
мендегі барлық нəрсеге бірдеңе жетпейді де тұрады. Ал сенде бəрі
орнымен орындалып жүреді. Тасың өрге домалауда: келісімшарттар,
түсірілімдер, ұсыныстар келіп түседі. Керек болса керемет жігіт те бар.
Қалайша? Бұның сыры неде?»
Ал Таня: «Мен əрқашан бұған лайық екенімді білетінмін», – деп жауап
берді.
Сіз де жұмысыңызда немесе өмірде осыған ұқсас оқиғаларды
кезіктірген боларсыз? Өзіңе деген сенімділіктің маңызын білдіру үшін
мысал ретінде екі жігітті алайық. Сөзсіз, екеуі де еңбекқор, жұмыс
істейді. Біреуі-ақылды əрі талантты, бірақ өзіне сенімсіз. Ал
екіншісінде қабілет аздау, соған қарамастан өзін-өзі бағалауы тым
жоғары, сенімді.
Қайсысы табыстырақ болатынын тауып көріңізші?
Адамның өзіне сенімі туралы көп нəрсе айтылғанымен, кілт сөз
ретінде бұл туралы сирек талқыланған. Бірде мен шығармашылықты
дамыту жөніндегі тренингке қатыстым, сонда бір тұжырымды ой
айтылды: «Кез келген процесте, жұмыс барысында – бизнесте, өмірде,
тіпті шығармашылықта болсын нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік
беретін өзіндік құралдар бар. Егер сіз оларды қолдана бастасаңыз, олар
сіздің түпкі нəтижеге қол жеткізетініңізге сенер-сенбесіңізге
қарамастан, жұмыс істейді. Егер сіз өзіңізге сенімдірек болсаңыз, олар
одан бетер жұмыс істейтін болады».
Жетістікке жетудегі құпия, бірден-бір жол – сенім.
Мұнымен не істеу керек?
Өзін-өзі бағалауды көтеру – қиын жұмыс.
Бірақ жылдам нəтиже беретін қарапайым құралдар туралы айтатын
болсақ, мен бұл жолда əзілмен атқарамын. Мен анамның қасына
барып, иығынан қағып, жүз рет қайталап: «Анашым, мен сияқты
данышпанды қалай тəрбиелегеніңді айтшы?» немесе «Анашым,
данышпанның анасы болу қандай? Саған жақсы шығар, иə?» деп
сұраймын.
Бұнда көңіл көтеру үлесімен қатар өзін-өзі мысқылдау бар екені
айқын. Əдетте, анам маған «Сенде де солай болады» деген
көзқараспен қапсыра құшақтап: «Жарайсың! Сен, ең бастысы, оған
сен! Сенің қолыңнан келеді» деп айтатын.
Айтпақшы, кейде менің шеберлік сабағыма қатысқандардан өзімнің
анама мəтіндік хабарлама жазуларын сұраймын жəне бұл əрқашан
маған өте жақсы əсер қалдырады.
Жалпы алғанда, өзін-өзі бағалауды жоғарылату үшін тыңғылықты
жұмыс, үздік жеңістерден басқа, адам өзінің күшті жақтарына көңіл
бөлуі маңызды. Михаэль Микалко, №1 шығармашылық сарапшысы
жазады: «Өзіңіз туралы ұнайтын барлық нəрсені, барлық жағымды
қасиеттеріңізді жазыңыз. Сіз жетістікке жеткен жағдайларды қайда
орын алғанына дейін, кез келген жерде жүргенде сипаттаңыз: үйде,
жұмыста, мектепте жəне т.б. Бір нəрсе еске түскенде немесе
орындалғанда тізімді кеңейте беріңіз. Мүмкіндік пен қабілетті
мойындау алға басуға көп көмектеседі».
Міне, «Өзіне сенімділік» кітабынан тағы бір практикалық тапсырма.
Күніңіздің қалай өткенін еске түсіріп, қорытындылау үшін күнде
кешке бірнеше минут уақытыңызды бөліңіз. Сіздегі бар үш жақсы
немесе жағымды нəрсені жазыңыз. Бұл жаһандық нəрсе болуы
міндетті емес, уақытылы толтырылған есеп-қисап, досыңызбен түскі
ас, əріптесіңіздің мақтау сөзі болсын жазып қоя беріңіз. Алдымен бұл
жаттығуды түсіну үшін күн сайын жасаңыз, содан кейін аптасына үш-
төрт рет жасаңыз. Əр аптаның соңында жағымды оқиғалардың тізімін
қайта оқып шығыңыз. Тəжірибе көрсеткендей, бұл қарапайым процесс
сіздің ойыңызды позитивтілікке бағыттай алады. Өзіңізге деген
сенімділікті де арттырады.
– Өзіңізді бағалаңыз! Бұл жерде мысқылды əңгіменің кейіпкеріне айналмас үшін жүйелілікті
білу керек.
– Сізде шынымен өз-өзіңізді бағалау жоғарылаған.
– Сізден жақсырақ болғаныма мені кінəлідей айтып тұрсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |