мың рет жасаған тəжірибесі сəтсіз болса да, қолын сілтей салмаған?
Нəтижеде шамды ойлап тапқан тұңғыш өнертапқыш атанды.
…Өзгеруіме себепші болған жауаптарды таптым. Ал қазір өз
тəжірибеммен
кітаптарда, шеберлік курстарында бөлісіп, басқаларға
көмектесіп жүрмін. Барлық сұрақтардың жауабы осы кітапта
жазылған. Бұл еңбек «Манн, Иванов жəне Фербер»
баспасының веб-
сайтындағы апта сайын жарық көретін «Өміріңді өзгертетін 100 əдіс»
атты айдарынан дүниеге келді.
Бұл айдар пайда болысымен, көптеген пікірлер келіп түсе бастады.
Оқырмандар өздеріне демеу болып, шабыттандырған оқиғаларымен
бөлісті. Осыдан соң өзімнің жобамды жүзеге
асырамын деген шешім
қабылдадым! Дəл қазір бастап кетпесем, 20 жылдан кейін өкінетінімді
түсіндім. Сіздерге рахмет!
Алақай! Мен сондай бақыттымын. Бүгін алғаш рет өзімнің сүйікті
ісіммен айналысуды қолға алдым. Жаттығу залына баруға мотивация
таба алдым.
Достарым маған ешқашан сенбейтін жəне ештеңеге де талпынбайтын.
Алайда сіздің мақалаңыз өмірге басқа қырынан қарауға жəне өз
ортамды табуды үйретті.
Сіздер жазған мақалалар жығылған кезімде бойыма күш-қуат берді.
Мен өзіме сене бастадым. Енді мен тоқтамай тек алға жүре беремін!
Мен өз кəсібімдегі қателіктер мен сəтсіздіктерден қорқуды доғардым.
Перфекционизмнің себептерін де түсіндім. Рақмет!
Бүгін мен өзімді еркін сезіндім. Бəлкім, жан дүниемді тануға əрі
жұмысымды жақсы көрмейтінімді мойындауға күшім жеткеннен
болар. Өмірге қайта келгендеймін!
Ішкі жан дүниемдегі құлшынысты білсеңіз ғой!
Мотивацияның
алпауыт күші бұлқынып жатты. Мен таңғажайып дүниелерді өмірге
əкелгім келеді!
Бұл кітаптан сіз көптеген сұрақтардың жауабын таба аласыз.
• Дамуды неден бастаймын?
• Өзіңді қолдайтын ортаны қайдан табасың?
• Ішімдегі ерекше күшті қалай білдірсем болады?
• Жұмыс пен сүйікті істі қалай байланыстырамыз?
• Жаңа өмірге алғашқы қадамымды қалай басамын?
• Өзіңе ұнамайтын жұмыстан қалай бас тартуға болады?
• Қорқыныштан қалай құтылып, сенімге қалай қол жеткізуге болады?
• Ішкі күшіңді дамытып, бұл дүниеден қалауыңды қалай алуға болады?
• Ескі өкпе-ренішті ұмытып, сатқындық пен опасыздықтың жарасын қалай емдеймін?
Одан бөлек жеті қоспадан тұратын бақыт формуласына ие бола аласыз.
Кітапта
Достарыңызбен бөлісу: