текшеге «жоқ» деп жазасыз. Сіздің тапсырмаңыз: 1000
жоқты яғни, бас
тарту жинауыңыз керек. Бастысы қорықпай, белгілеуді жалғастыра
беріңіз. 1000 бас тартудан кейін сату кезіндегі үрейіңіз жоқ болып
кетеді.
Осы тұста Майкл Джорданның қанатты сөзін келтіргім келеді: «Мен
мансабымда 9000 реттен аса мүлт кеттім. 300-ге жуық ойыннан
ұтылдым. 26 рет маған шешуші
допты лақтыру сеніп тапсырылды, ал
мен оларды ақтамадым. Мен қайта-қайта жеңіліске ұшырай бердім.
Міне, осының арқасында мен жетістікке жете алдым».
Сондай-ақ маған осы жайлы «Arcanum» тұлғаны дамыту орталығының
негізін салушы Алексей Похабовтың «Үздік» шешім атты жазбасы
6
ұнайды.
6
http://knowledgeblog2014.blogspot.ru/2015/01/blog-post_84.html
.
Күндердің бір күні мен Ұстазбен əңгімелестім. Менің алдымда екі
таңдау болғандықтан, жанымды қоярға жер таппадым.
Қателесуден
қатты қорықтым. Өйткені артқа шегінсем, өкініш мені жеп қоятынын
білдім. Қайтсем де қателеспеуім керек!
Осылайша Ұстазыма осы сұрақты қойдым. Ол əдеттегідей сабырлы
қалпын бұзбады. Мен шыдамсызданып,
қалай қателік жібермеудің
амалын сұрағанымда, ол:
– Ал сен қателік жіберіп көр, – деді.
Таңғалғаннан жағамды ұстадым. Мен жарты сағат бойы бұл
мүмкіндіктің қандай маңызды екенін түсіндірдім. Бір қателіктің
өмірімді күл-талқан ете алатынын айттым. Ал
ол өзінің айтқанынан
қайтқан жоқ:
– Қателік жаса. Əрине, оңай емес. Сен жоспарлағандай болмауы да
мүмкін. Өмірді толықтай сезін. Сенің жүрегің тек қалағанын алмайды.
Сенің қателесіп, кейін өкінгенің жақсырақ. Бола берсін. Бұл өмір заңы.
Кез келген тəжірибеден шынығасың. Олай болса, қателіктен несіне бас
тартамыз?
Ол дəл осыны айта берді. Тоқтамады. Не
айтқаны толығымен есімде
жоқ. Есімде бір ғана нəрсе қалды. Осыдан кейін оқиғаның салдарынан
сескенбейтін болдым. Қорқыныш кетіп қалды. Мен бір оқиғаны түрлі
ракурстан, жан-жақты талдай алатын болдым. Ұстазым əңгімесін
аяқтамастан бұрын шешім қабылданды. Мен екі нұсқаны да таңдауға
дайын едім. Əлі күнге дейін сол қайсарлық өн бойымда сақталған.
Өмір ақ пен қарадан тұрады. Тағдырдың қандай тосын сый
дайындағанын білмейміз. Өмірде қандай ауыртпалықтарды
арқалауымызға тура келетіні де белгісіз.
Қандай жағдай болмасын
барлығын қорқынышсыз қарсы алу керек. Қорқынышсыз өмір сүрген
абзал.
Бұл нағыз дұрыс шешім.
«Таңдауың қандай?» кітабында
7
бір керемет əдіс бар.
7
Бен-Шахар Т. Что ты выберешь? Решения, от которых зависит твоя жизнь. М.: Манн,
Иванов жəне Фербер, 2015.
«Pop» жобасының таныстырылымы болып жатқан. Дирижер əрі
педагог Бенджамин Цандер қорқыныштан ада болудың мағынасын
түсіндірді.
Бұл таныстырылымда Цандер 15 жасар виолончельшінің қабілетін
ашуға көмектеседі. Бахтың пьесасын орындау барысында жас өнерпаз
қателесіп кетеді.
Өз-өзіне көңілі толмай, қысылып кетеді. Ол пьесасын
орындап болған соң, Цандер шəкіртіне жасаған қателігі үшін өкінбеуін
сұрайды. Бармақ тістегенше, «Керемет болды!»
деп айтуға кеңес
береді.
Кейін жас өнерпаз да, көрермен де қателікке назарын аудармайды.
Дегенмен Цандер өнерпаздың мүлт кеткен жерімен көбірек жұмыс
жасайды. Өнерпаз тағы да қателеседі. Сонда да ұстаз шəкіртіне
«Жақсы орындадың!» деуін тоқтатпайды.
Қателік алдындағы қорқыныштан арылуға 15 минутын жұмсайды.
Қорқыныштан арылып, толығымен босаңсығаннан кейін аспапта
керемет ойнайтын болады. Əуен сондай сазды, еркін əрі оңай шығады.
Біздің өміріміз де дəл сондай. Сəтсіздікке
мына қызық өмірдің бір
жауабы ретінде қарасақ, көп нəрсе өзгерер еді.
Қателік жасаудан қорқу. Бұдан қалай арыламыз?
Қателесу. Тағы да қателесу. Допты қақпаға соға алмау. Музыкалық
партияларды шатастыру. Допты қақпаға бағыттай алмау.
Сара Блэйклидің əкесі қоятын сұрақты мен де қойғым келеді: «Бүгін
қай жерден қателестіңіз?»
Жауап үнсіздік емес, ұзын əңгіме болады деп үміттенемін.
Қателіктеріңіз жайлы батыл хабарлаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: