Мотивация
Өзіңе ұнамайтын жұмыстан қалай бас тартып,
əрі 30 келі салмақ тастап, өзіңді табуға
болады?
Барлығынан бас тартып, өміріңді қалай 180 градусқа өзгертуге
болатыны туралы айтайын. Өз басымнан өткізген оқиға.
Осыдан тура
үш жыл бұрын Мəскеу метросында өмірім түбегейлі өзгерді.
Оны айтпас бұрын ең алдымен өткен өміріме көз жүгіртейік. Мен
Мəскеу Мемлекеттік Университетінің журналистика мамандығын
бітірдім. Мəскеудің көптеген БАҚ-тарында қызмет атқардым. Бетке
ұстар журналистің бірі болдым. Алла Пугачевадан бастап Киана
Ривзға дейін барлық жұлдызбен араластым.
Бұның барлығы маған
керемет дүниедей көрінді. Онымен қоса мен өзімнің
телебағдарламамды жүргіздім. Менің соңғы жұмыс орным Ксения
Собчак жүргізген «Топ модель по-русски» телебағдарламасы болды.
Біз
Нью-Йоркке, Лондонға жəне Майамиге түсірілімге бардық.
Қысқасы, сырттай бəрі расымен де керемет болып көрінді. Алайда
іштей бір ой маза бермеді: «Бұл мен қалайтын дүние емес». Менің
шынайы өмірім əлі басталмаған секілді көрінетін. Мен артық салмақ
қоса
бастадым, ал демалыс күндері барда уақыт өткізетінмін.
Соңғы тамшы
2012 жылдың сəуір айында метрода келе жатқанмын. Жоғары жақтағы
тұтқадан ұстап тұрғанмын. Бір кезде бір əже орнынан тұрып: «Отыр,
қызым. Саған отыру керек. Не дегенмен сəби күтіп жүр екенсіз», –
деді.
Сізге əже тұрып, орын беріп көрді ме?
Мен қатты ұялдым. Мен əжейге не дей аламын? «Кешіріңіз, ішімдегі
сəби емес, соңғы жылдары жеген 133 пицца, 196 бургер жəне 838
сэндвич» дейін бе? Əженің көңілін қалдырғым
келмегендіктен жылы
жымиып, ұсынған орнына отырдым. Соңғы бекетке дейін мен жəне
менің майдан құралған «балам» екеуміз отырып бардық.
Осы оқиға маған қатты əсер етіп, өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен
бəрін тастадым да, туған жерім Уфа қаласына кетіп қалдым. Бұл жерде
өзімнің сүйікті
ісімді таптым, салмақ тастадым, зиянды əдеттерімнен
арылдым. Осылайша, əлемге деген көзқарасымды өзгерттім. Қазір
адамдарға жаңа өмірге қадам жасауға көмектесіп жүрмін.
Бірінші қадамды қалай жасайсыз?
Көптеген адамдар өзгерісті «Қашанғы шыдауға болады?» деген
сұрақтан бастайды. Алайда дұрыс сұрақ мынадай болуы керек:
«
Достарыңызбен бөлісу: