Латын емтихан жауаптары Жазудың пайда болуы мен даму тарихы бойынша хронологиялық карта жасаңыз


Жазу жүйелерінің ішіндегі ең қолайлы жазу түріне мысал келтіріңіз. Дәлелдеңіз



бет26/42
Дата26.01.2023
өлшемі2,56 Mb.
#166496
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42
Байланысты:
Латын эмтихан жауабы дайын (копия) (копия)

2.Жазу жүйелерінің ішіндегі ең қолайлы жазу түріне мысал келтіріңіз. Дәлелдеңіз.


Әріп жазуы  буын жүйелі жазудан кейін пайда болды.
Әріп жазуының пайда болуының дүниежүзілік мәдениеттің 
дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп 
жазуы - ең қолайлы жазу. 
Себебі: Әр түрлі тілдерде буын саны мен 
сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай 
дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба 
санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың 
мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа
үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы (алфавит) – сөздерді ғана 
емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен 
грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-
мөте қолайлы жазу.


  1. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиі. Блун таксаномиясы

бойынша талдап шығыңыз.



Ойлау деңгейі

Сұрақтары

Негіздемесі

Білу

Не? Кім? Қашан?

  • 1069 жылы жазылған «Құтты білік» дастаны, алғашқы түркі лингвисті М.Қашқаридың «Дивани луғат ит-түрк» атты түркі тілдері саласындағы тарихи-салыстырмалы даңқты сөздігін жазды.

  • ХІІ-ХІҮ ғасырларда осы графикамен А.Югнекидің «Ақиқат сыйы», Рабғузидің «Әуле-әнбиenер қиссасы» туындылар көне түркі тілінің дәстүрлі жалғасы болып табылады.

  • 1861 жылы Қазанда басылып шыққан Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизского наречия» деген кітабы қазақ тілінің жүйесін танытқан тұңғыш еңбек болды.

  • 1924 жылы жаңартылған алфавитінің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне біраз икемделуі. Әріп саны ықшамдалып, 32 әріптен 25 әріпке түсуі.

Түсіну

Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады?
…. бұл үлгі боп табыла ма? 

  • Араб графикасына негізделген жаңа емле 1912 жылдан бастап ұсынылды.

  • «Төте жазу» деген атпен танымал болған, қазақ-орыс мектептері де қолдана бастады.

  • 1915 жылдан бастап араб графикасына негізделген көптеген қазақ кітаптары басылып шықты.




Қолдану

қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?



  • 1902 жылдан бастап бастауыш мектептерде оқытыла бастағанымен, ресми түрде графикасы болған жоқ, орыс немес араб графикасын пайдаланды.

  • Бұл кітапта әрбір әріпке мінездеме беріледі, одан соң танымдық материалдар ұсынылады.

  • Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл «Әліппе» кейін бірнеше рет басылады, 1925 жылғы Орынбор басылымында 7 деп көрсетілген.

  • Білім кеңесінде бұл кітапқа былай баға берілді: «Әліппе» қазақ даласына көп пайдасын тигізді.

  • Әдісі жағынан да, мазмұн жағынан да ескірген көптеген кітаптардан аса артық.

  • Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық.»




Талдау

Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?



  • Қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикасын талдап-танытудың бүгінгі күнінде де А.Байтұрсынұлының аталған оқулығының негізінде беріліп келеді.

  • А.Байтұрсынұлының еңбегі қазақ тілі біліміндегі тұңғыш еңбек болды.

  • 1912 жылы жаңа графикамен жазылған тұңғыш «Әліппе» Орынборда жарық көреді

  • Ал 1913 жылдан бастап 1918 жылға дейін «қазақ газеті» А.Байтұрсынұлы түзген емле негізінде жарыққа шығарылды.

  • А.Байтұрсынүлының бұл жасаған әліпбиі қазақ мәдениеті тарихының үлкен бір белесі болды.

  • Қазақ даласындағы алғаш сауат ашу, оқу-ағарту майданында алға басуға зор серпіліс туғызып, хат таныған көпшілікке кең таралып, төте жазу деген ат иемденеді.

  • Өз уақтысында кеңге құлаш жайғанын бүгінгі кездегі шетелдегі қазақ диаспорасының көпшілігі осы төте жазу үлгісін жақсы білетіндігінен көруге болады.

Жинақтау

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма?

  • Араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған қазақ, қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланды.

Бұл съездің күн тәртібінде алты мәселе қойылды:

  • 1) жазу, яғни орфография ережелері,

  • 2) әліпби (яғни алфавит, графика мәселесі),

  • З) қазақша пән сөздер (терминология),

  • 4) ауыз әдебиетін жою шаралары,

  • 5) оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары,

  • 6) бастауыш мектептің программасы.

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?



  • Ж.Аймауытов, М.Дулатовтардың «латын таңбасына көшсек, жаппай сауатсыздыққа ұрынамыз»-деп араб графикасын қолдайды.

  • А.Байтұрсынұлы бұл съезде айтқан пікірін кейін 1927 жылы Қызылордадағы жазу мәселесіне арналған конференцияда да қайталап дәлелдейді.

  • Ол түрік жұртының 90 пайызы араб таңбаларын пайдаланып келетіндігін айтып, әрқайсысының қалыптасып қалған.

  • Пайдаланып жүрген хат мәдениеті бар екендігін айта келе, бір әріпті тастап, екінші әріпті алудың қиындықтарын ғылыми негізде дәлелдеп баяндама жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет