6. А. Байтұрсынұлының «Төте жазу әліпбиін» кестеге салыңыз. Жер-су атауларына мысал келтіріп, төте жазу үлгісімен жазыңыз.
Мысалдар: ____________________________________________________________
7. Кирилл графикасының артықшылығы мен кемшілігі. Талдау жасаңыз.
19 ғ. аяғында Ресей үкіметі саясатының есебінен орыс жазуына көшу бағыты шыға бастады. 1876 жылы қазақ жазуын орыс графикасына көшіру туралы мәселе ресми түрде қолға алынды. Алғашқы әліпбилер жасала бастады. Орыс графикасына негізделген ең алғашқы қазақ әліпбиі жобасын Н.И.Ильминский жасады. Н.И. Ильминский әліпбиіндегі қазақ тілінің өзіне тән дыбыс дауыстылардың таңбалары мынадай болды: ă –, ŏ- , у –< ү>, і – , ы – , н – , к- , г – . Орыс әліпбиіндегі е, в, и, ф, ц, х, ч, щ, ъ, ь, э, ю, я таңбаларын (қазақ тілі дыбыстық құрамына тән емес дыбыс таңбаларын) қолданбады. Н.И.Ильминскийдің бұл жазуына кезінде В.В.Григорьев тарапынан арнайы сын айтылған еді. Онда В.В.Григорьев араб жазуы сіз ойлағандай қазақ жазуына келмейді емес дейді: “Но справедливость прежде всего, даже и в отношении к арабской азбуке: зачем обижать ее, а вы, я нахожу, обидели ее, унизив паче меры”. Ғалым басқа әліпбиді алған соң оны не өзгеріссіз қабылдау керек, не сол әліпби таңбаларының шегінде ғана пайдалану керек деген.
Артықшылығы
|
Кемшілігі
|
Әріп пен дыбыстың дыбысталуындағы нақтылығы
|
Шет ел тілтанушыларына үйренудегі қиындық
|
Силлабикалық принциптің болуы: Графиканың силлабикалық принципі дауыссыз дыбыстардың қаттылығы мен жұмсақтығы бойынша жұптарды белгілеуде қолданылады. Қазіргі орыс тілінде қаттылық-жұмсақтық бойынша жұптасқан дауыссыз дыбыстар фонематикалық мағынаға ие, яғни сөздердің дыбыстық қабықтарын ажыратуға қызмет етеді.
|
Әлемдік арена деңгейіндегі мемлекеттік тілдер қатарына қосыла алмауы
|
42 әріп, оның ішінде қазақ тіліне тән 9 әріп, 37 дыбыстың болуы (26-сы дауыссыз, 12-сі дауысты). Дыбыс еместері: ь, ъ, ё, ю, я.
|
Шеттіл сөздерін орыс графикасының мағынасына сәйкес емес тікелей аударуы
|
Достарыңызбен бөлісу: |