27. Дауыстылардың үндесуін мысалдармен дәлелдеңіз.
Сингармонизм (грек. sun- бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң. Осы уақытқа дейін сингармонизм дауысты дыбыстардың үндесуі немесе буын үндестігі делініп келеді: «түбірдегі дауысты жуан жуан (не жіңішке) болуына қарай оған тікелей көршілес қосымшадағы дауысты да тиісінше жуан (не жіңішке) болуы алдындағы өзімен тетелес қосымшамен байланысты; біртіндеп, сатылап барып бір буын екінші буынды ілестірумен барабар, сөздерге барлық буындарға арқау түбірдің дауыстысы». Яғни қосымшадағы дауыстының сипаты түбірдегі дауыстыға байланысты, бірімен бірі үндесіп тұрады. Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында. Бұлай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабылдауды, түсінуді қиындатады. Сингармонизм түрлері-түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады: 1) Дауысты дыбыстар тілдің қатысы жағынан және 2) еріннің қатысы жағынан бір бірімен үндесіп айтылады. Лингвальдық сингармонизм: тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм: бастапқы буындағы ерін дауыстының ыңғайына қарай, соңғы буындарда да ерін дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың ерін қатысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыстардың үндесуінің бұл түрін ерін үндестігі немесе лабиальдық сингармонизм дейміз.
28. Төте жазудың ерекшелігі неде? «Кластер» әдісі арқылы тұжырымдаңыз.
Сөз басындағы ортасындағы аяғындағы кескіні әртүрлі
Араб әріпінің баламасы
Төте жазуға тән белгілер
Оңнан солға қарай жазылады
5 дауысты графема, 17 дауыссыз, 2 жартылай дауысты бар
24 таңба 1 дәйекшеден тұрады
Жол бойымен, жолдан шығарылып жазылады
18 араб таңбасы, 3 парсы, 2 түрік таңбасы кездеседі
Сөз ішінде бір – бірімен тіркесе бермейді
Достарыңызбен бөлісу: |