Білемін
|
Білдім
|
Білгім келеді
|
Көне түркі жазуын біз «Руникалық жазу» деп те атаймыз, яғни скандинавия тілінен аударғанда «құпия, сыры ашылмаған» деген мағынаны білдіреді.
|
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған.
|
Көне түркі жазуының ескерткіштерін зерттеген ғалымдар еңбегі туралы көбірек білу.
|
Әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.
|
Әріптері жазылуындағы ерекшеліктерді толығырақ зерттеп, қарау.
|
Көне түркі жазуының табылған ескерткіштері: Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері.
|
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады.
|
Көне түркі жазуының әріп таңбалануының ерекшеліктерін қарай отырып, басқа аймақтарда және мемлекеттерде табылған руникалық ескеркіштер мұрасын салыстыру.
|
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы).
|
|