ерікті қозғалыстар
Адамның ерікті амалының дайындық кезеңі: мақсат
Алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет:
ерлік
Адамның ақыл ой өзгешеліктерінің жеке қажеттерін көрсететін кез-келген адамнан табылатын қабілет:
жалпы қабілет
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті қалай атайды?
арнаулы қабілет
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізу: сөйлеу
«Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар -сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды» - деп сөздің мәнін физиологиялық тұрғыдан түсіндірген ғалым:
И.П. Павлов
Сөйлеудің түрлері:
сыртқы және ішкі сөйлеу
Екі немесе бірнеше адамның тілдесуі:
диалог
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі:
ойлау
Сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдеу процесі:
ойлау
.Түйсік пен қабылдаудағы анализбен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі:
ойлау
Ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу:
анализ
Ой арқылы заттық құбылыстың барлық элементтерін біріктіру:
синтез
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қаситеттерінен ойша бөліп алу – ойлаудың қайтәсілі?
абстракция
Абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдар мен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой:
нақтылау
Заттар мен құбылыстар туралы ой: ұғым
Бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы:
Достарыңызбен бөлісу: |