Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Мәтінді кирилл алфавиті бойынша жазыңыз және жаңа латын графикасының қолайлы және қолайсыз жақтарына талдау жасаңыз



бет28/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023

66.Мәтінді кирилл алфавиті бойынша жазыңыз және жаңа латын графикасының қолайлы және қолайсыз жақтарына талдау жасаңыз:
Қарттар күніне арналған құттықтау сөз: Құрметті отандастар! Сіздерді БҰҰ Бас ассамблеясы қарттар күні деп жариялаған, бүгінгі мейраммен ізгілік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Алдыңғы буын аға-апаларымызға, ерен еңбек үлгісін көрсетіп кеткен ардагерлерімізге осы бір қайырымыдылық пен даналық көрінісі іспетті жарқын мерекелріңіз құтты болсын дейміз. Сіздер кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа, отанымызға адал қызмет етуге, айналадағы адамдардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарасын қалыптастыруға үйретіп келесіздер. Егемен еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарауды, жақсы күндерді еселі еңбегімізбен жақындатуды біз сіздерден үйреніп келеміз. Бүгін біз қарттарымызға құрмет көрсетіп, құттықтаумен бірге, ардагерлерімізге жан-жақты қолдау мен ыстық ықыласқа толы алғыс сезімін білдіреміз, яғни олар өздеріне деген шынайы қамқорлықты сезінуі қажет. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі-қашанда үлкенге-құрмет, кішіге-ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін.
•Қолайлы тұсы. Латын графикасы-жаңа қадам, жаңа бастау. Ендеше, осы латын қаріпінің қолайлы тұстары ретінде бірнеше жағдайларды атап көрсетуге болады. Біз бұл жазудың көмегімен- дамыған көшбасшы елдермен иық тіресіп, әлем өркениеті мен бірге жахандануға мүмкіндік ала аламыз. Ескі тарихымызды қайта жандандыра аламыз. Тіл білімі салалары әлдеқайда дамыған, болашағы әлдеқайда гүлденген іргесі берік, шаңырағы биік тұғырлы ел бола аламыз. Және бастысы, бұл қаріпті қолдана отырып ескі тарихи ескерткіштерімізді, оның ішіндегі әдеби мұраларымызды қайта қарастырған, сүйіп оқыған болар едік. Латын жазуын қолдану- түбі бір түркі халықтарынан түп-тамырымыздың ажырамауының айқын кепілі бола алмақ. Әрине, латын қаріпіне ауысу-айтарлықтай қаражат пен уақытқа шығын әкелуі мүмкін. Бірақ болашағы жарқын, ұрпағы білімді һәм өркениетті ел боламыз десек алдымен жазуымыздан, латын қаріпіне көшуден бастауымыз керек деп ойлаймын.
•Қолайсыз тұсы. Латын жазуына көшудің қолайсыз тұстары да айтарлық. Бұл бетбұрысқа бағыт алу барысында алдымен онсызда қауқары төмен экономикамызға,әрі уақытқа айтарлықтай шығын келетінін ескерсек, артынша бұл процесс-халықты біраз шатастыратынын да ұмытпағанымыз жөн. Бұны үйрену жастар үшін айтарлықтай қиындық тудырмағанымен аға-буын мен жасы үлкен азаматтар мен азаматшалар үшін біраз қиындықтар әкелері хақ. Оның үстіне латын жазуына ауысу жайлы-халық арасында да біраз қайшылық бар екені белгілі нәрсе. Еліміз орыстың құлдық санасынан толық айырыла алмағандығының салдарынан өкінішке орай қазақ жерінде «орыс тілде мектептер» көз сүрінерлік. Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінң айтуынша егер латын қаріпіне көшсек-орыс тіліді мектептер кирилл қаріпінде қалатын көрінеді. Егер ол рас болса, ел ішінде алалық туары хақ. Сол себепті, үйренген жау атыспаққа жақсы демекші, осы кирилл қаріпінде қала берсекте-көштен қалмасымыз анық деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет