Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Мәтінді кирил алфавитімен жаз



бет30/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023

68. Мәтінді кирил алфавитімен жаз.
Кеңістік-барлық нәрсенің, ал уақыт-бұл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл-жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер мекен етіп жатқан қазіргі аймақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италяилықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл-орынды мақтаныш. Сол сияқты ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл-тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр.
69.Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінде жаз.
Jaña älıpbi-ruhani damudyñ kepılı Türkiiada ötken ğylymi mäjılıstıñ nätijesınde Özbekstan, Türkımenstan, Äzerbaijan latyn alfabitıne köşıp aldy, al Qytğyzstan ükımetı de būl jobany bekıttı. Alaida qarjy mäselesıne bailanysty qyrğyzdar älı latyn ärpıne köşken joq. Endıgı kezek Qazaqstanğa da kelıp, jaña älıpbi daiyndağanda bız joğaryda atağan memleketterdıñ täjırbiesın paidalanyp, olarda oryn alğan kemşılıkterdı eskerıp, latyn ärpınıñ negızınde qazaq älıpbiın jasadyq. Prezidenttıñ būl ülken bastamasyn bükıl halyq qoldady. Egerde bız kirillisa ärpınde qala bersek bükıl türkı älemınen alşaqtap keter edık. Sondyqtan da latynğa köşü türkı halyqtarunuñ bırlıgın saqtau, ğylym, bılım, öner salasyna özara jaqyndasuyna zor üles qosady. Jäne mūnyñ ülken saiasi mağynasy da bar, bız täuelsız memeleket ekenımızdı körsete bıldık.1992 jyldyñ mamyr aiynda Türkiia Respublıkasy ükımetınıñ bastamasymen Ankara qalasynda barlyq täuelsız türkı memeleketterınıñ ökılderı jinalyp, latyn ärpınıñ negızınde jaña älıpbi jasau mäselesın talqylady.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет