Латын сессия жауаптары 2023 Руникалық көне түркі графикасы


Әліпби құрамында акут белгісіне сипаттама



бет39/41
Дата26.12.2023
өлшемі91,3 Kb.
#199369
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
Латын сессия жауаптары 2023

86.Әліпби құрамында акут белгісіне сипаттама
Алғаш бекіткен әліпбиде акут диакритикалық таңбасын қолданған. Кейін ұсынылған соңғы әліпбиде акут белгісін алып, оның орнына 4 диакритикалық таңбаны еңгізген болатын. Менің ойымша акут белгісін «бір дыбыс – бір таңба» ұстанымына қарама-қарсы болғандықтан алып тастады. Оны мен былай дәлелдей аламын, акут нұсқасында Ш дыбысын Sh деп берген. Ал «Ғалымдар одағы» ұсынған «бір дыбыс – бір таңба» ұстанымын ұстай отырып, қазіргі әліпбиге седиль диакритикалық таңбасын қолданып Şş (құйрығы бар S) әріпімен берген. Және сол сияқты акут авторлары У дыбысын төбесіне акут қою арқылы /Ý ý/ деп берген. Бірақ бұл жағдайда қуыр, ауыр, ауыру qýyr, деген сияқты сөздерді жазғанда көзге жағымсыз, оғаш көрінеді. Акут авторлары ұсынып отырған У дыбысының төбесіне акут қою ешбір түркі халықтарында кездеспейді. Сол үшін ол нұсқаны құп көрмей У дыбысын Uu деп қалдыруды жөн көрді.
87. Диакритикалық таңбалар – жеке әріптің ерекшелігін көрсету немесе нақтылау үшін қолданылатын белгілер.
Диакритикалық таңбалар – берілген дыбыстың әуезділігін, өзіне тән ерекшелігін көрсету мақсатында пайдаланылатын белгі деп түсінемін. Көптеген зерттеуші тұлғалар бұл таңбаларды тілдегі дыбыстық ерекшелігімізді айшықтап көрсететін ерекше тәсіл деп санайды. Диакритикалық таңба әріптердің төбесінде немесе төменгі жағында орналасып, сол әріптердің созылып айтылуын, жуан немесе жіңішкелігін, ұзақтығын басқа да дыбыстық ерекшелігін айқындау мақсатында қолданылады. Жалпы алғаш бекіткен әліпбиде акут диакритикалық таңбасын қолданған. Кейін ұсынылған соңғы әліпбиде акут белгісін алып, оның орнына 4 диакритикалық таңбаны еңгізген болатын. Әліпбиде умлаут – Ә,Ө,Ү жіңішке дауысты болса , макрон – жуан дауысты Ұ дыбысы, бревис – ұяң Ғ дауыссыз дыбысы, ал седиль – Ш дауыссыз дыбысы себебі, Ш ызың дауыссыз дыбыс. Осы тұста әліпбиге төрт бірдей диакритикалық таңбаны еңгізудің пайдасы қанша, қандай қажеттілігі бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Бұл таңбалардың қажеттілігін түсіндіріп кетейін. Диакритикалық белгілердің бірі умлаут – тілімізге тән дауысты дыбыстарды айқындауда маңызды орын алады. Ал седиль табасын – тіліміздегі ызың дыбыстарды білдіру мақсатында қолданамыз. Сол секілді маңызды диакритикалық таңбалардың бірі макрон – жуан дауыстыларды белгілеуде маңызды рөл атқарады. Дауыссыз дыбыстарға қолданылатын белгінің бірі – бревис таңбасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет