88. Басқа тілден енген сөздерді тілімізге бейімдеп қолдану ерекшелігі. Менің түсінігімше кірме сөздер – басқа тілден енген сөздер. Жер бетіндегі халықтардың қай-қайсысында болсын басқа тілден енген сөздер көп кездеседі. Ғ.Қалиев пен Ә.Болғанбаев тіліміздегі кірме сөздерді 4 халықтың тілінен енген сөздер деп топқа бөліп көрсетеді. Олар араб, парсы, моңғол және орыс тілінен енген сөздер. Орта ғасырдың алғашқы кезінен бастап түркі халықтарына араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі жүрген. Қазақ тілінде кірме сөздердің ең көп қорын жасайтын – араб тілі екен. Араб тілінің барлық сөзі кірмесе де, қазақтың тума сөзіндей болып сіңіп, ұзақ өмір сүріп келе жатқан сөзер көп кездесетінін білеміз. Араб сөздері тілімізге үш сала бойынша енген:
1.Мәдениет пен ғылымға, тұрмыстық өмірге байланысты енген сөздер – мектеп, салтанат, әдебиет, емтихан, дұшпан, тәрбие, қабілет т.б.
2.Сауда, үй тұрмысы мен шаруашылық өмірге байланысты – дүкен, қаражат, сарай, несие, құмыра т.б.
3.Дінге байланысты енген сөздер – мешіт, шариғат, имам, айт, құран, намаз т.б.
Моңғол тілінен бізге енген сөздерге тоқталар болсақ жер-су атауларын айта аламыз. Олар: Баянауыл, Зайсан, Тарбағатай, Қатонқарағай, Қордай т.б.
Ал орыс пен қазақ халықтарының қонысы ежелден іргелес болғандықтан ел арасындағы байланыс жақсы дамыған соған байланысты кірме сөздер де өте көп кірген. Орыс халқының кейбір сөздерін өз тілімізге бейімдеп қолданамыз. Мысалы, жәшік(ящик), шайнек(чайник), бөтелке(бутылка), кереует(кровать) тағы да басқа сөздерді өз тілімізге икемдеп қолданып жүргеніміз бар.
89.«Бітік», «көне түрік бітіктер» сөздеріне түсінік беріп, ескерткіштерді атаңыз. «Бітік»- көне түркі тілінен аударғанда «жазу» деген мағынаны беретін сөз. Бүгінгі таңда қолданыста көп болмаса да, өзінің түп тамырына шынайы қызығып, білімпаз болған бүгінгі ұрпақ бір естісе естен шығармайтын, тарихпен астасып жатқан сөз.
Ендігі «Көне түркі бітіктер» сөзінің мәні менен мағынасына келсек, бұл сөз жоғарыда аталған сөздің мағынасын аша түсетін тіркес. «Неге?» десеңіз, кезінде барлық түрік атаулы бір «түрік» атын жамылып, түркітектес қауым болағанда елара жіберілер хат, саяси мәслихаттар сынды ресми актілердің жиынтығын біз бүгінде «Көне түркі бітіктері» деп атаймыз. Олардың басты ерекшеліктері хандардың нұсқаулығындай емес, екі ел ара ғана қозғалған мәселелердің барысында орнатылған байланыс екендігінде. Нақтырақ айтсам, ол жер дауы, елшілік, сауда мәселелерін дипоматиялық яғни бейбіт жолмен шешілу ниетін жеткізген. Осы тұста, Еуропалық ғалымдардың «грамота» деп атап, бітіктерді және хан жарлықтарын жинақтағандарын қоса кетсем.
Бітіктерді жанр ретінде де қарастырған ғалымдар бар. Олардың жазылу стилі де ерекше болған. Сияға алтын ұнтақты араластыра қалың қағазға, тіпті тұтқа яғни жібекке жазылған. Қытай және Орталық Азия елдерінің бітіктері Мысыр елдерінде өндірілген қалың қалың қағазға жазылғаны анықталды. Жазылған мәтін, оның жиектерін әрлеуде қолданылған сиялардың сапасы жоғары болған. Су тию сынды қарапайым сияларды ерітіп жіберетін жайттарға баса назар аударылып, ерімейтін сиялар қолданылғандығынан ереже, мемлекеттік істер маңызы тереңінен түсіндіріледі.
Дешті Қыпшақ заманының жазуы диуани, сүліс жазулары құжатарды хатқа түсіруде қолданылған. Оның да астарында мән бар. Тек таңдаулы бітікші яки қатибтің ғана қолынан келетін өнер есептеліп, салтанаттың және дәулеттіліктің символы болаған.
Көне түркі бітіктеріне мысал ретінде әдебиетімізден де, тарихымыздан да ойып тұрып орын алған «Білге Тонықұққа арналған бітіктастарды» айта аламын. Сыры жұмбақ болып, сан уақыт бойы сақталған Күлтегін жазбалары осы «бітік», «көне түрік бітік» сөздерімен астасып жатыр деп есептеймін.