І нұсқа
Сынның өзін де сынайтын кез жеткен екен, жұрт көптен күткен еді. Сын бар да, сынсымақ бар. Екеуін айыра білу керек. Сын тірлігі қашан да қара қылды қақ жарған әділдік, терең білім, ұстаздық тәсіл, әкелік қамқорлық. Нағыз сын қисықты түзейді, сынсымақ түзудің өзін қисайтады. …Әдебиетшілер тобының бәрінің көксегені – нағыз сын. Бұл мақсатты орындағанда ең ауыр салмақ баспасөз басында отырғандарға, редакцияларға түседі. Өйткені олар – әрі ұйымдастырушы, әрі сарапшы. Жақсы сынның шарапаты, жаман сынның кесапаты баспа бетінде мыңды, баспасыз бірен-саранды ғана шарпиды. Меніңше, жарияланған сын дәрежесі жоғары не төмен болуына, олардың жеке авторларынан бұрын халық алдында редакторлар, редакциялар жауапты. Осы жауаптылық сезім күшейсе, сын да күшейеді. Зады, сын түзелмей, мін түзелмейді.
Сынау оңай көрінгенмен, қиындап барады. Бұрынғы ауыр еңбектің көбін
ғылым-техника жеңілдетті, өнімді етті. Арман, қиялдардың талайы болмысқа айналды. Осылар адамның ойын да, құлық-мінезін де өзгертіп жатыр.
Миллион қолдар, ақыл-өнерлер жасаған дүниені, адамға тән алуан-алуан сыр,
сипаттарды жазушы жалғыз өзі әдебиетте қайта жасап шығады. Сол үшін
ылғи іздену, білім жинау керек. Бұл екеуі жеткілікті болған күнде шығарма
тағдырын талант шешеді.
Ғабиден Мұстафин
1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Зерттеу
В) Хат
С) Өмірбаян
D) Әңгіме
Е) Естелік
2. «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген пікірге сәйкес келетін нақыл сөзді тап:
А) Дос жылатып айтады
B) Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік
C) Сын шын болсын, шын сын болсын
D) Сырғақ – сыншыл
Е) Ақиқат – тәжiрибе сынынан өте алатын нәрсе
3. Мәтін не туралы?
А) Редакторлар
В) Баспагерлер
С) Сыншылар
D) Суретшілер
Е) Әдебиетшілер
4. Мәтінде айтылмаған ойды көрсет.
А) Сынсымақ қисықты түзейді
В) Ауыр еңбектің көбін ғылым-техника жеңілдетті
С) Редакторлар – сарапшылар.
D) Сынау оңай емес
Е) Шығарма тағдырын талант шешеді
Достарыңызбен бөлісу: |