Ўлдан – ўлаєат



бет2/11
Дата20.07.2020
өлшемі74,5 Kb.
#63335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ән: «Анашым»
Мақпал: Ана туралы балада.
Жүргізуші: М.Шахановтың «Төрт ана» өлеңінде айтылғандай, әр адамның өз анасынан басқа төрт анасы болу керек екен: туған жері, туған тілі, салт-дәстүрі және тарихы. Осы төрт асылды қастерлеп, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз.
Бота: М.Шаханов «Төрт ана»

Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқама,

Әр адамда өз анасынан басқа да

Жебеп тұрар, демеп тұрар арқада

Болу керек құдіретті төрт ана.

Туған жері – түп қазығы, айбыны,

Туған тілі – сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және де туған тарихы, еске алуға қаншама,

Ауыр, әрі қасіретті болса да,

Төрт анаға жағдай жасай алмаған

Пенделердің басы қайда қалмаған?

Төрт анасын қорғамаған халықтың,

Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана –

Тағдырыңның тынысы.

Төрт ана үшін болған күрес – күресудің ұлысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет