Ўлдан – ўлаєат


Жүргізуші: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп келесі «Әке мен бала» атты көрінісімізді тамашалаңыздар. Көрініс: «Әке мен бала»



бет4/11
Дата20.07.2020
өлшемі74,5 Kb.
#63335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Жүргізуші: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп келесі «Әке мен бала» атты көрінісімізді тамашалаңыздар.
Көрініс: «Әке мен бала»
Жүргізуші: Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – соларда.
Жасұлан: Әкенің міңез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көрегенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой» - деп мадақтайды.
Айгүл: «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық.
Рахат: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды. Кәмелетке толғанға дейін бойжеткен болашақ отбасы өмірінің басты міндеттерінен сабюақ алады. Ол ерінің аджал жары, ана болу, отбасы беріктігін сақтаушы қызметіне, шаруашылықтың барлық жақтарын игеріп жүргізуге, қонақты лайықты қарсы алуға, туыстарын сыйлап қадірлеуге дайындық тәрбиесі. Көргенді отбасылары қыз баланы «қонақ» деп мәпелеп, қадірлеп өсірген. Қыз баланың тәрбиесіне ең бірінші анасы жауапты болған. Сондықтан қазақ «шешесіне қарап қызын ал» - деген.
Мирлан: Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күннен танып, соған қарай бағыт-бағдар, тәрбие берудің маңызы ерекше. Ата-ана балаларына жақсы тәрбие беруде қоғам алдында жауапты. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы – бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың балаларының өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сезімі және негізді.
Жүргізуші:

Көп жасаған қария, Ата салты – ардақты,

Ақылы теңіз дария. Әрбір сөзі – салмақты.

Көп өнеге сөзі бар Сол сөздерді ұқпасаң,

Сөзі – соқпақ, өзі нәр. Тістерсің бір күн бармақты.

Көрініс «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» сауалнама-әңгіме міз қарт ата мен жас жігіт арасындағы болған әңгіме түрінде өтеді. Яғни, қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.
Көрініс: «Бабалар сөзі – тәрбие көзі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет