Фатима. Қойыңызшы, өзіңізді сонша тұқыртпай.
Сәлима. Қайтемін, шындық – сол. Фатима, қой, доғарайық бұл бітпейтін әңгімені. Кішкене бір жинап тастайық мына жерді. Ал, ертең бара ғой жаңа жұмысыңа. Неғыпты, біздің жолымызға түсе қоймассың. Ақ үйдегі адамдар да өзгерген шығар.
Фатима. Әрине, әрине.
Сәлима. Жақсы жағына өзгерсін, әйтеуір.
Фатима. Сөйткен. Сіз маған жол болсын айтыңыз енді.
Сәлима. Жолың болсын!
Фатима. Рахмет! Бірақ менің сұрап тұрғаным бұл емес, ақыл.
Сәлима. Ақыл, онда не десем екен? Алғаныңа адал бол!
Фатима(күлімсіреп). Түсіндім.
Сәлима. Түсінсең сол, ұрғашының күні – еркекпен. «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» – деген сөз рас. Жүрегім біртүрлі байыз таппай тұрғаны.
Әйелдің таусылмайтын тірлігі басталады. Екеуі столды жинауға кіріседі. Телефон шылдырайды.