Јлдихан Ќалдыбаев


Сәлім. Саған, аға лейтенантқа. Тергеуші



бет183/371
Дата06.02.2022
өлшемі5,93 Mb.
#37241
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   371
Сәлім. Саған, аға лейтенантқа.
Тергеуші. Олай болса, мен сені КПЗ-ға жапқызамын. Жүр, жинал!
Сәлім. Солай ма? Одан да мен біржола түрмеге жатайын. (Сәлім тап береді). Тергеуші шыға жөнеледі. Бәсе, су жүрек, қорқақ! Бар осы тойғаныңмен.
Тергеуші (есікті айқара ашып тұрып, әрі үрейлі, әрі ызалы). Саған керегі полковник екен ғой, күт онда! Сыйлағанды білмедің ғой ақыры, арманыңа жетесің, түрмеге отырасың.
Сәлім (ашудан түтігіп, есікке беттеп). Маған керегі сен! Көрсетейін мен саған! (Есік тарс жабылады, Сәлім кілт тоқтайды). Не істедім мен? Милицияның тергеушісі тұрмақ жау шапса, селт етпейтін қайран жүйкем, жұқарған-ақ екенсің. Сап-сап көңілім, сап! (Терезе алдына барып, бері бұрылып). Бұл қазақ жастарын үлкенді үлкен, кішіні кіші деуге үйрету керек екен қайтадан. Өзімізше елміз, бесігімізді түзейік! Өйтпей оңбаймыз! (Әрі, далаға қарап ойланып тұрып қалады).
Палатаға лейтенант шеніндегі жас офицер Владимир кіреді.
Сәлім (кірген тергеуші екен деп, теріс қарап тұрған қалпы). Лейтенант, жетер енді! Бар, көзіме көрінбей, әйтпесе...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   371




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет