Владимир. Иә, ұялатқан.
Сәлім. Володя, мен қазақ әйеліне үйленсем қайтеді?
Владимир. Үйлен.
Сәлім. Надя екеуің теріс қарап кетпейсіңдер ме?
Владимир. Не деп? Біз бәрін түсінеміз. Мама екеуіңіз енді бізге бірге емес, жеке-жеке қымбатсыздар.
Сәлім. Онда шындап ойланатын әңгіме екен бұл.
Владимир. Папа, Алматыдан қайтарда соғамын мен сізге. Оған дейін жазылыңыз!
Сәлім. Міндетті түрде кел. Екеуміз ауылға, ата-баба жұртына барамыз, нағыз қазақ бола түсесің.
Владимир. Жақсы идея. Мен сіз туған ауылды, оның адамдарын көптен көргім келіп жүр. Сіз айтқан небір ғажап әңгімелер мені көрмессем де ата жұртқа әлдеқашан ғашық еткен.