Сәлім. Надежда – Крупскаяның есімі.
Владимир. Әй, мама!.. Қатырған екен!
Сәлім. Владимир да, Надежда да көсемге құрмет емес, сендерді орыс қылудың амалы екен. Ақыры орыс болып тындыңдар.
Владимир. Надяны қайдам, мен – қазақпын.
Сәлім (елең ете қалып). Шын ба? Рас айтасың ба?
Владимир. Рас айтам. Мен кішкентай кезімнен-ақ өзімнің қазақ екенімді сезіндім. Менің фамилиям мен қаралығым айқайлап айтып тұратын оны. Орыс балалар: «Терісі қара. Қысық көз. Қазақ», – деп кемсітпек болатын. Сол үшін қаншама рет бет-аузымды көгертті десеңізші, папа. Ал, мамам екеуіңіз бізді «қазақ, орыс» – деп бөліске салып ұрысқандарыңызда, мен іштей ылғи сіз жағында болып отыратынмын.
Достарыңызбен бөлісу: |