Райза. Ғажап! Керемет шындық.
Жамал. Сен кішкене тұра тұр, мен сөйлейін. Біздің билік басындағылар мен айтып отырған шаруаны, анығырақ айтқанда, шараны мүлде ойластырып отырған жоқ. Олар бұрынғы мемлекет пен діннің бір-біріне қатысы жоқ деген қасаң қағиданы ұстанады. Жаңағылардай дінді жамылып, елді бүдіріп жүргендер қаптап бара жатқанда дін-бостан деп қарап отыру – ашықауыздық. Мемлекетте бар барлық құрылым, мейлі ол мемлекеттік болсын, мейлі ол қоғамдық болсын, мемлекетке бағынады, мемлекетке тәуелді. Мемлекет олардың барлығының қызметіне бағыт-бағдар беріп, яғни басқарып отыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |