Рауза.Ойбай-ау, сізде жатыр екен ғой әңгіменің бәрі.
Жамал. Енді қалай деп едің? Мемлекетте тұратын жанды, жансыздың барлығы мемлекетке бағынады.
Рауза (сөзін бөліп). Әй, қайдам-ау, қайдам? Алысқа бармай-ақ нан мен жанар-жағармайды-ақ алайық. Бағалары бір тұрақтамайды. Ілкімділер біресе қымбаттатады, біресе арзандатады. Үкіметтегілер: «Біз бағаны ырықтандыра алмаймыз. Қандай бағаға сатады, товар өндірушілердің өздері біледі»,- дейді.
Жамал (разы болып). Дұрыс айтасың. Үкімет халыққа емес, ілкімділерге жұмыс істейді. Әрине, тегін істемейді.
Рауза (Жұлып алғандай). Сонда не, пара ала ма?
Жамал(басалқалы). Кім білген? Олай деуге ауыз бармайды. Жекелеген парақор үкіметте де бар шығар, Бүкіл үкімет парақор болуы мүмкін емес. Мұнда бір үйлесімсіздік бар, меніңше, әлі-ақ үкімет кеңес заманындағыдай барлық билікті өз қолына алатын болады. Сонда баға да, басқа да ретке келеді.
Рауза.Ертерек сөйтсе екен.
Жамал. Сен асықпа. Біздің Президентіміз бәрін асықпай, байыппен істейді. Әлі-ақ көресің, Нұрсұлтан аман болса, ауа жайылған ілкімділер де, ынжық үкімет те жөнін табады.