Алқамбай.Кім білген, мүмкін.
Рауза. Мүмкін емес, солай. Ардагерлердің бәрі - жағымпаз.
Оң жақ бүйірден құндақтаулы бала көтерген жас әйел шығып, жақындай береді.
Жас әйел. Сәлематсыздар ма? Сапар ағай қай кірмеде тұрады?
Жамал. Ана, арғы кірмеде.
Жас әйел. Рахмет!
Жас әйел Ұлтуғандардың кірмесіне кіріп кетеді.
Алқамбай. Рауза, сен ардагерлердің бәрі жағымпаз дедің бе осы, өйтіп көпке күл шашпаңдар Жамал екеуің. Ардагерлер де адам. Ал, адам – алуан мінезді. Жақсы да, жаман да, менмен де, жағымпаз да бар арамызда. Ойлап қарасам, ардагерлерді жаппай жағымпаз қылған – бұрынғы әкім. Ол анда-санда ардагерлерді жинап алып, «Ақыл айтыңыздар, ақсақалдар», – деп күлімдейтін. Адамның бәрі ақылды емес, әкім сұрап отырған соң, біреу ананы айтады, біреу мынаны айтады, шындықты айтуға дәті шыдамайды, бұлаңдаған түлкі болады. Теледидар, газет деген өсекшілер оның бәрін елге жаяды. Әкім өзін мақтатқанға масаттанады, ардагерлер жүнжіп ұнжырғасы түседі, халық оларды жағымпаз деп жиіркенеді. Бар шындық – осы.