Рауза. Сонда да шектен шығуға болмас.
Жамал. Рауза Оразғалиевна, қайтесің бұл сөзді жаңғыртып, бағана өзіміз әжептеуір әңгіме етіп едік қой.
Кірмеден жас әйел шығады, қолындағы бала жоқ, төмен қараған күйі ұзай береді.
Рауза (таңданып). Ой, мына қатынның баласы қайда?
Жамал. Ит біліп пе? Тез шықты ғой өзі.
Жамал айтып аузын жиғанша кірмеден қолына жаңағы құндақтаулы баланы ұстаған Ұлтуған шығады.
Ұлтуған (асып-сасып). Алқамбай, мына баланың шешесі қайда? Құдайым – ау, бұл не сұмдық?!
Жамал. Ой-бү-үй, жаңағы сорлы қар баласын тастап кетіпті ғой!
Рауза. Бәсе, жерге қараған күйі зытып еді. Ол қатын: «Сапар ағай қай кірмеде тұрады?» деп сұраған.
Ұлтуған. Мұндай жас баласы бар әйелді білмейміз біз. Енді қайттім?
Достарыңызбен бөлісу: |