Әкім. Сөз-ақ!
Генерал. Биліктің сіз сияқты ұшар басындағылар ешқашан пара сұрамайды, оларға бағыныштылардың өздері әкеліп береді. Әкімдеріңіздің тәжірибесі жоқ екен, әйтпесе, біреуі сізге жақындай беріп, «Өй, қой» – дегеніңізге қарамай, пакетті суырмаңызға сүңгітіп жібермей ме. Сонда сіз қарныңыз тиіп тұрған суырмаға пара салынғанын білмегенсіп, күлімсіреп отыра берер едіңіз.
Әкім(күлерін де, ашуланарын да білмей). Пара ал, деп отырған құқық қорғаушыларды да көретін күн бар екен-ау, қап! Сен де бар прокурордың қасына. Ойланыңдар сәл-пәл, содан соң сөйлесеміз.
Генерал (бар пейілімен). Шын айтам, сіздің бұл әңгімені жылы жауып қойғаныңыз жөн. Қойыңыз.