Әкім. Олар қайдан біледі сіз айтпасаңыз?
Қордабаев. Менің мұндайды ешкімге айтпайтынымды сіз білсеңіз керек еді. Прокурор мен генерал мұндай әңгімені бізден бұрын естиді. Олар енді осы түйін шешілгенше тыным таппайды.
Әкім.Мейлі, білсін, барсын, біз де барамыз.
Қордабаев. Онда мен кабинетіме кіріп шығайын.
Әкім. Сөйтіңіз. (Қордабаев шығып кетеді. Әкім орнынан тұрып барып, бұрыштағы сейфті ашып, қолына екі бүйірі тоқ папка алып, ұстап тұрып). Ерік Көбенович, міне, сіздің құныңыз!
Сегізінші көрініс
Әуежай басы. Прокурор Сансызбаев пен генерал Ахметов сөйлесіп тұр. Әріден диктордың ұшақтардың рейстерін хабарлаған дауыстары естіліп жатыр.