Күнімбала.Бәрі болсын, бірақ бақыт жоқ.
Өтелбай. Содан бақытты болатын жерді Меккені үш айналсаң да таба алмайсың.
Ақбөпе (ақырын басын көтеріп). Көке, апа, мен үшін ұрсып-таласпай-ақ қойыңыздар. Мен сіздерді әуре-сарсаңға түсірейін деп ойлаған жоқ едім, өзіме өзім өкінгеннен басқа не амал бар енді?
Өтелбай.Өкінбе, қызым, өмірің алда.
Өтелбай шығып кетеді.
Күнімбала (жігерлі). Әкеңе ренжіме, айналайын! Ол қайдан түсінсін әйел жанын? Сауытбек бір амалын ойластырар.
Ақбөпе. Сауытбектің «Келемін»,-деген күні өтіп кетті. Төрт күн өтті, жоқ. Тантайлар енді күте ме?
Күнімбала. Күтпейді.
Қойшы бала Солтай кіреді.